Терроризмге қарсы қорғаныс: нақты алгоритмдер және жеке жауапкершілік
2026 жылдың 28 сәуірінде А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-да «АлЭС» АҚ Қауіпсіздік басқармасы жұмыс керлерінің ұйымдастыруымен электр энергетикасы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалу мәселелеріне арналған арнайы сабақ өткізілді. Оған бөлімшелердің 50 басшысы – атап айтқанда, өндірістегі қауіпсіздік пен үдерістердің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты тұлғалар қатысты.

Оқытуды әскери істер магистрі, Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясының подполковнигі Дәурен Заурбеков жүргізді. Басты назарда – қауіп-қатерлердің алдын алу, алдын алу жұмыстарын жүргізу және персоналдың тосын жағдайлардың туындауы кезіндегі іс-қимылының нақты алгоритмдері.

– Қауіпсіздік туралы сөз болып жатқан кезде маңыздылығы төмен қосалқы сипаттағы нәрсе болмайды. Қандай сигналдарды елемеуге болмайтынын және оларға қатысты қаншалықты жылдам әрекет ету керектігін түсіну маңызды, – деп атап өтті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО Директорының қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Асқар Сұлтанов.
Сабақ барысында заңнама талаптары, қолжетімділікті бақылау және объектішілік режимді сақтау мәселелері, сондай-ақ уәкілетті органдармен өзара іс-әрекет жасау тәртібі егжей-тегжейлі қаралды.
– Мұндай сабақтар білімді құрылымдайды. Дағдарыстық жағдайда кім және не үшін жауап беретінін нақты түсіну бар, – деп атап өтті Қауіпсіздік басқармасының бас менеджері Талғат Таласбаев.

Ерекше назар қызметкерлердің қырағылығын арттыруға және ықтимал қауіп белгілерін дер кезінде анықтауға аударылды. Кездесу форматы нақты сценарийлерді және персоналдың қауіп-қатер жағдайындағы іс-қимылдарын талқылауға мүмкіндік берді.
– Бастысы – осыны әр қызметкерге жеткізу. Жалпы тәртіп пен мұқияттылық болмаған жерде жүйе жұмыс істемейді, – деп қосты «Энергожөндеу» ӨЖК АҚ және ТЖ қызметінің бастығы Қанат Құсманов.
Сабақ қорытындысы бойынша басшыларға бөлімшелерде түсіндіру жұмыстарын күшейту және персоналдың ықтимал қауіп жағдайларында әрекет етуге тұрақты әзір болуын қамтамасыз ету тапсырылды. Қосымша түрде өндірістік департаменттер қызметкерлері үшін нұсқама өткізу жоспарланды.

«АлЭС» АҚ-да атап өтілгендей, өндірістік объектілердің сенімділігі адамдардың даярлық деңгейіне тікелей байланысты, ал қауіпсіздік бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізу компанияның негізгі басымдығы болып қала береді.