«Тазарту күні»: АлЭС экологиялық науқаны
Артқа
23.03.2025

«Тазарту күні»: АлЭС экологиялық науқаны

Көктем – жаңару уақыты. Бірақ табиғаттың жандануы үшін күннің жылуы жеткіліксіз. Сондықтан оған қосымша адамның қолдары, жүрегі мен санасы қажет. Наурыз айының алғашқы күндерінде «АлЭС» АҚ қызметкерлері өткізген «Тазарту күні» экологиялық науқаны осыған арналды. Қоғамның 320-дан астам қызметкері өздерінің өндірістік департаменттерін, іргелес аумақтарын тазарту және экологиялық немқұрайлыққа жол бермейтін болашаққа қадам жасау мақсатында бірігіп, 35 тоннадан астам қалдықтарды жинап шықты.

Жыл сайын Қазақстан 4,5 миллион тонна тұрмыстық қалдықтарды «өндіреді» – бұл барлық тіршілікті басып, өсіп келе жатқан тау сияқты. Бірақ «АлЭС» АҚ-ның пайымдауынша, тіпті бір сұрыпталған батарея немесе бір килограмм макулатура – бұл өмірге қосқан үлес сиақты.

«Қалдықтарды бөлектеп жинау – бұл жай қағаз, пластик немесе шыны контейнерлері ғана емес. Бұл: «Біздің өзіміздің артымыздан қалатын қалдықтар үшін жауапкершілігіміз», – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Давыдова Лена.

Компанияның өндірістік департаменттерінде бірнеше жылдан бері бөлектеп жинау жүйесі енгізілген. Осы нәтижелердің арқасында:

– топырақтың ластануы төмендеп жатыр, яғни жерге аз токсиндер түсуде;
– ресурстар үнемделіп жатыр, яғни қайта өңделген қағаздар – ағаштарды сақтап, ал пластмассадан жасалған қайта өңделетін заттар – мұнайды алмастыруда;
– таза ауа пайда болып жатыр, яғни полигондарға шығарылатын қоқыстардың аздығының арқасында, зиянды шығарындылардың да азайғандығы байқалып жатыр.

Бірақ ең бастысы – ол адамдар. Контейнерлердің жанынан өтіп бара жатып қағазды ортақ бактың емес, арнайы бактың ішіне тастау үшін бір секундқа ойланып тоқтайтындар. Олардың бүгінгі таңдауы – ертең балаларының дем алатын ауасы деп түсінетіндер.

«Тазарту күні» – үлкен мозаиканың бір бөлігі ғана. 2024 жылы компания қызметкерлері «Өткелді өзенін», «Бутаков шатқалын» қоқыстан тазалап, батареяларды жинап, пластиктен бас тартып, эко-сөмкелердің пайдасына қарай бет бұрған. Әрбір өткен науқан – немқұрайлылық тасын қайрайтын тамшы тәрізді.

– «Өзенді тазартып жатып, біз балалар ойыншығын, яғни тозығы жеткен – қыжым аюды таптық. Біреу оны қажетсіз нәрсе сияқты лақтырып жіберген екен. Бірақ табиғат – ол қоқыс тастайтын жер емес. Біз өзен жағасына тазалықты, ал өзімізге кішкентай іс-әрекеттің өзі өте маңызды іс деген түсінікті қайтардық» – дейді А.Жақұтова атындағы 2-ЖЭО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Досхожаева Әлия. Қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев өз кітабында.

«Қазақстанның экологиялық мәселелері – бұл болашақтың астында жатқан тықылдаған «бомба» сиақты деп қауіп қоңырауын соғуда. «Біз бәріміз бір қайықта жүзіп келеміз», – деп жазады автор. Ал, АлЭС қызметкерлері болса, қолдан келгенше, осы қайықты ұстап тұруға тырысуда.

– Мен науқаннан кейін балама: «Сен үшін таза планета деген не?» – деген сұрақ қойдым. Ол маған: «Құстардың пакеттерде оралып қалмауы, ал өзіміз өзеннен таза су іше алатындығымыз» – деп жауап берді. Балалар мұны бізден де жақсы түсінеді. Сондықтан, біздің ең басты міндетіміз – олардың сенімдерін ақтау», – дейді «Тазарту күні» қатысушыларының бірі Наталья Митусова.

Экология – бұл дерексіз ұғым емес. Бұл біздің әрқайсымыздың таңдауымыз, яғни:

– дүкендегі пластик пакеттерден бас тартсақ;
– батареяны тамақ қалдықтарының ішіне тастамай, арнайы пунктерге тапсырсақ;
– тек өз үйіңді ғана емес, сонымен қатар пикниктен кейін орманды тазаласақ, нұр үстіне нұр жауар еді.

Біз Жердің иесі емеспіз, біз тек оның қонағымыз. Жақсы қонақтар сиақты, артымыздан кейін тазалықты сақтап жүруіміз қажет, – деп АлЭС қызметкерлері жеткізді.

Науқан аяқталғанымен, оның мәні: тазалық кішкентайдан басталады деген ұғыммен қалуда. Ол жеке бір адамның, яғни: «Ертең кеш болмас үшін мен бүгін не істей аламын?» – деген шешіміне байланысты.

«Тазарту күні» тек тазалық күні ғана емес, сонымен қатар, табиғат – ол біздің ортақ үйіміз екенін еске түсіретін күн болсын. Оның қабырғалары біздің көргіміз келетін аспан сиақты – көгілдір, ал оның іргетасы өзіміз міндетті түрде тірі сақтап қалатын – жер сиақты болсын.