Тауды бағындырушылар. Жел, жаңбыр және қар арқылы
Артқа
17.10.2024

Тауды бағындырушылар. Жел, жаңбыр және қар арқылы

АлЭС, АЖК, ҚТЖ және QazaqGaz компанияларының атынан сегіз альпинистер тобы 12 қазанда Үлкен Алматы шыңына шықты. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 3680 метрді құрайды. Іле Алатауының осы шыңының үлкен танымалдылығы мен қолжетімділігінің салыстырмалы жеңілдігіне қарамастан, қазан айындағы ауа-райы альпинистер үшін ең жақсы «саяхатшы» емес. Дегенмен, әр маусымның өзіндік тартымдылығы бар. Әсіресе осындай биіктікте…

Бұл жолы өрлеу тобында Алматы электр станциялары атынан үш энергетик қатысты.

«Біз бірнеше нұсқалардың ішінен Үлкен Алматы шыңын таңдап шығуды шештік. ҮАШ – Алматының тамаша көрінісін ашатын жотаның ең сәнді шыңдарының бірі», – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бу турбиналарын басқарудың орталық жылу басқару қалқанының машинисі Айдос Мәсіралиев. – Жаңбырлы ауа райына қарамастан, біз жігіттермен алға қойған мақсатымыздан бас тартпауды жөн көрдік. Топ таңғы 6-да жолға шықты. Экопостқа, одан Үлкен Алматы көлі арқылы Ғарыш станциясына жеттік. Содан кейін оңай болды – біз шешуші қадамдармен Үлкен Алматы шыңының өзіне жеттік. Жолымызда қатты жел, жаңбыр мен қар болды, бірақ қиындықтарға қарамастан, біз мақсатымызға жеттік! Біз осы шыңда екі сағатқа жуық ұмытылмас уақытты өткіздік, оның биіктігінен туған жеріміздің барлық сұлулығын тамашаладық».

Альпинистер тобының құрамында Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Жөндеулер қызметінің бастығы, «АлЭС» АҚ «Жарқын болашақ» жастар ұйымының төрағасы Әсет Әмірбеков болды. Ол көптен бері
тауға шықпағанын, бірақ Үлкен Алматы шыңына шығуды армандағанын айтады. Ал бұл жолы арманымды орындау туралы шешім қабылдадым.

«Мені әріптесіміз Айдос Мәсіралиевтің тауға серуендеуге деген құштарлығы қатты шабыттандырды. Сірә, шынында да адамға өз ортасы, ержүрек адамдардың өнегесі әсер етеді. Біз басқалардан көретін, бізді шын жүректен таңдандыратын ең жақсы нәрсені жасауға тырысамыз. Мен осылай ойланып қалдым да, ҮАШ-қа шығуды шештім», – дейді Әсет. – Жалпы, Үлкен Алматы шыңына саяхат мені қатты серпілтіп тастады, қаланың күйбең тіршлігінен, күн тәртібінен алыстатты. Мен өмірде көп нәрсені табиғатпен бірге қайта қарауға болатынын түсіндім.

Сонымен, Крис Бэйлидің «Гиперфокус: Мен аз уақытта көп жұмыс істеуді қалай үйрендім» кітабын оқығаннан кейін мен өз идеяларым мен ойларымды дәптерге жазып алуды жақсы әдетке айналдырдым. Бірақ тауда ой мен идея басқаша келеді, байқадым. Мен бұған өте қуаныштымын, өйткені біз көңілді энергия зарядын алдық және көзқарасымызды өзгерттік. Ал сыйлық ретінде – 3680 метр биіктіктегі ҮАШ шыңына жету және естелік ретінде өте керемет фотосуреттер! Біздің сапарларымыз жалғасады деп ойлаймын. Бізге қосылған жаңа туристерді қуана қарсы аламыз. Біз сондай-ақ өз әрекеттеріміз арқылы әріптестерімізді ынталандырып, олар үшін жаңа хобби ашқымыз келеді».

Сондай-ақ Әсет Әмірбеков альпинистер тобында жаңа чаттың ашылғандығын атап өтті, онда жаңа сапарлар жоспарланып, пікір алмасып, кеңес беретінін айтты. Және оған барл ниет білдірушілер қосыла алады.

АлЭС атынан шыңға көтерілген альпинистердің арасында БЖК кадрлар бөлімінің бастығы Ақерке Иембергенова да болды. Ол көптен бері тәжірибесі бар тау тұлғасы, Алматының талай шыңдарын бағындырғанымен, Үлкен Алматы шыңы оның жан дүниесіне ерекше батқанын айтады.

«Мен ҮАШ-қа үшінші рет көтерілдім. Бірақ мен мұндай керемет көріністі бірінші рет көріп тұрмын. Мен әдетте жазда баратынмын, бірақ қалың бұлт пен қар көп болған кезде осында келуді көптен армандадым», – дейді Ақерке. – Мен өз сұрақтарыма жауап іздегенде, апта қиынға түскен кезде немесе қарбаластан үзіліс алғым келгенде тауға шыққанды ұнатамын. Орнымнан тұрғанда, қиын кезде мен оны өмірімнің қиындықтары ретінде елестетемін. Ал мен шыңға жеткенде, мен оны өзімді жеңгенім, қорқынышым мен қиындықтарымды жеңгенім деп қабылдаймын. Ал мен көптеген сұрақтарыма дәл осы тауда жауап аламын.

Білесіз бе, төбеден көрген сұлулықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен өзімді көкте жүргендей сезінемін. Мұны қаламыздың әрбір тұрғыны көруі керек. Жаяу серуендеу кезінде мен демалып, толығымен қайта қалпыма келемін. Менің компаниямда белсенді демалысты жақсы көретін пікірлес адамдар жұмыс істейтініне өте қуаныштымын».

Қазірдің өзінде қалыптасқан дәстүр бойынша алматылық энергетиктер Үлкен Алматы шыңының басына өз кәсіпорнының туын желбіретті. Олар келесі шыңның қандай болатынын әзірге айтпады. Бірақ көп ұзамай Алматы төңірегіндегі Іле Алатауы тауларында «АлЭС» АҚ туы желбірмейтін шыңдар қалмайтыны даусыз.