Тарих жолдары: Сергей Михайлович СКВОРЦОВ, зейнеткер, бұрыңғы ӨТБ бастығы

Тарих жолдары: Сергей Михайлович СКВОРЦОВ, зейнеткер, бұрыңғы ӨТБ бастығы

«1979 жылдың ақпанында мен 1-ЖЭО-ға турбиналық цехқа кезекші слесарь болып жұмысқа тұрдым. Менің Павлодар индустриалды институтында «электрстанциялары» мамандығы бойынша игерген үш курстық білімім болды. Сол тұста В.В.Храпунов бастық етін, оның орынбасары Владимир Иванович Седловский болды. Ал Хамит Рахимович Мамырбеков пен Владимир Иванович Овчинников менің тәлімгерлерім еді.

1-ЖЭО-ға келгенімде, шашырайтын бассейнмен аз қуатты турбиналар болғаны есімде. Турбиналардың жұмыс істеуі үшін конденсатордағы буды үнемі салқындату қажет болатын. Жылы су турбиналардан шығып, түтіктер арқылы коллекторларға жіберілетін. Олар кішкентай су бұрқақтар жасап, шашыраған кезде су буланып, салқындайтын …

Ол кезде автоматтандыру болған жоқ, сол себепті менің кезекші слесарь ретіндегі міндетім жабдықты кішігірім жөндеуден өткізу болды. Бұл негізінен сорғы мойынтіректерінің жұмысын тексеру, майлауды ауыстыру, тығыздағыштарды тарту болды. Сондай-ақ, менің міндетім су ағынын клапанмен дроссельдеу, турбина машинисімен және химцехпен байланысу болды. Оларға су жеткілікті болуы үшін судың мөлшерін де, қысымын да 1,6 атмосферадан аспауын қадағалау болды. Қысымның жоғарылауын болдырмау өте маңызды болды, әйтпесе конденсаторлардың жарылуы мүмкін еді. Бізде ондай да болатын …

Көп ұзамаймен қараушы лауазымына емтихан тапсырып, орталық жылу қалқаны турбиналарының машинисі болдым. Бұл жұмыс маған қызықты болды. Тіпті, әлеуметтік жарыстың қорытындысы бойынша маған «Үздік турбина машинисі» ауыспалы қызыл ту берілді. Сол жылдары мен үнемі ізденіп, оқып, басқа лауазымдарға қосымша емтихан тапсырдым.

Содан кейін мені аға машинист етіп ауыстырды, осы кезде Павлодар индустриялық институтынан Алматы энергетикалық институтына ауысып, оқуымды жалғастырдым. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ауысым бастығы етіп тағайындалдым, осыдан кейін турбиналық цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, ал біраз уақыттан кейін ӨТБ бастығының орынбасары етіп ауыстырды. 90-жылдардың соңында ӨТБ-дан Баптау және табиғатты қорғау цехы бөлініп, оған режимдік топпен табиғатты қорғау тобы кірді.

Маған ісжүзінде көп нәрсені үйренуге тура келді. Әсіресе, қандай да бір төтенше жағдайлар орын алғанда тәжірибе көптеп жиналды. Бірде, түнгі ауысымда химиктер тұзсыздандырылған су бактарын тексеріп жүріп, өздерінен 50 метр қашықтықта – 35кВ тарату құрылғысынан ұшқын шашылғанын көрді. Ол туралы дереу бастық Хамит Рахимович Мамырбековке хабар берілді. Мен ол кезде аға машинист едім, біздің кабинет сол жерге ең жақын етін, сондықтан мені төтенше жағдай орнына жіберді. Мен жүгіріп барсам, ұшқындар күшейіпті. Ол кезде құрылғылар майлы болатын, егер қосымша от көзі болса,онда құрылғының өзі жанып, жарылу қаупі мүмкін болатын.

Осыны білген соң, шапшаң қимылға кірістім, забордан асып түсіп, жейдемді шештім де жерге түскен ұшқындарды ұрып сөндіре бастадым. Мен Көзімнің қырымен маған қарай электр цехыныңауысым бастығының зигзагтап жүгіріп келе жатқанын аңғардым. Белгілі болғандай, Х.Р. Мамырбеков ауысым бастығына қоңырау шалып, ТЖ орнына кімнің жіберілгенін сұрапты. Мені жақсы білетін ол: «оның қоршаудан асып түсіп, ұшқындарды сөндіре бастайтынын білемін» депті. Ол жердің кернеуі 35кВ болатын. Ауысым бастығының зигзаг жолмен жүгірген себебі сол екен, оқшауланған жерге аяқбасып, қауіпсіз жолмен жүгіріп жетуге асыққан. Ментұрғанжер аса қауіптіболды, әрине жалпыбәрі жақсы аяқталды,бірақсодан кейін маған «мәскімді» танытты» деп есіне алады Сергей Михайлович.

Менің бұған ренжідім, себебі: сол кездеқандай да бір өртті жоюға қатысқандардың барлығына баянат бойынша үш күн демалыс берілетін. Алайда маған айтқаны: «әрине, саған үш күн демалыс беруге құқығымыз бар, бірақ сен қауіпсіздік ережелерін бұздың! Сол себепті ешқандай демалыс жоқ деді».

Бұдан бөлек күлкілі жағдайлар да болды. Бірде бізге журналист келді. Цех бастығы маған сұхбат беретінімді айтты. Алайда журналист мені айналып – айналып, кетіп қалды. Содан кейін цех бастығы маған баспа сөзге сақалдыларды суретке түсірмейтінін түсіндірді – менің сақалым болды. Бірақ соңында мақала жарық көрді. Бірақ фотосуреттеменің сақалды түрім ғана емес, менің дублерім-әйел – қараушы болды.

Мен тарихы бар жұмыс істеп тұрған станцияға жұмыс істеуге келдім, оның негізгі генераторлық жабдықтары енгізілген етін. Дегенмен, ЖЭО-ның дамуы жалғасты: оның кейбір компоненттері өзгерді. Мен ӨТБ бастығы болып жұмыс істеген кезде соңғы су жылыту қазандықтары енгізілді, сонымен қатар ПТ-60 турбиналарында дірілді бақылау қондырғысы орнатылды.

Іс жүзінде, дірілдің жоғарылауы жағдайында мойынтіректер бұзылады, егер сіз ештеңе жасамасаңыз, онда бүкіл турбина құлап кетуі мүмкін. Яғни, жабдықтың өнімділігімен қауіпсіздігін үнемі бақылап, сақтап отырдық. Мұны 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында жасау қиынырақ болды.

25 МВт №8 турбинаның пайдалану мерзімі аяқталғанда, есімде, мен министрлікке оны қуаттан шығаруға өтініш беру үшін құжаттар жинадым. Біз рұқсат алдық, бірақ қаржыландыруда қиындықтар туындады. Сондықтан біз турбинаны пайдаланудан шығарған жоқпыз, өйткені жаңасын саты пала алмадық. Біраз уақыттан кейін олар Харьков турбогенератор зауытында қолайлы турбинаны сатып алды. Ескі турбина да бу ағынының реттелуі дроссельді болса, онда жаңа турбинада ол саптамалы, яғни турбинаның тиімділігін шамамен 1%-ға арттыратын анағұрлым тиімдірек болды.

Көп ұзамай мемлекет кәсіпорындарда зиянды заттардың шығарылуын бақылау міндетін қойды. Олардың көлемін азайту үшін біздің мамандар Қазбаптау инженерлерімен бірге бірегей эмульгаторлар жасады. Бұл топта инженер Александр Панарин, ӨТБ бастығының орынбасары Анатолий Васильевич Тимченко болды. Олардың идеясының арқасында эмульгаторлар өте жақсы жұмыс істей бастады.

Өндірістік-техникалық бөлімде жұмыс істей отырып, мен демалыс күндері өткізілетін жаңа күл тұтқы қондырғыларды сынауға қатыстым. Енді оларды тексеру оңай болды – зондты түсіріп, қанша шаң жиналғанын анықтадық. Бірақ бұл бұрын көп уақытты қажет ететін процесс болды. Мен арнайы грушамен күлжинап, тұнбаны өлшеп, ұстау дәрежесін анықтауым керек болды. Біз бұл процедураларды әр қазандықты жөндеу аяқталғаннан кейін жасадық.

Соңғы екі эмульгатор №8 және №9 қазандықтарға орнатылды. Біз бұл жобаларды экологтармен үйлестірдік. Олар ЖЭО-ға өз жабдықтарымен эмульгаторларды орнату аяқталғаннан кейін келіп, бізбен қатар сынақтар жүргізді. Содан кейін эмульгатор жинаған күлді күл үйіндісіне айдау керек болды. Бірақ алынған пульпаабразивті бөлшектермен болды, ал багерлік сорғылармен айдауда оларды зақымдауы мүмкін етін. Егер күл сорғы корпусына және білікке күл түссе, онда аталғандар тез тозатын болды. Сорғыұзақ жұмыс істеуі үшін оған таза, тіпті ауызсуы беріледі.

Күл суағынымен күл үйіндісіне кетеді, бірақ су жоғалып кетпес үшін оны қайтадан сорып алады. Процестің тиімділігін арттыру үшін Анатолий Васильевич Тимченко екеуміз қиыршық тас сүзгісін орнатуды ойластырдық. Сол кезде бізде ауыз су шығынын азайту міндеті тұрды, өйткені су бағасы қымбат болды. Тимченко екеуміз қолда бар сүзгілерді зерттедік, содан кейін жаңа сүзгілерді шығаратын сызбаларымызды ұсындық. Олар кері жууды қамтамасыз етті. Содан кейін екі сүзгі орнатылды. Біз кері сорған суды сүзгіден кейін пайдалануды ұсындық – бұл сағатына шамамен 50 текше метр. Қазір сүзгілер де және сорғылар да жұмыс істеп тұр.

Ірі кәсіпорындарда әрдайым күн тәртібінде процестерді жақсарту, оңтайландыру міндеті тұрады. Мысалы, станцияда әрқашан бумен таза су шығыны болады. Рұқсат етілгені – шамамен 2%, бірақ егер барлық басқа процестер ескерілсе, онда шығындар 5-6% жетуі мүмкін. Осыны қалпына келтіру керек. Ол үшін станцияда жобалау кезінде тұзсыздандыру қондырғысы жасалады. Ол 1-ЖЭО – де болды және өте үлкен болды. Бірақ бұл қондырғыны қалпына келтіру үшін күкірт қышқылымен каустикалық сілтіні қолданды. Біз кері осмос қондырғысының арқасында шығындарды бірнеше есе азайтып, тұтынылатын қышқыл мен сілтінің мөлшерін азайттық.

Кері осмос жобалық қондырғысында – бұл химиялық тұзсыздандыру процесі, ал біздің қондырғымызда физикалық процесс. Бейнелеп айтқанда, біздің осмос – бұл өте кішкентай тесіктері бар пластикалық табақ. Ол арқылы су өтеді. Бірақ оның құрамындағы тұздар осы тесіктерден үлкен болғандықтан, олар пластинамен ұсталады, ал құрылғы арқылы тек таза су өтеді.

Бізге көптеген қалыптан тыс мәселелерді шешуімізге тура келді. Мысалы, 2000 жылдардың басында №9 турбинада қатты діріл пайда болған кезде, біз Санкт-Петербургтегі Б.Е. Веденеев атындағы БГҒЗИ мамандарын шақырдық. Олар өз аспаптарымен келіп, іргетасты тексеріп, кейбір жерлерде қуыстарды тапты. Шешім қарапайым болды: кішкене бұрғылап, оларға цемент құю керек болды.

Жұмыстың әр учаскесінде өзіндік ерекшеліктері, өзіндік құпиялары болды. Мен турбина цехы бастығының орынбасары болған кезім есімде, мен химиялық цехтың зертханашысынан емтихан қабылдаған инспекцияға келдім. Тек кірген бойда емтихан тоқтатылды. Себебі менің лауазымым бойынша білуім керек емес ақпарат бар болатын. Содан кейін мен ӨТБ бастығының орынбасары болған кезімде, мен олардың мұны не үшін жасағанын түсіндім. Химия цехы – бөгде адамдар бола алмайтын қымбат,қауіпті өндіріс.

Энергетика – қиын мамандық, бірақ ол сені бірден жібермейді. Менің зейнеткерлік жасым келгенде, мен компанияда тағы үш жыл жұмыс істедім, оның ішінде бірнеше ай бойы ӨТБ бастығы болдым. Менің орныма Айбек Шаяхметов келді. Бөлімдемен бірге жұмыс істеген көптеген мамандар қалды. Бірде, біз барлық энергетиктер үшін маңызды күн – ГОЭЛРОНЫҢ 100 жылдығына орай кездестік және олар мені «Ұстаз!» деп қарсы алды. Мен: «қандай ұстазбын, сіздерге бірдеңе үйреттім бе?!» дедім. Олар болса:«Әрине!Сізге бір сұрақпен келгенімізде, сіз жауап ретінде бізге үш сұрақ қоятынсыз!». Тағы бір әріптесім: «әрине, сіздің үш сұрағыңызға жауап табу барысында өз сұрағымызға жауап табатынбыз!» дегені бар. Бұл шәкірттерім мен әріптестерімнің керемет сыйы!

Қызмет жылдарында басқа да марапаттарым болды: 2020 жылы ГОЭЛРОНЫҢ 100 жылдығына орай маған ресейлік және қазақстандық естелік медальдар берілгеніне өте қуаныштымын. 50-ші жылға дейін басталған барлық энергетика ГОЭЛРОНЫҢ жоспары бойынша салынып, дамығанын білетіндер аз. Біз сол істі жалғастырдық …