Тарифті көтеру мәселесі бойынша
«АлЭС» АҚ-ның электр энергиясына қолданыстағы тарифі оны өндіруге кеткен шығынды өтемейді
Компанияның ағымдағы шекті тарифі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы бұйрығымен 11,19 теңге/кВт/сағ мөлшерінде бекітілген. Алайда, электр энергиясына бұл тариф оны өндіруге жұмсалған шығындарды өтеуді және электр энергиясын өндіретін және өткізетін электр станцияларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етпейді.
Электр энергиясын өндіруге кететін шығындардың өсуінің негізгі факторлары:
1) жанармай мен оны тасымалдау бағасының өсуі;
2) материалдардың (электр, жоғары вольтты, төмен вольтты, іске қосу жабдықтары, қосалқы бөлшектер) бағасының өсуі;
3) күрделі жабдықтардың тозуының жоғары деңгейі – 78,7%;
4) жөндеуге кететін шығындардың өсуі;
5) техникалық жөнелту, электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге тарифтерді көтеру;
6) біліктілігі жоғары (жоғары ақы төленетін) мамандарды тарту және кадрлардың кетуіне жол бермеу үшін «АлЭС» АҚ қызметкерлерінің еңбек ақысын арттыру.
– Әлемдегі геосаяси жағдай, инфляция, отынның (газ, көмір, мазут), оларды тасымалдау, шикізат пен материалдар бағасының өсуі энергия өндіруші ұйымдарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражаттың жеткіліксіз болуына әкеп соқты; күл үйінділерін салу және негізгі қорларды реконструкциялау, жаңғырту, кеңейту және жаңарту жұмыстарын жүргізу – «АлЭС» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Әсел Арғынбаева.
2023 жылға арналған электр энергиясына шекті тарифтің деңгейін арттырудың кезек күттірмейтін қажеттілігі бар.