Таныс болыңыз: Қапшағай ГЭС-інің ең көне «қызметкері» – Ива талы
Артқа
09.07.2026

Таныс болыңыз: Қапшағай ГЭС-інің ең көне «қызметкері» – Ива талы

Кәсіпорын тарихын ардагерлердің естелігі, мұрағаттағы фотосуреттер мен құжаттар арқылы білетін қызметкерлер бар. Ал оны өз көзімен көргендер де бар. Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інің негізгі кіреберісінің алдында 56 жылдан бері станцияның құрдасы – Ива талы өсіп тұр.

Оның жуан діңі бір адамның құшағына сыймайтындай болғалы қашан. Бүгінде діңінің жуандығы алты метрге жетеді. Осы ондаған жыл ішінде ағаш талай қатты желге төтеп берді. Дауылдар бұтағын сындырып, мықтылығын сынаса да, тал әр көктем сайын жас жапырақ жайып, нағыз күштің төтеп беруде екенін еске салатындай.

Осы жылдар ішінде оның жайқалған саясында энергетиктердің бірнеше буыны ауысты. Мұнда кездесулер белгіленіп, жұмыс мәселелері талқыланды, ауысымнан соң тынығып, жаздың аптап ыстығында бірнеше минут бойы саялайтын. Бұл жер станцияның көптеген қызметкері үшін қарбаласқа толы өндірістік ортадағы тыныштық мекеніне айналды.

Су электр станциясы секілді, бұл тал да өсіп-өркендеп, адамдарға қызмет етуін жалғастырып келеді. Ол энергетика саласын ұстап тұрған сенімділік, төзімділік және ұрпақтар сабақтастығы сияқты құндылықтардың символына айналды.

«Әр кәсіпорынның өз жүрегі болады» дейді. Қапшағай ГЭС-інің жүрегі тек машина залында ғана емес, сондай-ақ жарты ғасырдан астам уақыт бойы станцияға келген әрбір адамды қарсы алып, оның тарихын сақтап тұрған осы көне талдың саясында да соғып тұр.