Тәжірибе іздеп әріптестерге жүгіну
Артқа
15.06.2026

Тәжірибе іздеп әріптестерге жүгіну

Оқу – бұл тек дәрістер мен үйреншікті сабақтар ғана емес. Кейде ең пайдалы білім қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және басқа компаниялардағы әріптестердің қалай жұмыс істейтінімен танысу арқылы келеді.

«АлЭС» АҚ жас қызметкерлері Алматыдағы «Қазақтелеком» АҚ алаңында өткен «Birgemiz Expedition» жобасының іс-шарасына қатысты. Кездесу білім беру бағдарламасын, жанды қарым-қатынасты және жаңа адамдармен танысу мүмкіндігін біріктірді.

АлЭС атынан компанияның түрлі бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Қатысушылар қатарында Батыс жылу кешені электр станциясының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері Нұрсұлтан Дабылов пен ГЭС каскадының автоматика жөніндегі инженері Әлижан Арыстанбаев болды.

Нұрсұлтан Дабылов үшін тек алған білім ғана емес, кездесудің атмосферасы да ерекше құнды болды.

– Мен «Қазақтелеком» компаниясында кездесу өткізген жастар ұйымына өте ризамын. Біз көптеген пайдалы ақпарат алып, керемет адамдармен таныстық. Бұл күн өте мазмұнды, сапалы ұйымдастырылған және шын мәнінде ерекше болды, – деп бөлісті Нұрсұлтан Дабылов.

Ол күннің пайдалы болғанын атап өтті: маңызды ақпарат жаңа таныстықтармен және жобаға қатысушылармен қарым-қатынаспен ұштастырылды.

ГЭС каскадының автоматика жөніндегі инженері Әлижан Арыстанбаевта өз әсерімен бөлісті:

– Ұйымдастырушыларға жоғары деңгейдегі дайындық пен пайдалы контент үшін алғыс айтамын. Іс-шара өте мазмұнды және тәжірибеге бағытталған болып шықты.

Мұндай кездесулердің дәл осы практикалық бағыты жас мамандар үшін ерекше маңызды. Үйреншікті жұмыс ортасынан шығу, жаңа идеяларды есту, әріптестердің тәжірибесімен танысу және кәсіби мәселелерді талқылау мүмкіндігі ой-өрісті кеңейтуге және өз жұмысына жаңа тәсілдер табуға көмектеседі.

«Birgemiz Expedition» қатысушылар үшін жай ғана оқу іс-шарасы болған жоқ. Бұл жас мамандардың өзара қарым-қатынас жасауына, білім алмасуына және компаниялардың корпоративтік мәдениетімен танысуына арналған тағы бір алаң.

Ал АлЭС жастары үшін – бұл күнделікті жұмыста кәдеге жарайтын жаңа әсерлермен, байланыстармен және идеялармен өз жұмыс орындарына оралу мүмкіндігі.