«АлЭС» АҚ табиғатты қорғау қызметі

«АлЭС» АҚ табиғатты қорғау қызметі

«АлЭС» АҚ-ның өндірістік қызметі – қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған.

Компания табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қолайлы қоршаған ортаны сақтау үшін мүдделі қоғам алдындағы жауапкершілікті мойындап қана қоймай, сонымен қатар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, жаңа қолжетімді, қалдықтары аз, экологиялық қауіпсіз технологияларды, жабдықтарды, материалдарды енгізу есебінен қоршаған ортаға әсерді біртіндеп төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделу және қоршаған ортаға ықтимал залалды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына кепілдік береді.

Компания экономикалық өсу мен болашақ ұрпақ үшін қолайлы ортаны сақтаудың теңгерімді және әлеуметтік қолайлы үйлесімін түсінетін тұрақты даму қағидаттарын ұстанады.

Компанияда маңызды экологиялық аспектілер айқындалып, олардың негізінде экологиялық тәуекелдер бағаланып, экологиялық мақсаттары белгіленді және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар бағдарламалары әзірленіп, іске асырылды.

Өзекті маңызды экологиялық аспектілеріне: атмосфералық ауаға негізгі жабдықтардан, қазандық агрегаттарынан және қосалқы жабдықтарынан отынды жағу кезіндегі шығатын шығарындылар, электр және жылу энергиясын өндірудің негізгі процесін сүйемелдеу, сарқынды суларды жер бетіне ағызу, күл-қож қалдықтарын орналастыру, өндіріс, тұтыну қалдықтарын өндірістік департаменттер аумағында уақытша сақтау, электр энергиясын өндірудің негізгі процесіне жанама әсер ететін зиянды физикалық әсерлері мен басқа да экологиялық аспектілері кіреді.

«АлЭС» АҚ-да экологиялық саясаттың төмендегідей іске асыру бағыттары айқындалған:

✓ қолданыстағы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының және қоршаған ортаны қорғау саласындағы корпоративтік стандарттардың талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

✓ экологиялық менеджмент жүйесін үнемі жетілдіру және оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

✓ технологиялық қайта құралдандыру және ескірген жабдықтарды пайдаланудан біртіндеп шығару, ең жақсы қолжетімді технологияларды енгізіп, өндірістің технологиялық процестерін жетілдіру;

✓ пайда болған өндіріс қалдықтарының көлемін қысқарту және қоршаған ортаға орналастыру, оларды қауіпсіз өңдеу;

✓ баламалы нұсқаларды салыстыру негізінде өзінің өндірістік департаменттерінің көзделіп отырған қызметінің қоршаған ортаға, қызметкерлер мен халықтың денсаулығына тигізетін әсеріне бағалауды жүргізу;

✓ қызметкерлерді экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға тарту, қызметтің экологиялық аспектілерін және олардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін әрбір қызметкердің назарына жеткізу арқылы ұйым қызметкерлерінің экологиялық мәдениетін дамыту.

Биоалуантүрлілікті сақтау

«АлЭС» АҚ биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсінеді. «АлЭС» АҚ өз қызметінде ықтимал тәуекелдерді ескереді және электр және жылу энергиясын өндіру, жаңа объектілер салу, қолданыстағы станцияларды жаңғырту жөніндегі қызметті қоса алғанда, өз қызметінің барлық кезеңдерінде биоалуантүрлілікті сақтауға ұмтылады.

Биоалуантүрлілікті сақтау мақсатындағы «АлЭС» АҚ қызметінің негізгі бағыттары:

  • өндірістік қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсерін барынша азайтуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық шешімдерді қолдану;
  • барлық қоршаған орта бойынша үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізу.

Қапшағай ГЭС-тегі балықтардың өлімін азайту мақсатында, балықтарды қорғау құрылғысы орнатылды. Сондай-ақ, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынысына сәйкес, балық қорғау шарасы ретінде, турбиналық су құбырларының алдындағы су алатын жердің жанында балықты қорқыту үшін су беті қараңғыда прожекторлармен жарықтандырылады.

Сондай-ақ, балықтардың түрлік құрамын толықтыру мақсатында «АлЭС» АҚ 2023 жылы Қапшағай ГЭС-қа балық жіберуді жүргізді, яғни Іле өзеніне 3 232 дана тұқы жас балықтары жіберілді.

Өндірістік экологиялық бақылау

«АлЭС» АҚ тоқсан сайын ҚР Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын жүзеге асырады және төмендегі міндеттерді орындауға шақырады:

✓ негізгі және өндірістік процестердің қоршаған ортаға әсері туралы жедел ақпарат алу;

✓ түзету және алдын алу іс-қимылдарын жүргізу және штаттан тыс жағдайларға жедел ден қою;

✓ стейкхолдерлерді (жергілікті халықты, мемлекеттік бақылаушы органдарды, серіктес компанияларды) кәсіпорынның экологиялық қызметі және қоршаған ортаға экологиялық әсерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар ету.

Экологиялық бақылау шеңберінде қоршаған ортадағы эмиссияларға – атмосфералық ауаға шығарылатын шығарындыларға, су объектілеріне төгілетін төгінділерге, қалдықтардың жиналуы мен көмілу көлемдеріне, сондай-ақ қоршаған орта компоненттерінің сапасына – атмосфералық ауаға, жер үсті және жер асты суларына, өндірістік кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аумақтарының шекарасындағы топыраққа бақылау жүргізіледі.

2023 жылы мамандандырылған ұйым тоқсан сайынғы өндірістік экологиялық бақылауды жүргізді, сондай-ақ тұрақты негізде 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК зертханалары өндірістік экологиялық мониторингті, департаменттер аумағы шегіндегі және өндірістік үй-жайларындағы радиациялық фонға жүйелі бақылауды жүзеге асырды, ал олардың тексеріс нәтижелері бойынша қоршаған ортаның ластану деңгейінің асып кетуі байқалмады.

«АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің қызметі қоршаған ортадағы эмиссияларға арналған рұқсаттармен қатаң реттеледі, онда рұқсат етілген эмиссиялардың көлемі сандық түрде белгіленеді. «АлЭС» АҚ қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды тартуға және енгізуге тұрақты назар аударып, жаңа технологиялар мен техникаларды қолдану мүмкіндіктері қаралып, экологиялық проблемаларды шешуге қатысты ҚР Үкіметі қабылдаған қаулыларын орындайды.

Ластаушы заттардың шығарындылары

«АлЭС» АҚ атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту жөнінде міндеттеме қабылдады. «АлЭС» АҚ міндеттемелерін іске асыру үшін жыл сайынғы негізде нормативтерді сақтауға және ластаушы заттардың көлемін азайтуға бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асырады.

2023 жылы стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын төмендету жөніндегі мынадай іс-шаралар орындалды:

– станцияның қазандық агрегаттарында күл ұстағыш құрылғыларды тазалау дәрежесін ұстап тұру жөніндегі жұмыстар,

– қазандық агрегаттарының, эмульгаторлардың оттықтарын жөндеу, қазандық агрегаттарындағы технологиялық циклдегі бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар.

Барлық қабылданған шаралар «АлЭС» АҚ-ға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нормативтерінен аспауға мүмкіндік береді.

Жалпы «АлЭС» АҚ бойынша эмиссиялардың нақты көлемі 2023 жылы 48,861 мың тоннаны, рұқсат етілген көлемі 57,065 мың тоннаны, 2022 жылы 48,038 мың тоннаны, рұқсат етілген көлемі 59,891 мың тоннаны, 2021 жылы 49,129 мың тоннаны, рұқсат етілген көлемі 60,683 мың тоннаны құрады.

Ингредиенттер бойынша ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 2021-2023 жылдары, мың тонна

Ластаушы заттар 2021 2022 2023
NOx 11,227 11,078 11,286
SOx 26,250 25,557 25,820
Қатты бөлшектер 8,433 8,212 8,614
CO 3,153 3,115 3,095
Ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ) 0,023 0,032 0,035
Басқа да газ тәрізділер 0,043 0,044 0,011
Барлығы 49,129 48,038 48,861
Тұрақты органикалық ластаушы заттар (ТОЛЗ) жоқ жоқ жоқ
Қауіпті ауаны ластаушы заттар (ҚАЛЗ) 49,129 48,038 48,861
Меншікті шығарындылар г/кВтсағ 8,92 8,63 8,74

Парниктік газдар шығарындылары

Экологиялық қызметті ашық жүзеге асыру мақсатында, 2023 жылы «АлЭС» АҚ 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, БЖК парниктік газдар шығарындыларына квоталарды бөлудің 2022-2025 жылдарға арналған Ұлттық Жоспарының (бұдан әрі – ҰЖ) қолданылу кезеңі бойынша парниктік газдар шығарындыларына түгендеу жүргізді.  ҰЖ сәйкес «АлЭС» АҚ үшін 2023 жылға 6 371,7 мың тонна берілді. 2023 жылғы факті бойынша парниктік газдар шығарындыларының көлемі жалпы Қоғам бойынша 5 787,9 мың тоннаны құрады, оның ішінде: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО бойынша 478,2 мың тонна; А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО бойынша 3 804,7 мың тонна, 3-ЖЭО бойынша – 1 326,1 мың тонна, БЖК бойынша – 178,9 мың тонна.

2021-2023 жылдардағы парниктік газдар шығарындыларының көлемі

Түрлері бойынша парниктік газдар шығарындылары Өлшем бірліктері 2021 2022 2023
СН4 тонна СО2экв. 1 406,1 1 200,2 1 389,9
N2O тонна СО2экв. 15 339,7 14 692,6 12 929,6

ҰЖ көміртегі квоталарына қатысты квоталардың күтілетін профициті – 583,8 мың тоннаны құрайды. 2023 жылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу есебінен парниктік газдар шығарындыларының көлемі тұтастай алғанда 26,6 мың тоннаға қысқарды.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «АлЭС» АҚ «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында алғаш рет гидрофторкөміртектер (ГФК), перфторкөміртектер (ПФК), күкірт гексафториді (SF6), азот трифториді (NF3) сияқты парниктік газдар шығарындыларының санын анықтады.

Түрлері бойынша парниктік газдар шығарындылары Өлшем бірліктері 2023
ГФУ тонна 116,195
ПФУ тонна жоқ
SF6 тонна жоқ
NF3 тонна жоқ
меншікті парниктік газдар шығарындылары (CO2экв) кг/кВт*сағ

Көмір 2-ЖЭО – 1,008
3-ЖЭО – 1,351
Газ 1-ЖЭО – 0,202

Өндіріс және тұтыну қалдықтары

«АлЭС» АҚ өз алдына табиғи ресурстар мен материалдарды тиімді пайдалану міндетін, тиісінше өндірістің және тұтынудың түзілетін қалдықтарының санын азайту, сондай-ақ олардың қолданыстағы объектілерді пайдалану және жаңаларын салу процесінде қоршаған ортаға теріс әсерін азайту міндетін қойды.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру және уақытша жинақтау көлемін төмендету үшін:

– қауіпті қалдықтарды уақтылы кәдеге жарату;

– қалдықтарды өндірістік циклге тартуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдану (турбиналық және мотор майы, металл сынықтары);

– күлді қоқыс қалдықтарын оларды мүдделі тұтынушыларға қайта өңдеу үшін беру сәтіне дейін қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін меншікті мамандандырылған полигондарда орналастыру жүргізіледі.

«АлЭС» АҚ өндірістік департаменттерінің өндірістік қызметі барысында қалдықтардың мынадай түрлері құралады:

– пайда болу көздері бойынша: өнеркәсіптік және тұрмыстық;

 – агрегаттық күйі бойынша: қатты, сұйық, паста тәрізді;

– атаулары бойынша – пайдаланылған майлар; металл; түсті металл сынықтары (мыс, қола, жез, алюминий сынықтары); құрылыс және жөндеу қоқыстары; шыны сынықтары; ағаш қалдықтары, пайдаланылған май, отын және ауа сүзгілері, пайдаланылған резеңке техникалық бұйымдар (оның ішінде, тозған автошиналар мен резеңке техникалық бұйымдар), құрамында сынабы бар пайдаланылған шамдар, пайдаланылған аккумуляторлық батареялар, пайдалануға жарамсыз электрондық жабдықтар (ұйымдастыру техникасы, мониторлар, пластмасса бұйымдары, байланыс жабдығы, тұрмыстық техника, радиожабдықтар, картридждер), майланған сүртуге арналған шүберек, мазутталған қоқыр, мазутталған топырақ/құм/мұнай өнімдерімен ластанған қиыршық тас, лак-бояу материалдарының қалдықтары, пайдаланылған Рашиг сақиналары, макулатура, аралас коммуналдық қалдықтар (АКҚ), күл-қож қалдықтары.

Пайдаланылған майлар (турбиналық, моторлы, трансмиссиялық, индустриялық, трансформаторлық)

Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін және сапа параметрлерінің төмендеуіне байланысты қалыптасады.

Турбиналық майлар жабдықты майлау үшін пайдаланылғаннан кейін және күрделі жөндеу кезінде турбиналардан ағызу кезінде пайда болады.

Трансформаторлық майлар трансформаторлар мен ажыратқыштарды ағымдағы жөндеу кезінде, жабдыққа май құю кезінде, ағызу операциялары кезінде пайда болады.

Қозғалтқыш және трансмиссиялық майлар қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін және көлікте пайдалану кезінде сапа параметрлерінің төмендеуіне байланысты пайда болады.

Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады.

Агрегаттық күйі – сұйық, ерітінді.

Пайдаланылған майлардың құрамы: минералды май – 91,2%, су – 4,543%, механикалық қоспалар – 2,3%, басқалары – 1,957%.

 

Одан әрі пайдалануға жарамсыз пайдаланылған майлар – арнайы бөлінген орындарда, орнатылған паллеттері бар жабық герметикалық металл ыдыстарға құйылады. Пайдаланылған майлар жинақталуына қарай, бірақ алты айдан кешіктірмей «Вита Пром» ЖШС-мен жасалған шартқа сәйкес кәдеге жаратуға беріледі.

 

Қара металл сынықтары

Металл қалдықтары құрылыс, жөндеу және металл өңдеу жұмыстарынан пайда болады. Металл қалдықтарына қара металдардың жоңқалары мен сынықтары, дәнекерлеу электродтарының күйіктері, қара металдардың бөлшектері жатады.

Қалдықтар өрт және жарылыс қаупі жоқ деп сипатталады. Улы компоненттері жоқ.

Агрегаттық күйі – қатты, металл жоңқалары, сынықтар және металл бөліктері.

Құрамы: металл темір – 98%, басқалары – 2%.

Металл қалдықтары – қалдықтарды уақытша сақтау қоймасының (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында уақытша сақталады және жинақталуына қарай, бірақ пайда болған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей, шартқа сәйкес «ҚазВторМеталл» ЖШС мамандандырылған кәсіпорны әкетеді.

Түсті металдардың сынықтары (мыс, қола, жез, алюминий сынықтары).

Металдарды аспаптық өңдеу, БӨАжА аспаптарын, автокөліктерді жөндеу кезінде қалыптасады. Мыс, қола, алюминий, жез сынықтары түріндегі түсті металдардың сынықтары құрылыс, жөндеу және металл өңдеу жұмыстарынан пайда болады.

Қалдықтар өрт және жарылыс қаупі жоқ деп сипатталады. Улы компоненттері жоқ.

Агрегаттық күй – қатты, сынықтар, қалдықтар, түсті металл бөліктері.

Құрамы: жез – 70, қола – 30%.

Қалдықтарды уақытша сақтау қоймасындағы (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында уақытша сақталады және жинақталуына қарай, бірақ қалыптасқан сәттен бастап алты айдан кешіктірмей «ҚазВторМеталл» ЖШС мамандандырылған кәсіпорны әкетеді.
Құрылыс және жөндеу қоқыстары

Жөндеу және құрылыс жұмыстары кезінде қалыптасады. Құрылыс қоқыстарының құрамына гипстің қалдықтары, бетон, кірпіш сынықтары, тақтайшалар, шаң, топырақ, құм және т.б. кіреді.

Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Улы емес.  Агрегаттық күй – қатты, қалдықтар, сынықтар, кесектер, бетон шаңы, цемент ерітіндісі, сынған плитка, кірпіш, сылақ және т.б.

Құрамы: құм, топырық – 60%, цемент – 35%, бейорганикалық шаң – 2%, силикаты бар шаң – 3%.

Қалдықтарды уақытша сақтау қоймасындағы (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында уақытша сақталады және жинақталуына қарай, бірақ қалыптасқан сәттен бастап алты айдан кешіктірмей «Ахметов» ЖК мамандандырылған кәсіпорны әкетеді.
Қираған әйнек (шыны сынықтары)

Тікелей пайдалануға жарамсыз бұйымдар немесе пайдалану құндылығын жоғалтқан шыны бұйымдарының бөліктері, сондай-ақ орны толмас кемшілігі бар бұйымдар, сынған тұрмыстық және өнеркәсіптік шыны. Ол үй-жайларды жөндеуден және салудан кейін пайда болады, жеке металл контейнеріне жиналады.

Қалдықтар өрт қаупі жоқ, жарылғыш деп сипатталады. Улы емес. Агрегаттық күй – қатты. Химиялық құрамы бойынша 98,8-99,9% SiO2-ден тұрады.

Қалдықтарды уақытша сақтау қоймасындағы (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында уақытша сақталады және жинақталуына қарай, бірақ қалыптасқан сәттен бастап алты айдан кешіктірмей «Marshal-EcoLand» ЖШС мамандандырылған кәсіпорны әкетеді.

Ағаш қалдықтары

Ағаш өңдеу учаскесінде жөндеу-құрылыс және шаруашылық жұмыстарында қолданылатын ағаш өңдеу нәтижесінде пайда болады.

Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Улы емес.

Агрегаттық күйі – қатты, ағаш жоңқалары, үгінділер.

Ағаш қалдықтарының құрамы: ағаш – 98,9%, басқалары – 1,1%.

Ағаш қалдықтарды уақытша сақтау қоймасындағы (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында уақытша сақталады және жинақталуына қарай, бірақ қалыптасқан сәттен бастап алты айдан кешіктірмей «Marshal-EcoLand» ЖШС мамандандырылған кәсіпорны әкетеді
Пайдаланылған май, отын және ауа сүзгілері

Майды ауыстырғанда, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда, майды тазалаған кезде пайда болады.

Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады.

Агрегаттық күйі – қатты, майға малынған картон сүзгілері.

Пайдаланылған сүзгілердің құрамы: целлюлоза – 38,7%, минералды май – 10%, темір оксиді – 25%, алюминий оксиді 17,3%, механикалық қоспалар – 9%.

 

Пайдаланылған сүзгілер қалдықтарды уақытша сақтау қоймасындағы (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында, жинақталуына қарай жабық металл ыдыста уақытша сақталады, бірақ пайда болған сәттен бастап, алты айдан кешіктірмей «Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор» ЖШС мамандандырылған кәсіпорны әкетеді.
Пайдаланылған резеңке техникалық бұйымдар (оның ішінде тозған автошиналар мен резеңке техникалық бұйымдар)

Техника мен технологиялық жабдықты пайдалану процесінде қалыптасады.

Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Улы емес.

Агрегаттық күйі – қатты, резеңке бөліктері.

Құрамы: синтетикалық каучук – 96%, темір оксиді, металл – 3%, тоқыма корды – 1%.

Пайдаланылған автошиналар және басқа да пайдаланылған резеңке-техникалық бұйымдар қалдықтарды уақытша сақтау қоймасында (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында уақытша сақталады және жинақталуына қарай, бірақ пайда болған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей «Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор» ЖШС-мен шартұа сәйкес әкетіледі.
Құрамында сынап бар шамдар

Олардың ресурс өндірімінің нәтижесінде қалыптасады. Өндірістік, кеңсе бөлмелері мен кәсіпорын аумағын жарықтандыру үшін ЛБ-40 (SL40/38-735), ЛБ-80, ДРЛ-250, 400, 700 флуоресцентті лампалар қолданылады.

Қалдықтар өрт және жарылыс қаупі жоқ деп сипатталады. Улы.

Агрегаттық күй – қатты, құрамында сынабы бар бөлшектелмеген жабдық пен құрылғы.

Құрамы: сынап – 4,2%, шыны – 90%, люминофор – 2,2%, басқалары – 3,6%.

Оларды демеркуризацияға бергенге дейін, зауыттық картон қаптамада, стеллаждардағы уақытша сақтау орнында орналастырылады. Жинақталуына қарай, бірақ құрылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей «Вита Пром» ЖШС мамандандырылған кәсіпорнымен шарт бойынша демеркуризацияға беріледі.
Пайдаланылған аккумулятор батареялары

Автокөліктің аккумуляторлық батареяларының пайдаланылған ресурсы және апаттық, үздіксіз қуат беру үшін әртүрлі типтерді өндіру нәтижесінде пайда болады.

Қалдықтар өрт және жарылыс қаупі жоқ деп сипатталады. Улы. Агрегатты күйі – қатты, бөлшектелмеген жабдық, ішінде электролитпен толтырылған қорғасын пластиналары бар пластикалық текшелер. Құрамы: қорғасын – 52,3%, су – 9,8%, басқалары – 37,9%.

Пайдаланылған аккумуляторлар жинақталуына қарай қойма үй-жайында (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орында уақытша сақталады, бірақ құрылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей шарт бойынша «ҚазВторМеталл» ЖШС мамандандырылған кәсіпорны әкетеді.

Пайдалануға жарамсыз электрондық жабдықтар (кеңсе техникасы, мониторлар, пластмасса бұйымдары, байланыс жабдықтары, тұрмыстық техника, радио-жабдықтар, картридждер).

Пайдалануға жарамсыз электрондық жабдықтар (кеңсе техникасы, мониторлар, байланыс жабдықтары, тұрмыстық техника, радио жабдықтар, картридждер). Уақытша қоймада арнайы бөлінген орында сақталады.

Қалдықтар өрт қаупі жоқ, жарылғыш деп сипатталады. Улы емес. Агрегаттық күйі – қатты, бөлшектелмеген жабдықтар мен құрылғылар. Құрамы: полистирол – 67%, мыс – 0,08%, алюминий оксиді – 9,3%, күйе – 1,62%, темір оксиді – 22%.

Қалдықтар жинақталуына қарай қатты жабыны бар арнайы бөлінген орында сақталады, бірақ пайда болған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей «Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор» ЖШС-мен шарт бойынша әкетіледі.
Майланған сүртуге арналған шүберек

Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету нәтижесінде пайда болады (механизмдерді, бөлшектерді, станоктар мен машиналарды сүртуге арналған) және цехтардағы арнайы металл герметикалық контейнерлерге жиналады.

Бұл қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Агрегаттық күйі – құрамында мұнай бар өнімдерге малынған қатты, кесектер, маталар. Майланған шүберектің құрамы: шүберек – 56%, май – 30,6%, парафиндер – 8,5%, шайырлы заттар – 4,9%.

Майланған шүберек қалдықтарды уақытша сақтау қоймасында (ҚУСҚ), жабық металл жәшіктерде жинақталуына қарай уақытша сақталады, бірақ пайда болған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей шарт бойынша «Қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық оператор» ЖШС-мен шарт бойынша әкетіледі.
Мазутталған шлам Мазут цистерналары мен резервуарларды мерзімді тазарту нәтижесінде пайда болады. Мазутталған шлам қатаң бөлінген орындарда, герметикалық металл жәшіктерде уақытша сақталады және жинақталуына қарай шарттың негізінде мамандандырылған кәсіпорын әкетеді. Уақытша тығыздалған металл жәшіктерде сақталады. Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Агрегаттық күйі – паста тәрізді, шлам. Құрамы: мұнай өнімдері – 80, су – 20%. Мазутталған шлам (резервуарларды тазалау кезіндегі мұнай шламы) қатаң бөлінген орындарда, жиналуы шамасына қарай герметикалық металл жәшіктерде уақытша сақталады, бірақ жиналған кезінен бастап алты айдан кешіктірілмей шарттың негізінде мамандандырылған кәсіпорын әкететін болады.
Мұнай өнімдерімен ластанған, мазутталған топырақ/құм/қиыршық тас Мазутталған топырақ жабдықтың ақаулығы кезінде, автотехниканы толтыру және пайдалану кезінде мұнай өнімдерінің төгілуі нәтижесінде пайда болады. Мазутталған топырақ/құм/қиыршық тас, қатаң бөлінген орындарда, қатты жабындағы герметикалық металл жәшіктерде уақытша сақталады және жинақталуына қарай шарттың негізінде мамандандырылған кәсіпорын әкетеді. Уақытша тығыздалған металл жәшіктерде сақталады. Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Агрегаттық күйі – қатты. Құрамы: мұнай өнімдері – 30%, құм, жер топырақ – 35%, топырақ – 35%. Ластанған топырақ/құм/қиыршық тас қатаң бөлінген орындарда, қатты жабындағы герметикалық металл жәшіктерде уақытша сақталады, жинақталуына қарай, бірақ қалыптасқан сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей шарттың негізінде мамандандырылған кәсіпорын әкететін болады.
Бояу материалдарының қалдықтары

Жабдықтарды, автокөлік техникасын жөндеу және монтаждау, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және салу бойынша жұмыстар жүргізу кезінде қалыптасады.

Агрегаттық күй қатты, қатты күйінде улы емес (себебі органикалық еріткіштер буланған), жарылғыш емес, химиялық белсенді емес. Бояу жұмыстарынан кейін қалады.

Құрамы: қаңылтыр – 94-99%, бояу – 5-1%. Олар эмальдан жасалған контейнерлер, қабырғаларында бояу қалдықтары бар лактар.

Қалдықтар – қалдықтарды уақытша сақтау қоймасындағы (ҚУСҚ) арнайы бөлінген орындарда, жинақталуына қарай қатты жабыны бар контейнерлерде сақталады, бірақ пайда болған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей шарт бойынша әкетіледі.

Пайдаланылған Рашигтің сақиналары

 

Декарбонизатор бактарында тозғаннан кейін пайда болады. Рашиг сақинасының қалдықтары шығарылғанға дейін, қалдықтарды уақытша сақтау алаңында жиналады.

Агрегаттық күйі – қатты, жарылғыш емес, химиялық белсенді емес. Кремний оксиді + Алюминий оксиді – 90%, темір оксиді – 1,5%, титан оксиді – 2%, кальций оксиді + магний оксиді – 1%, калий оксиді + натрий оксиді – 4%.

Пайдаланылған Рашигтің сақиналары арнайы бөлінген қатты жабынды алаңдарда уақытша сақталады, бірақ құрылған сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей және шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын әкететін болады.

Макулатура 

 

Ол әрі қарай талшықты шикізат ретінде пайдалануға жарамды қағаз бен картонның барлық түрлерін қолдану нәтижесінде пайда болады. Қалдықтар өрт және жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Улы компоненттері жоқ.

Агрегаттық күйі – қатты, қағаз парақтары және кесінділері. Құрамы: целлюлоза 15%, ағаш массасы 85%.

Макулатура арнайы бөлінген жерде уақытша сақталады және жинақталуына қарай «Маолин» ЖШС-мен шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын әкетеді.

Аралас коммуналдық қалдықтар (ҚТҚ)

Экономикалық қызмет нәтижесінде пайда болады. Қақпақтары бар арнайы контейнерлерге жиналады. Контейнерлер қатты жабыны бар бөлінген алаңдарда орнатылған.

Аралас коммуналдық қалдықтар орауыш материалдармен, қағазбен, тұрмыстық қоқыспен, кеңсе бөлмесіндегі сметымен, өндірістік үй-жайлармен және оларға іргелес аумақтармен және т.б. ұсынылған. Қалдықтар өрт, жарылыс қаупі бар деп сипатталады. Улы емес.

Аралас коммуналдық қалдықтардың құрамы: целлюлоза – 33,7%, органикалық заттар – 30,7%, мақта – 8,5%, Полимерлі материалдар – 5%, шыны – 5,6%, металл, резеңке, ағаш, смета және т.б. – 16,5%. Агрегаттық күйі – қатты (кесілген, сынған, сынықтар, шаң, кесектер).

Аралас коммуналдық қалдықтар арнайы бөлінген орындарда қақпақтармен жабдықталған, қатты жабыны бар контейнерлерде уақытша сақталады және жинақталуына қарай «Marshal-EcoLand» ЖШС мамандандырылған кәсіпорнымен шарт бойынша әкетіледі.

 

Күл-қож қалдықтары

Күл-қожды жоюдың аралас жүйесінің алаңында күл-қож қалдықтарын жинаудың аралас жүйесінің негізгі құрылыстарының құрамына кіретін екі секциялы ДҚГҚ және КҚҚОА орналасқан.

Күл-қож материалдары энергетикалық қазандықтарда отынды жағу процесінде пайда болады.

Күл-қож қалдықтарын жинау былай жүзеге асырылады, яңни алдымен күл-қож материалы гидравликалық тәсілмен қолданыстағы схема бойынша №1 және №2 секциялардан тұратын ДҚГҚ-ға беріледі, содан кейін жобада белгіленген регламентке сәйкес кезек-кезек күл-қож материалдары оларды құрғатқаннан, белгіленген консистенцияға дейін құрғатқаннан және дайындалғаннан кейін, КҚҚОА-ға орналастыру үшін секциялардан шығарылады.

2021-2023 жылдары пайда болған қалдықтардың көлемі

Қалдықтардың түрлері Өлшем бірліктері 2021 2022 2023
Қауіпті қалдықтар тонна 31,0 19,0 19,0
Қауіпті емес қалдықтар тонна 1 362 219,87 1 071 225,98 674 648,51
Барлығы тонна 1 362 250,87 1 071 244,98 674 667,51

Ресурстарды ұтымды пайдалану

«АлЭС» АҚ жаһандық энергетикалық трансформацияға бейімделудің негізгі құралдарының бірі ретінде энергия тиімділігін арттыруды қарастыруда. Өндіріс процесі парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және өндірістің жалпы тиімділігін арттыруға ықпал ететін энергия ресурстарын ұтымды пайдалануға бағытталған.

«АлЭС» АҚ энергия тиімділігін арттыру саласындағы мақсаттарына мыналар кіреді:

– технологиялық процестердің тиімділігін және технологиялық жабдықты пайдалануды қамтамасыз ету;

– отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

– энергетикалық активтерді тиімді дамыту және жаңғырту;

– жанама парниктік газдар шығарындыларын азайту.

Энергия менеджменті жүйесінің негізгі құралдары «АлЭС» АҚ объектілерін энергетикалық зерттеу, энергия үнемдеу бағдарламасы, ішкі аудиттер және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар болып табылады..

2023 жылы энергия және жылу үнемдеу жөніндегі мынадай іс-шаралар орындалды:

– 1 көтергіштің багерлік сорғысының ішкі ГЖҚ жұмыс сызбасын өзгерту;

– өз қажеттіліктеріндегі 20 трансформаторды станцияны тоқтату кезінде жұмыстан және резервтен шығару;

– желілік су жылытқыштың жез түтіктерін ауыстыру;

– қазандықтардың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру;

– қазандық агрегаттарының түтін сорғыштарының жұмыс дөңгелектерінің диаметрін азайту.

Энергия үнемдеу жөніндегі осы іс-шараларды орындау 979,212 мың кВт*сағ электр энергиясын, 3 282 Гкал жылу энергиясын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар

«АлЭС» АҚ барлық жоспарланған табиғатты қорғау іс-шараларын орындады, оның ішінде:

Атмосфералық ауаны қорғау бойынша: күл ұстағыш құрылғылардың тазалау дәрежесін сақтау, ауа жылытқыштардың текшелерін жөндеу және ауыстыру, қазандық агрегаттарының, эмульгаторлардың оттықтарын жөндеу, тотығуға қарсы жұмыстар жүргізілді; металл конструкциялары, құбырлар, тозған қыздыру беттері ауыстырылды; тиімділікті арттыру бойынша іс-шаралар енгізілді; қазандық агрегаттарындағы технологиялық циклде бұзушылықтар жойылды; 1, 2, 3-ЖЭО-дағы аспирациялық қондырғыларында режимдік-реттеу жұмыстары жүргізілді. Барлық өндірістік департаменттердің санитарлық-қорғау аймағының шекараларында эмиссиялар мониторингі және әсер ету мониторингі жүргізілді.

Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бойынша: қазандық, турбиналық, химиялық цехтардағы және 1-ЖЭО-ның тазарту құрылғыларындағы сорғы жабдықтарына жөндеу жүргізілді, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-дағы күл-қож қалдықтарын тасымалдау кезінде су шығынын азайту және түгендеу бойынша іс-шаралар жүргізілді, 2-ЖЭО-дағы өндірістік мақсаттағы айналым жүйесін жөндеу және Қапшағай ГЭС-тың су сынамаларына санитарлық-микробиологиялық зерттеулер жүргізілді.

Жер ресурстарын қорғау, жер қойнауын, флора мен фаунаны тиімді пайдалану бойынша: күл-қож қалдықтары мен қойыртпақтың төгілуін болдырмау үшін тозған құбырларды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді; департаменттердің аумақтарын көгалдандыру, 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-дағы тозған аумақтарды қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді; шөгінділерге шөп себу арқылы нығайту, саздақтан үйінді бөгетін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді; 2-ЖЭО, 3-ЖЭО-дағы шөптер егу және шөп егістерін сумен суару арқылы партерлі және қарапайым көгалдарды орнату үшін топырақ дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді. БЖК-да өндіріс және тұтыну қалдықтарын уақытша сақтау алаңын салу және жайластыру жүргізілді.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікпен жұмыс істеу бойынша: 2-ЖЭО-дағы күл үйіндісін қайта жаңарту және кеңейту, ЖЭО-да күл қожын кетірудің аралас жүйесінің тозаңдануын болдырмау бойынша жұмыстар жүргізілді, барлық өндірістік департаменттер департаменттерінің қатты-тұрмыстық қалдықтары, құрамында сынаптары бар шамдар және басқа да қауіпті қалдықтары кәдеге жаратуға тапсырылды.

Қоршаған ортаны қорғауға жалпы инвестициялар 2021 жылы – 3,788 млрд.теңгені, 2022 жылы – 1,126 млрд. теңгені, ал 2023 жылы 3,918 млрд. теңгені құрады.

2021-2023 жылдары қоршаған ортаны қорғауға инвестициялар, млн. теңге

Шығындар бабы 2021 2022 2023
Атмосфералық ауаны қорғау бойынша 667,2 646,2 2 050,0
Су ресурстарын қорғау және үнемді пайдалану бойынша 178,4 157,4 161,9
Жер ресурстарын қорғау, жер қойнауын, флора мен фаунаны ұтымды пайдалану бойынша 776,0 42,9 28,0
Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздікпен жұмыс істеу бойынша 2 166,4 199,9 1 678,1
Барлығы 3 788,0 1 126,0 3 918,0

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі барлық іс-шараларды орындау – қоршаған ортаға жүктемені азайтуға және қоршаған орта сапасының нормативтерін сақтауға мүмкіндік берді.

Қоршаған ортаға теріс әсер тигізгені үшін төлемақы

ҚР Салық кодексінің 573-бабына сәйкес «АлЭС» АҚ қоршаған ортаға теріс әсер тигізгені үшін төлемді (тиісті экологиялық рұқсат және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділері) жүзеге асырады. 2023 жылы қоршаған ортаға теріс әсер тигізгені үшін төлем 1 070,6 млн. теңгені құрады.

2021-2023 жылдары қоршаған ортаға теріс әсер тигізгені үшін төлем, млн. теңге

Төлемдер 2021 2022 2023
Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлем 736,9 755,7 864,1
ЖЖМ шығарындылары үшін төлем 1,693 1,879 2,114
Ластаушы заттарды төгу үшін төлем 0,018 0,004 0,002
Қалдықтарды табиғи ортаға орналастырғаны үшін төлем 356,3 67,6 204,4
Барлығы 1 094,9 825,1 1 070,6

Акциялар мен бастамалар

2023 жылы төмендегі экологиялық акциялар өткізілді: «#БатлМакулатура» – макулатураны жинау және тапсыру бойынша, пайдалануға жарамсыз қағаз бен картонның 5,7 тоннасы тапсырылды және пайдаланылған тұрмыстық батареяларды тапсыру бойынша «Батареяға – екінші өмір» акциясы бойынша қайта өңдеуге 68 килограмм тұрмыстық батарея тапсырылды. 2021-2023 жылдар аралығында «АлЭС» АҚ қызметкерлері 184 кг батарея мен 38,6 тонна макулатура жинап, кәдеге жаратуға тапсырды.

2023 жылдың 2 маусымында Өндірістік департаменттер мен Бас кеңсенің барлық жауапты экологтарының қатысуымен «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау» күніне орайластырылған көшпелі акция өткізілді. 2021-2023 жылдар аралығында көшпелі акциялар өткізу кезеңінде «АлЭС» АҚ қызметкерлері көлемі 160 литр болатын 80 қоқыс пакетін жинады.

Бақылаушы органдардың тексеруі

2023 жылы Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Экология департаменттері өндірістік департаменттердің аумағына барып жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізбеді, айыппұл санкциялары салынбады.

 

2023 жыл Алматы облысы бойынша Экология департаменті субъектіге бармай-ақ, профилактикалық бақылау нысанында 1 тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша мердігерлік ұйымда рұқсат беру құжаттамасының жоқтығына қатысты 1 ескерту жасалды. Ескерту жойылды. Мердігер ұйымнан Алматы облысы бойынша Экология департаментіне рұқсат құжаттамасы сұратылып, тапсырылды. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша ескерту алынып тасталды.
2022 жыл

Алматы облысы бойынша Экология департаменті 3-ЖЭО аумағында қауіпті қалдықтарды қауіпті емес қалдықтармен араластырылғанын және қаптамаларда таңбалау жоқ екендігін анықтады.

Алматы қаласы бойынша Экология департаменті мыналарды анықтады: 1-ЖЭО аумағында қазандықтар бойынша газдың жылдық шығынының жобалық құжаттамасынан артық шығын (ауытқу) белгіленді және аумағы құрғақ, металл сынықтарымен қоқыстануы; 2-ЖЭО аумағында шаңды сумен қамтамасыз ету жүйесі жоқ және ҚТҚ және өндірістік қалдықтар, құрылыс қалдықтары мен металл сынықтары өндірістік алаңының аумағын қоқыстануы; БЖК аумағында қазандықтар бойынша жылдық газ шығынының ШРЕШ жобалау құжаттамасынан ауытқуы анықталды.

Анықталған бұзушылықтар мерзімінде жойылды. Айыппұл санкцияларының сомалары белгіленген мерзімде төленіп, төлем тапсырмаларымен қоса берілген есептер Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша Экология департаменттеріне жіберілді.
2021 жыл

Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Экология департаменттері қоршаған ортаға экологиялық залалды төлеуге наразылығын білдіріп, әкімшілік сот бұрын берілген нұсқамаларды жоймауға қатысты, сондай-ақ 2-ЖЭО-ның күл-қожды жоюдың аралас жүйесінде жұмыс істейтін Мердігер ұйымы жіберген экологиялық заңнама бойынша анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша жаза қолданды.

Анықталған бұзушылықтар мерзімінде жойылды. Залал сомасы белгіленген мерзімде төленіп, төлем тапсырмаларымен қоса берілген есептер Алматы қаласы бойынша Экология департаментіне жіберілді. Барлық айыппұл санкциялары толық көлемде осы бұзушылыққа жол берген Мердігер ұйымға ауыстырылды.