Спартакиада аяқталды – мақтаныш сезімі мәңгілікке қалады
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы спартакиада өз мәресіне жетті. Алайда одан алған әсеріміз ұзақ уақыт бойы бізбен бірге болады.
Әрбір сөренің артында тек секундтар, ұпайлар мен орындар ғана емес, сонымен қатар жұмыстан кейінгі жаттығулар, жарыс алдындағы қобалжу, әріптестердің қолдауы және АлЭС намысын абыроймен қорғауға деген зор ынта тұрды.
Спортшыларымыз бұл үдеден шыға білді.

Фархат Елеусізов жеңіл атлетикадан алтын жүлдегер атанды.
Сымбат Тұрсынбек тоғызқұмалақтан үздік шықты.
Кенжеғали Асаров садақ атудан жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Лаура Қойшыбаева жүзуден команда қоржынына күміс медаль салды.
Армрестлингтен 4-орын алған Қуан Мұхамед пен тоғызқұмалақтан төртінші атанған Айбол Айтқұл да жүлделі орынға бір табан жақын болды.
Амангелді Қанайбеков асық атудан 5-орынға ие болып, мықтылардың арасында АлЭС-тің абыройын асқақтатты.

Дегенмен, бұл спартакиадада тек орындар туралы ғана айтқымыз келмейді.
Жұмыс күнінен кейін жаттығуға күш-жігер тапқан жандар туралы; сөреге қобалжып шықса да, қажет сәтте жинақтала білгендер туралы; алаңда өздері тұрғандай бір-біріне жанкүйер болған әріптестер туралы айтқымыз келеді. Сөреге қобалжып шықса да, қажет сәтте жинақтала білгендер туралы.
Нағыз командалық рух дәл осындай сәттерден қалыптасады.
Үш алтын, бір күміс медаль және спортшыларымыздың лайықты нәтижелері – бәріміз үшін ортақ мақтаныш.
Әрбір қатысушыға қайсар мінезі, табандылығы және соңына дейін күресуге деген құлшынысы үшін алғыс айтамыз. АлЭС намысын абыроймен қорғап, бар күш-жігерін салғаны үшін рақмет.
Сіздерді мақтан тұтамыз! АлЭС – бір компания, бір команда, бір жеңіс қуаты!