Шақырымдар игі істерге апарғанда: Charity Samruk Marathon АлЭС қызметкерлері қалай жүгіріп өтті
Артқа
04.05.2026

Шақырымдар игі істерге апарғанда: Charity Samruk Marathon АлЭС қызметкерлері қалай жүгіріп өтті

Астанада 3 мамырда Сharity Samruk Marathon IV қайырымдылық жарысы өтті, ол жүздеген қатысушыларды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау – маңызды мақсатында біріктірді. Қатысушылар қатарында – бұл бастама жай ғана спорттық оқиға емес, корпоративтік мәдениет пен адами ынтымақтастықтың нағыз көрінісі болған – «АлЭС» АҚ командасы бар.

АлЭС қызметкерлері үшін бұл марафонға қатысу жақсы дәстүрге айналғанын атап өту маңызды. Көмек ұшын беру мен қиындықта ат салыса қатысу – бұл тек жұмыста ғана емес, өмірде де бөлісетін құндылықтар екенін энергетиктер дәлелдеп келе жатқаны алғашқы жыл емес.

Биылғы жылы «Жарқын Болашақ» жастар ұйымы ерекше рөл атқарды – белсенділері марафон қашықтығында АлЭС-ті таныстырды. Команданың барлық қатысушылары – мамандықта ғана кемелденіп қоймай, компанияның қоғамдық және әлеуметтік өміріне белсенді қатысатын жас, бастамашыл қызметкерлер.

5 және 10 шақырым қашықтықта әр өндірістік департаменттер мен бас кеңсенің өкілдері – инженерлер, мамандар, электр монтерлер шықты. Әркімнің өз қарқыны, ырғағы бар, бірақ үлкен және маңызды істің бір бөлігі болу – ортақ сезімі де бар.

Марафонның алғашқы минуттарынан бастап қатысушыларды ерекше атмосфера – қолдау, шабыт және бірлік сезімі сүйемелдеді. Көптеген адамдар үшін бұл осындай ауқымды іс-шараға қатысудың алғашқы тәжірибесі болды және ол шынымен мағыналы болмақ.

Бағыт үлкен қаланың тірі ырғағымен жүрді, бірақ бұл күні ол бірігуге арналған кеңістікке айналды – мұнда бейтаныс адамдар болған жоқ, тек бір ортақ қозғалыстың қатысушылары болды.

Каскад ГЭС-тің автоматика жөніндегі инженері Бекзат Калелов, марафонға қатысудың маңыздылығын атап өтті:

– Бұл менің Charity Samruk Marathon үшінші рет қатысуым, мен жыл сайын жүгіріп қана қоймай, басқа адамдарға көмектесетінімді түсінемін. «АлЭС» АҚ-ға қолдау мен жайлы жағдай жасағаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл дәстүрдің жалғасқанын қалаймын, – деді ол мәреден өткенен кейін.

Жастар ұйымының жетекшісі, Жөндеулер қызметінің бастығы Асет Амирбеков 10 км қашықтықты 48 минутта еңсеріп, өзінің жеке рекордын орнатты.

Жеке өсудің жарқын мысалы ретінде Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО кадрларды дайындау жөніндегі инженер Акерке Оразова да жүгіріп өтті:

– Қайырымдылық жарысына қатысып, өзімнің ең жақсы нәтижемді көрсеттім – 5 км қашықтықты 38 минутта өттім. Қазіргі уақытта бұл менің ең жақсы көрсеткішім, мен өзімді шын жүректен мақтан тұтамын. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды, барлығы ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Біз жұбайымыз екеуіміз бірге жүгірдік, бұл – күнді одан да ерекше етті. Өз құмарлығыңыз қоғамға нақты пайда әкелетінін түсіну баға жетпес сезім. Ұйымдастырушыларға осындай маңызды оқиғаның бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын.

Ұйымдастырудың жоғары деңгейін БЖК кезекші электр монтері Ақжол Тұрсын да атап өтті:

– Марафон өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар үшін барлық жағдай жасалды, атмосфера керемет болды. Бұл марафон маған үлкен серпініс берді. Қатысу барысында мен жаңа тәжірибе мен өзімді сынап көру мүмкіндігіне ие болдым. Осындай пайдалы және шабыттандыратын іс-шаралар жиі өткізілгенін қалаймын.

3-ЖЭО электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Нүсіп Сатыбалды да өз әсерлерімен бөлісті:

– Бұл мен үшін алғашқы тәжірибе болды және ол ең жағымды әсер қалдырды. Жарыс өте қызықты болды және ерекше шабыттандырды. Мүмкіндік болса, мен қуана қайта қатысатын боламын. Осындай маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігі үшін «АлЭС» АҚ мен «Самұрық-Энерго» АҚ-на алғысымды білдіремін.

Әр шақырым әр түрлі болды, бірақ көрермендердің қолдауы мен командалық рух алға жылжуға көмектесті. Мұндай сәттерде энергетика тек өндіріс туралы ғана емес, адамдар туралы екені де қатты сезіледі.

Әркім үшін мәре жеке жеңіске айналды – қашықтықты, күмәнді, шаршауды жеңді. Бірақ ең бастысы – игі іске қатысуға жасалған қадамды сезіну.

АлЭС үшін марафонға қатысу – бұл тек біржолғы бастама емес, ол компания жастары белсенді рөл атқаратын, денсаулық мәдениетін, өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс.

Қашықтықты әр қадаммен еңсере отырып, «Жарқын Болашақ» өкілдері бұл күні: нағыз энергия – көмектесуге дайын адамдардың энергиясы екенін дәлелдеді.