Шапқалдың жүрегін сақтайық
Артқа
09.06.2026

Шапқалдың жүрегін сақтайық

5 маусымда Эколог күні қарсаңында «АлЭС» АҚ қызметкерлері Проходная өзенінің бойында «Шапқалдың жүрегін сақтайық» атты экологиялық іс-шара өткізді. Бұл іс-шара компания экологтары үшін кезекті аумақты тазалау ғана емес, туған өлкенің бірегей табиғатын сақтауға жеке үлес қосу мүмкіндігі болды.

Проходная өзені шапқалдың табиғи інжу-маржанының бірі болып саналады. Оның мөлдір суы, көрікті жағалауы мен тау пейзаждары жыл сайын көптеген демалушыны баурап алады. Алайда, мұнда сұлулықпен қатар, адамның салғырттығының іздерін – пластик пакеттер, бөтелкелер, орамалар және басқа да тұрмыстық қалдықтарды жиі кездестіруге болады.

Қолғап пен қоқыс жинайтын қаптарды алып, «АлЭС» АҚ экологтары өзен жағалауын жинап, тазартты. Бірнеше сағат ішінде әрқайсысының көлемі 50 литр болатын 20 қап қоқыс жиналды. Қалдықтар арасында пластик орамалар, шыны бөтелкелер, бір реттік ыдыстар мен тамақ қалдықтары басым болды.

Тазалау аумағында табылған пластик қоқыстың көптігі акция қатысушыларының ерекше алаңдаушылығын тудырды. Пластик қалдықтар қоршаған ортада жүздеген жылдар бойы сақталып, топырақ пен су қоймаларын ластайды және экожүйелерге елеулі зиян келтіреді. Олар мұны азық деп ойлап қалуы мүмкін жануарлар мен құстар үшін қауіп төндіреді. Шыны бөтелкелер де өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Шыны табиғи жағдайда іс жүзінде ыдырамайды, ал оның сынықтары адамдар мен жануарларды жарақаттауы ықтимал. Сонымен қатар, жылдың ыстық мезгілінде табиғатта қалдырылған шыны қалдықтары өрттің шығу себебі не айналуы мүмкін.

– Демалушылар артынан қаншама қоқыс қалдыратынын көргенде, осындай іс-шараларды ұйымдастырудың қаншалықты маңызды екенін түсінесіз. Проходная өзені – біздің шатқалымыздың жүрегі, оны таза қалыпта сақтау әрқайсымызға байланысты. Адамдардың табиғатқа ұқыптырақ қарап, өздерінен кейін тек жақсы естеліктер қалдырғанын қалаймын, – деді Каскад ГЭС-тың қоршаған ортаны қорғау инженері Наталия Митусова.

«АлЭС» АҚ Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Зоя Арзюкованың айтуынша, табиғатқа деген қамқорлық әр адамның қарапайым іс-әрекетінен басталады.

– Біз өзен жағалауын тазалап қана қоймай, табиғи мұраны болашақ ұрпақ үшін сақтап отырмыз. Жиналған әрбір қап қоқыс – қоршаған ортаның саулығы мен балаларымыздың болашағына қосқан үлесіміз, – деп атап өтті ол.

«АлЭС» АҚ үшін экологиялық жауапкершілік – корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі. Компания тұрақты түрде табиғатты қорғау іс-шараларын өткізеді, экологиялық акцияларға қатысады және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған бастамаларды қолдайды.

«Шапқалдың жүрегін сақтайық» іс-шарасы өзендердің, ормандар мен таулардың тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын тағы да еске салды. Табиғатқа қамқорлық қарапайым әрекеттерден құралады: артыңнан қоқысты жинау, артық пластиктен бас тарту, қоршаған әлемге ұқыпты қарау.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызы зор іс». Бұл сөздер табиғи қазынаны сақтау мемлекеттің, бизнестің және әрбір азаматтың ортақ міндетіне айналып отырған бүгінгі таңда айрықша өзекті.

«АлЭС» АҚ акцияның барлық қатысушысына ықылас білдіргені, белсенді өмірлік ұстанымы және Проходная өзенінің тазалығы мен сұлулығын сақтауға қосқан үлесі үшін алғыс айтады.