«Шабыт жолы»: энергетика саласындағы әйелдер
Елде жоғары білікті жұмысшы табын қалыптастыру – көпқырлы және кешенді міндет, ол «Жұмысшы мамандықтар жылының» шеңберінен әлдеқайда кең ауқымды мәселе болып табылады. Осы бағытта құрамында жиырмадан астам өндірістік компаниясы бар ірі көпсалалы электр энергиясы холдингі «Самұрық-Энерго» да жұмыс істейді, және кадр құрамының тұрақтылығы мен кәсібилігін қамтамасыз ету – оның күнделікті міндеті.
Бұл бағытқа біліктілікті арттыру бойынша кадрлармен жұмыс, ерте кәсіптік бағдар беру, жастарды жұмысшы мамандықтарына оқыту және көптеген әйелдер бүгінде ерлерге тән, соның ішінде жұмысшы кәсіптерін таңдайтындықтан, әйелдер бағыты да кіреді. Жұмысшы мамандықтар жылы мен компанияның өз бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың бірі қазан айының соңында Алматы қаласында өткізілді. Оның ұйымдастырушысы «Самұрық-Энерго» АҚ Әйелдер клубы болды. Клуб әйелдердің жан-жақты дамуын, еңбек ұжымдарында олардың кәсіптік өсуі мен өз жолын табуды жүзеге асыруын қолдау мақсатында 2024 жылдың тамыз айында құрылған болатын.
«Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін компаниялардағы жұмысшы кәсіптер бойынша жұмыс істейтін әйелдерге арналған «Шабыт жолы: энергетика саласындағы әйелдер» – «Вдохновляющий путь: женщины в энергетике» атты даму бағдарламасы әйелдердің жеке және кәсіптік дағдылары мен құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ денсаулығын нығайтуға, отбасылық үйлесімділік пен қарым-қатынасты жақсартуға, жұмыс пен отбасы арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталды.

–Біз бастапқыда клуб жұмысының үш бағытын белгіледік: кәсіптік қолдау, тұлғалық өсу, ерекше міндеттерді шешу, – дейді клуб мүшесі, «Самұрық-Энерго» АҚ корпоративтік басқару және орнықты даму департаментінің директоры Мәдина Айсариева. – Осы бағыттар аясында біз дағдыларды дамытуға, мансаптық өсуге және кәсіптік қиындықтарды еңсеруге көмектесу, қарым-қатынас үшін кеңістік құру, тәжірибе алмасу, әріптестер арасында пікірлес адамдар мен іскерлік әріптестер іздеу сияқты міндеттерді қоямыз. Осы мақсатта біз өзін-өзі дамытуға және сенімділікті арттыруға, құнды білім алуға және көшбасшылық құзыреттілікті дамытуға бағытталған тренингтер, дәрістер мен шеберлік сыныптарын ұйымдастырудамыз. Әйелдерге жұмыс жағдайларына бейімделуге, проблемаларды шешуге және жобаларды іске асыруға жәрдемдесу міндеті де маңызды. Осы мақсатта «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының өндірістік жұмыскерлерінің әйелдеріне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Екі күндік форум Workshop, мәдени бағдарлама бойынша тәжірибе алмасуды қарастырды.

Оқыту мақсатында пилоттық топ құрылды – оған іс-шараға қатысқан компаниялар тобының өндірістік персоналы қатарындағы 35 жұмыскер кірді. Форумға елдің түрлі өңірлеріндегі өз компанияларында әртүрлі қызмет салаларын ұсынған жоғары білікті мамандар мен жұмысшылар қатысты. Қатысушыларды KIMEP басшы кадрларға арналған білім беру орталығының директоры Бақытгүл Түндікбаева қарсы алды. Спикерлер қатарында холдинг өкілдерімен қатар, шақырылған коучтар да болды: білім беру саласындағы бизнестің негізін қалаушы, «Джиу-джитсу және грэпплинг бойынша мектеп лигасы қауымдастығы» ЗТБ Президенті Ақмарал Қанатбаева; International Business Coaching University серіктес-негізін қалаушысы, EQ және нейрожетекшілік жөніндегі сарапшы Елена Лазарева; практик психолог, халықаралық сертификаттау жөніндегі тренер-оқытушы, ICF коучы Оксана Свидова.
Айта кетсек, Алматы тауларында өткізілген және «Шымбұлақ» базасына, «Медеу» мұз айдынына, «Nomad Ethnic» этно-ауылына баруды қамтыған бағдарламаның идеясын «АлЭС» АҚ Әйелдер клубы ұсынған болатын. Алматылық энергетик әйелдер бағдарлама қатысушылары алдында сөз сөйлеп, өз клубтарының тәжірибесімен және өзекті мәселелерін шешу жолдарымен бөлісті.

– Мен Әйелдер форумына қуана қатыстым. Бағдарламаның мазмұны өте әртүрлі болғанын, оның өндірісте жұмыс істейтін әйелдердің көптеген қызығушылықтарына арналғанын атап өткім келеді. Бірінші күні біз психологтармен, коучпен және тамаша жан Ақмарал Қанатбаевамен кездестік. Әйелдер клубы жайлы атмосфера қалыптастырады, позитивті қатысушылардан үлкен күш-қуат алдым, – деп өз әсерімен бөлісті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО химиялық талдау зертханашысы Айжан Авганова. – Мені ерекше таңғалдырғаны Екінші барған жеріміз болды – біз Этноауылға бардық. Енді басқа да қалалардың қонақжайлық дәстүрлерімен танысып, өзге өндірістердегі әйелдердің жұмыс орындарын да көргім келеді.

Осы жерде бауырсақ пісіру және шай ішу бойынша шеберлік сабағы, қазақтың киіз үйін таныстыру және «Бесікке салу» рәсімі өткізілді. Форум қатысушылары ат үстінде өткізілетін «Жігіттік өнер» шоуын, сондай-ақ «Атүстіндегі аударыспақ» және «Қыз қуу» деп аталатын ат үсті ойындарын тамашалады. Сонымен қатар, олар атқа міну және садақ ату бойынша шеберлік сабағына қатысу мүмкіндігіне де ие болды. – «Самұрық-Энерго» АҚ жұмысшы мамандықтағы әйелдерге арналған Әйелдер форумына қатысқаныма өте қуаныштымын. Форум Қазақстанның барлық қалаларынан келген жұмыскер әйелдерді біріктірді, – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО метрология жөніндегі инженері Әдия Сарсекова. – Бұл бір тамаша тәжірибе болды. Бағдарламаның бірінші күнінде біз психология, көшбасшылық және өзін-өзі дамыту тақырыптарына арналған практикалық тренингтерден өттік. Тренингтер барысында қызықты пікірталастар ұйымдастырылып, бұл біз – қатысушылар үшін, өте құнды тәжірибе болды.

– Форумның екінші күні Этноауылда өткізіліп, біз ол жердегі шеберлік сабақтарына белсене қатыстық. Ең маңыздысы – халқымыздың мәдениеті мен дәстүрлерінің байлығы мен құндылықтарын қайта жаңғырту мүмкіндігіне ие болдық. Әйелдер форумы маған түрлі және қызықты адамдармен танысу мүмкіндігінсыйлады. Мен зор қуаныш, позитив және әсерлі эмоциялар алдым. Осы екі күн ішінде ойымызбен жанымыз толық жаңарып, сергіп қалды. Сондай-ақ, әйелдің өмірдің барлық саласында жоғары лауазымдарда табысты еңбек ете алатынына көз жеткізу де біз үшін маңызды болды. Болашақта осындай әлеуетімізді іске асыруға мүмкіндік беретін форумдар тағы да ұйымдастырылады деп үміттенемін, – дейді қатысушы.
Қатысушылардың пікірінше, бағдарламаның мұндай жарқын, жұмысқа қатысы жоқ сәттерді қамтуы өте маңызды, себебі энергетик мамандығы зейініңді соған аударуды, кәсібилікті және жоғары жауапкершілікті талап етеді, сондықтан тіпті үйде де жұмыстан толықтай босап, толыққанды демалу кейде қиынға соғады. Ал әйел ағзасының эмоциялық ерекшеліктерін ескерсек, мұндай сергіту аса қажет нәрсе. Сол себепті бір қызмет түрінен екіншісіне ауысу үйренуді қажет ететін қажеттілік болып табылады.

«Пікір білдіру негіздері бойынша оқу вебинарларына қатысуға тамаша мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушылар – «Самұрық-Энерго» АҚ-ға шын жүректен алғыс білдіремін. Әр нәрсенің егжей-тегжейіне дейін мән беріп, жылы атмосфера мен қамқорлық танытқандарыңыз үшін көптен көп рахмет. Бұл шара менің жадымдаөзінің өте жылы әсерін қалдырып, тұлғалық өсуім мен өз-өзіме сенімділікті арттыруға үлкен серпін берді». – Бұл жай ғана тренинг емес, нағыз шабыт пен сенімділіктің қуатты көзі болды, – деген ортақ пікірін білдірді «Энергожөндеу» ӨЖК электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Венера Десятникова. – Бірінші күні бізге кәсіби коучтар дәріс өткізді – өте қызықты, танымдық әрі жігерлендіретін сабақтар болды. Біз сахнада өзін ұстау, дауыс пен эмоцияны басқару тәсілдерін талдадық. Сабақтардан кейін бізді Көк төбеге жасайтын қызықты саяхат күтіп тұрды – арқанжолмен көтеріліп, қаланы биіктіктен тамашаладық, суретке түсіп, әсерлерімізбен бөлістік. Екінші күні Этноауылда одан да мазмұнды бағдарлама өтті: бұл шынайы рухани мереке болды – қуанышқа, қарым-қатынасқа және жаңа әсерлерге толы күн болды. Әсіресе, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жарқын жүзді де жігерлі әйелдермен кездесіп, жаңа таныстар табуым ерекше қуаныш сыйлады».
Бұған дейін «Самұрық-Энерго» АҚ Әйелдер клубы ұйымдастырған корпоративтік орталық пен еншілес компаниялардағы әйелдерге арналған форум-тренинг Астана қаласында өткен болатын. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «АлЭС» АҚ Әйелдер клубтарының кәсіптік және тұлғалық даму бағытында әйел жұмыскерлерді қолдауға арналған іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.