Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС: Сергей Борисович Сычёвты зейнеткерлікке шығарып салды
2024 жылғы 17 желтоқсанда Ш. Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-і лайықты зейнеткерлік демалысына шыққан Автокөлік учаскесінің 5-разрядты автокөлік жүргізушісі Сергей Борисович Сычевпен жылы қоштасты. Бұл күні станция ұжымы өзінің еңбекқорлығымен, жауапкершілігімен және адамгершілігімен кәсіпорын тарихында із қалдырған адамды зейнеткерлікке шығарып салды.
Сергей Борисович Сычёв – жай ғана жүргізуші емес, әрқашан өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайтын нағыз кәсіпқой. Оның ізгі ниеті, ұстамдылығы және адамдарға деген құрметі оны әріптестері арасында үлкен құрметке ие етті. Станцияда ол ешқашан көмек көрсетуден бас тартпаған және әрқашан жолдастарын қолдауға уақыт бөлетін адам ретінде танымал болды.
Сергей Борисович тоғыз жыл Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-та кезекші автобустың жүргізушісі болып жұмыс істеді. «Мен осындай керемет ұжымда жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Бұл жылдар менің есімде ең жарқын жылдар ретінде қалады», – деп Сергей Борисович атап өтті.
Станция ұжымы оған көп жылғы еңбегі, асқан жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғысын білдірді. Сергей Борисовичті құрметті демалысқа шығарып салуға әріптестері келді, көпшілігі онымен ұзақ жылдар бойы қатар жұмыс істеген. Бұл күні алғыс сөздер, жылы тілектер мен бірлескен жұмыс туралы естеліктер айтылды.
Оның кәсібилігі, адами қасиеттері және жалпы іске қосқан көпжылдық үлесі станцияның барлық жұмыскерлері үшін жарқын үлгі болып қала береді. Әріптестері Сергей Борисовичке зор денсаулық, бақыт, отбасында қуаныш және жарық пен жылулыққа толы ұзақ өмір тілейді.