«Самұрық-Қазына» Жастар форумы: жаңа байланыстар мен көшбасшылық дағдылар
Желтоқсан айының соңында Түркістанда маңызды шара – «Самұрық-Қазына» АҚ Жастар форумы өтті, Форум Қордың тобына кіретін түрлі компаниялардан 150 қатысушыны жинады. «АлЭС» АҚ атынан жас мамандар – Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС РҚА аппаратурасын жөндеу жөніндегі электр монтері Губашев Асет және 3-ЖЭО Отын-көлік цехының жол құрылыс машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарі Шамыгулов Нурбол қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты жас мамандар арасындағы байланысты нығайту, тәжірибе алмасу және командалық рухты дамыту болды. Сонымен қатар, Форум көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру, кәсіби құзыреттілікті арттыру және корпоративтік құндылықтарды ілгерілету алаңына айналды.
Іс-шарада интерактивті сессиялар мен пікірталастарға ерекше назар аударылды. Негізгі тұстардың бірі «Самұрық-Қазына» қорының Корпоративтік басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ауганов Гибраттың сөз сөйлеуі болды. Сессия шеңберінде қатысушылар өзекті сұрақтар қойып, кәсіби даму перспективаларын талқылады.
– Іс-шараның ауқымы өте жоғары деңгейде болды, мен әртүрлі кәсіби салалардағы қызықты адамдармен таныстым, – деп атап өтті Губашев Асет. – Форум жұмысы барысында өзіндік тиімді қарым-қатынас жасауды, өз-өзімді реттеуді, басқаларды белсенді тыңдауды және түсіну дағдыларын жақсарта алдым. Сондай-ақ мен өзімнің эмоциялық жағдайымды танып, басқаруды үйрендім, бұл маған стрессті азайтуға және күнделікті өмірде жағымды көңіл-күйді сақтауға көмектеседі. Бұдан басқа, Форум маған корпоративтік ортада тиімді өзара іс-қимыл жасау және сенімді жұмыс қатынастарын құру үшін қолдана алатын көшбасшылықтың негізгі дағдыларын берді.
Шамыгулов Нурбол, Форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны, оның шабыттандыратын атмосферасы мен іскерлік бағдарламасы үшін алғыс білдірді:
– Бұл басқа компаниялардағы әріптестерімен жаңа іскерлік байланыс орнатуға және тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік болды, – деп жалғастырды Нурбол. – Форум кәсіби тәлімгерлермен әңгімелесу алаңына айналды, олардың сөйлеген сөздері мен кеңестері өте құнды болды.
Түркістандағы «Самұрық-Қазына» Жастар форумы жас мамандарды біріктірудің, олардың кәсіби және тұлғалық өсуіне жағдай жасаудың жарқын үлгісіне айналды. Мұндай іс-шаралар корпоративтік мәдениетті нығайтуға, көшбасшылық дағдыларды дамытуға және жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Форумға қатысушылар жаңа білімдерімен және тәжірибелерімен оралды, бұл олардың одан әрі дамуының негізі болады.