Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің өзгеруі туралы хабарландыру
«Алматы электр станциялары» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бұйрығымен магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттелетін қызметке тарифтер келесі мөлшерде бекітілгенін осымен хабарлайды:
– 2026 жылғы 1 қарашадан бастап – ҚҚС-сыз 16,93 теңге/м³;
– 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – ҚҚС-сыз 177,56 теңге/ м³;
– 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – ҚҚС-сыз 188,34 теңге/ м³;
– 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – ҚҚС-сыз 204,55 теңге/ м³;
– 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – ҚҚС-сыз 205,61 теңге/ м³.
Тарифтер «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 22-бабы 1-тармағының 1) және 5) тармақшаларына сәйкес келесі негіздер бойынша бекітілді:
– стратегиялық тауарлардың түрі мен құнының және (немесе) стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
– көрсетілетін реттелетін қызметтер көлемінің ұлғаюы.