Рационализаторлық идеялар энергиясы
Артқа
13.11.2025

Рационализаторлық идеялар энергиясы

«Самұрық-Энерго» АҚ «Үздік рационализаторлық ұсыныс» дәстүрлі байқауының қорытындысын шығарды. Байқау Дүниежүзілік энергия үнемдеу күніне орайластырылды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен «Самұрық-Энерго» тобы компанияларының рационализаторлары қатысты.

Байқауды ұйымдастырушылар қатысушылардың шығармашылық ізденісін, инженерлік тапқырлығын, жауапкершілігі мен өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға ұмтылысын атап көрсетті. Рационализаторлар ұсынған идеялар тіпті кішігірім қадамдардың үлкен нәтижелерге жеткізуі мүмкін екенін дәлелдейді.

Байқау жеңімпаздарының қатарында жүлделі үшінші орынға ие болған «АлЭС» компаниясының 2-ЖЭО рационализаторлары бар. Топ құрамында: өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары – Беглан Разқұл, отын-көлік цехының бастығы – Кенжебай Байзахов, ОКЦ пайдалану жөніндегі бастығының орынбасары Шалқар Нұрмұханбетов бар.

Олардың бірлескен ұсынысы жұмыс тиімділігін арттыруға және электр энергиясының коммерциялық шығындарын төмендетуге бағытталған және «Самұрық-Энерго» байқауында үшінші орынды иеленді. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Алайда байқаудың басты нәтижесі – қатысушылар мен жеңімпаздардың үлгілері, олардың өндірісті оңтайландыру үшін пайдаланылатын ұсыныстары. Олар әрбір жұмыскер бүкіл кәсіпорынның жұмысын жақсартуға, ресурстарды сақтауға үлес қоса алатынын, сонымен бірге, әлемді жақсарту мүмкіндіктерінің мол екенін көрсетті. Алматы энергетиктері жобасының мақсаты да сол болатын.

Неліктен оларды бұл тақырып қызықтырды деген сұраққа Беглан Разқұл былай деп жауап берді: «Біз күн сайын көмірді түсіру барысында боламыз және жабдықтың аздаған ерекшеліктерінің өзі еңбек өнімділігіне қаншалықты ықпал ететінін көреміз. Сондықтан көмірді қайтаруға байланысты вагондарды қайта айналдыру мәселесі бізге уақыт пен ресурстардың айтарлықтай шығындалатынын көрсетті. Біз елеулі шығындарсыз жүзеге асырылатын қарапайым және тиімді шешімді табуды көздедік.

Біз вагон аударғыш дірілдеткіші тірек табандарының ауданын азайтуды ұсындық, тек жартылай вагонның бортымен жанасатын бөлігін қалдырдық. Осының арқасында табандарда көмір қалмайды және вагонға қайта төгілмейді. Бұл қайта аудару қажеттілігін жояды және түсіру барысын жылдамдатады».

Алматы рационализаторының айтуынша, жұмыс бақылау мен талдаудан бастап дайындау мен сынауға дейін бірнеше аптаға созылды. Негізгі қиындық құрылымның беріктігі мен сенімділігін жоғалтпай табан аймағын азайту болды. Мен оңтайлы өлшемдерді таңдап, оларды іс жүзінде тексердім, – деді Кенжебай Байзахов. Осы идеямен бірнеше адам жұмыс істегенін айтты. Команда өздігінен құрылды, өйткені үшеуіміз де жабдықты пайдалануға қатысамыз және жұмыс барысын жақсы білеміз, атқаратын жұмысымыз да өздігінен бөлінді.

Шалқар Нұрмаханбетов: «Біреуіміз техникалық параметрлерді талдаумен, екінші сіміз – жобалаумен, үшіншіміз – дайындаумен және өзгерістер енгізумен айналыстық. Бірлескен ынта – жігермен жұмыс істедік, оған қоса, біз ортақ мақсат – қондырғылар жұмысын жақсарту үшін біріктік. Бұл біздің алғашқы бірлескен жұмысымыз. Бұрын әрқайсысымыз жеке ұсыныстар жасадық, бірақ бұл идея тәжірибе мен талпынысты біріктірген алғашқы жалпы жоба болды».

Рационализаторлардың ұсынысы өнімділікті арттыруға, механизмдердің тозуын азайтуға, энерго тұтынуды азайтуға және көмірді түсіру процесінің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

– Экономикалық әсер қазірдің өзінде есептелген. Электр энергиясын үнемдеу және жабдықтың жұмыс уақытын қысқарту өтемділікті лезде қамтамасыз етеді. Қаржылық тиімділік те бар – үнемдеу жылына 36 000 кВт•сағ электр энергиясынан асып, жабдықтың жұмыс уақытын жылына 300 сағаттан астам қысқартуға мүмкіндік берді, – деп хабарлады Беглан Бақытжанұлы. – Бұл ретте жұмсалатын шығындар аз, өйткені жаңғырту өз күшімізбен орындалды. Инвестиция қажет болмады, біз өз ресурстарымыз бен мүмкіндіктерімізді пайдаландық.

Өз жұмысында қажетті тәжірибелік міндеттерді шешуді көздеген рационализаторлар конкурсқа қатысуды және жеңіске жетуді ойламаған. «Шынымды айтсам, біз жеңісті күткен жоқпыз – жұмысты тиімдірек еткіміз келді», – дейді Кенжебай Ілиясұлы. – Сондықтан жеңіс жағымды тосын сый болды. Біз үшін ең бастысы – бұл идеяның іс жүзінде жұмыс істейтіні, пайда әкелетіні және әріптестер мен басшылықтың бағасына ие болғаны».

Шығармашыл тұлғалар бір жобаны іске асырып, келесі жаңа идеяларды іздеуге кіріседі. «Ұтымды ойлау әдетін біз күнделікті өмірде қолдануға тырысамыз. Біз бір нәрсені жетілдіруді, құралды ыңғайлы етуді ұнатамыз, мысалы, суару жүйесін немесе шағын тұрмыстық құрылғыларды. Оңтайлы шешімдерді іздеу әдеті күнделікті өмірде де, жұмыста да ойлаудың бір бөлігіне айналды», – деп мойындайды энергетиктер.

Енді олар вагон аударғыштың діріл жүйесіне назар аударуды жоспарлап отыр. «Оны анағұрлым энерго үнемді және діріл жүктемесін азайту туралы ойларымыз бар. Сондай-ақ, қызмет көрсетудің сенімділігі мен ыңғайлылығын арттыру үшін бекіту тораптарын жаңғырту мүмкіндігін қарастырамыз, – деді Беглан Разқұл. – Байқаудағы жеңіс – біздің алғашқы марапатымыз және біз үшін өте маңызды. Біз патенттеу туралы әлі ойлаған жоқпыз, бірақ қазір идеяларды одан әрі дамытуға және болашақта оларды ресми түрде рәсімдеуге ынталымыз.

АлЭС -те көптеген жұмыскерлер рационализаторлық ойлауға дағдыланған. Бұл тарихи түрде қалыптасқан дағды. Ол инженерлік ойды дамыту үшін де жақсы мектеп. Әсіресе, Алматы энерго кешені станцияларының жасын және тозған жабдықтар, жеткізушілермен байланыс үзілген жағдайда қосалқы бөлшектер мен бөліктердің болмауы мәселесінің шешімін іздеуге тура келген, абыроймен өткен тарихтың қиын кезеңдерін ескерсек, бұл мықты және қиын мектеп болды, сонымен бірге ол компания өндірісінің барлық деңгейінде инженерлік-конструкторлық ойлаудың негізін қалады. Мұны сандар да көрсетеді.

2024 жылдан бастап рационализаторлар идеяларымен жұмыс «Самұрық-Энерго» АҚ тобының барлық компаниялары үшін стандартталғанын және біріздендірілгенін, Тиімділікті бағалаудың нақты критерийлері мен тәсілдері бар топтың ережелері әзірленгенін де атап өткен маңызды. Олардың барлығы «Самұрық-Энерго» АҚ сараптамалық-техникалық комиссиясының отырысында қаралады. Бұған дейін әр кәсіпорында рационализаторлық туралы ережелер ғана болған. Рационализаторлармен жұмыс істеудің жаңа шарттары осы қызметті күшейтуге арналған. Мәселен, тек 2024 жылы «АлЭС» АҚ рационализаторларының 12 ұсынысы мақұлданды. 2025 жылы «АлЭС» АҚ рационализаторлары 15 ұсыныс жасап, оның жетеуі мақұлданды және тағы жетеуі қаралу сатысында…