Қуаты аз реттелетін қызметтерге тарифтердің өзгергені туралы хабарландыру
Артқа
20.02.2025

Қуаты аз реттелетін қызметтерге тарифтердің өзгергені туралы хабарландыру

«Алматы электр станциялары» АҚ осы арқылы «АлЭС» АҚ-ның 08.01.2025 жылғы №3 және №4 бұйрықтарымен 2025 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін қуаты аз реттелетін қызметтерге тарифтер бекітілгені туралы хабарлайды:

  • Каскад ГЭС объектісі бойынша қайталама су пайдаланушыларға магистральды құбырлармен су беру тарифі – 4,44 теңге/м3 мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
  • бәсекелес кірме жол болмауы шартымен жылжымалы құрам өтетін  кірме жолды ұсыну тарифі – 405,29 теңге/вагон-км  мөлшерінде (ҚҚС-сыз).

«АлЭС» АҚ тарифтері ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.11.2019 жылғы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 638 – тармағына сәйкес индекстеу әдісін қолданумен қайта қаралды.