Қуат пен әзіл тоғысқанда
Энергетиктер жарық пен жылуды қамтамасыз етіп қана қоймай, көтеріңкі көңіл күй сыйлай алатынын да дәлелдеп келеді. «АлЭС» АҚ-ның «ӨнерГетиктер» командасы осыны тағы бір мәрте паш етті. Олар Павлодарда өткен «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін біріктірген «Әзіл Fest» корпоративтік КТК фестивалінде компания намысын қорғады.

Бірнеше аптаға созылған дайындық, жұмыс күнінен кейінгі репетициялар, ұтымды әзілдер мен шығармашылық шешімдер іздеу – осының бәрі «ӨнерГетика» командасының мүшелерін бір тату ұжымға біріктірді. Олар сахнада энергетиктердің жұмыс күндеріне арналған әзілге, музыкалық нөмірлерге және шағын қойылымдарға толы жарқын бағдарлама ұсынды. Қойылым өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, кештің басты сәні шынайы эмоциялар, қатысушылардың таланты және достық бақталастық атмосферасы болды. «АлЭС» командасы өзара қолдау, сенімді серіктестік пен жақсы көңіл-күй тек мамандықта ғана емес, шығармашылықта да табысқа жетуге көмектесетінін көрсете отырып, өз компаниясын лайықты түрде таныстырды.
2-ЖЭО-ның 5-разрядты машинист-айналымшысы Дінәсіл Нұрдәулет үшін корпоративтік фестивальге қатысу сахнада өнер көрсету ғана емес, сонымен бірге энергетиктердің үлкен командасына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.
– Тамаша тәжірибе болды. Біз басқа кәсіпорындардағы әріптестерімізбен таныстық, нағыз командалық рухты сезіндік және үлкен энергетикалық отбасымыздың қаншалықты тату екеніне көз жеткіздік. Барлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, атмосфера өте жылы әрі мейірімді болды. Мұндай іс-шаралар адамдарды біріктіреді, дамуға ынталандырады және өз компанияңның атынан мақтанышпен өнер көрсетуге жетелейді, – деп бөлісті ол.

Батыс жылу кешенінің 4-разрядты электромонтері Диас Жиенқұлов жоғары кернеумен жұмыс істеуге үйренгеніне қарамастан, сахнаға шығар алдындағы қобалжудың ерекше болғанын мойындайды.
– Біздің өз жұмысымызды адал атқарып қана қоймай, әзілдеп, суырыпсалма өнер көрсете және адамдарға жақсы көңіл күй сыйлай алатынымызды көрсете білгеніміз тамаша болды. Біз қойылымға бар күш-жігерімізді салдық, көрермендердің реакциясынан бұл қуаттың бәріне жеткені анық болды. Командамыз бен жанкүйерлеріміздің қолдауы зор күш берді. Дәл осындай сәттерде біздің қаншалықты біртұтас екенімізді түсінесің, – деді ол.

3-ЖЭО ЖАжӨЦ электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Нүсіп Сатыбалды үшін де КВН фестивалі осындай алғашқы тәжірибенің бірі болды.
– Мен баға жетпес тәжірибе алып, керемет адамдармен таныстым, көптеген жағымды эмоцияларды бастан өткердім және кейде үйреншікті жұмыс ортасынан шығудың қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Мұндай кездесулер шабыттандырады және одан әрі жақсара түсуге деген құлшыныс оятады. Келесі жылы бұдан да мықты болып оралатынымызға сенімдімін, – деді ол.
Бұл жолы «ӨнерГетиктер» командасы жүлделі үштіктен көріне алмады. Бірақ оның қатысушылары үшін басты марапат – жарқын эмоциялар, әріптестердің қолдауы, жаңа таныстықтар және энергетиктерді ортақ іс қана емес, сонымен қатар әзілқойлық, шығармашылық пен нағыз командалық рух біріктіретінін тағы да дәлелдеу мүмкіндігі болды. Дәл осындай кездесулер шабыттандырады, жаңа таланттарды ашуға көмектеседі және ұжымды одан әрі ұйымшыл етеді.
Корпоративтік КВН тағы да мынаны растады: ұжымның күші тек өндірістік алаңдарда ғана көрінбейді. Ол бірге ойластырылған идеялардан, бір-біріне қолдау көрсетуден, шынайы күлкіден және бірге жарқын сәттер жасауға деген ұмтылыстан туындайды. «ӨнерГетиктер» командасы «АлЭС» АҚ-ның атынан лайықты өнер көрсетіп, корпоративтік КВН-ның үлкен сахнасында алғашқы қадамын жасады. Олардың алда әлі талай жарқын қойылымдары, жаңа шығармашылық идеялары және, әрине, жаңа жеңістері болатынына еш күмән жоқ.