Қорытынды аккорд және жаңа кезеңнің бастауы: «АлЭС» командалық энергиясы
Әрбір үлкен жарыстың барлық сәтінің бір нүктеде тоғысатын мезеті болады. «АлЭС» спартакиадасы үшін мұндай кезең – баскетбол жарысы мен қорытынды шығару күні. Дәл осы күні жарыстың аяқталуы емес, командалардың жаңа кезеңге өту екені айқын сезілді.

19 сәуірде спорт алаңы өндірістік департаменттердің командаларын қайта біріктірді. Бағдарламаның соңғы кезеңі болған баскетбол – жылдам, тартысты әрі әр ойыншыдан жоғары дайындықты талап ететін ойынға айналды. Бес ойыншы, жоғары қарқын, жедел шешімдер және әр ұпай үшін тартыс болды.

Алғашқы минуттардан-ақ ойын қарқыны жоғары болды. Қателікке орын қалмады – әрбір берілген доп, әрбір лақтыру шешуші рөл атқарды. Ойыншылар барынша жинақылық танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, нәтижеге жауапкершілікпен қарады.
Финалды матчтың шешуші сәттері ерекше шиеленіске толды. Есеп айырмасы минималды деңгейде сақталып, ойын нәтижесі соңғы секундтарға дейін белгісіз болды. Ойын барысындағы әрбір қимыл- қозғалыста теке-тірес сезілді – жанкүйерлер тынысын тартып, командалар бар мүмкіндігін салды. Дәл осындай сәттерде бәрі шешіледі: бір дәл соққы, бір дұрыс шешім – жеңіс мықтылардың еншісінде. Ойынның аяқталуын хабарлаған дабыл соңғы сәтте еңсерген нәтижені тіркеп, бүкіл баскетбол бағдарламасының шарықтау шегіне айналды.

– Финалдық ойындар әрдайым ерекше өтеді, – дейді Мердігерлік жұмыстар басқармасының бас маманы Тамерлан Касимов. – Сен алаңға тек ойнау үшін емес, өз командаң мен ұжымды таныстыру үшін шығасың.
Шиеленісті сәттерде тек техника емес, мінез де шешуші рөл атқарды. Сабыр сақтай білу, жедел шешім қабылдау және серіктеске сенім арту – негізгі факторларға айналды.
– Команда бір-бірін сезінген кезде ойын мүлде басқаша өрбиді, – дейді 3-ЖЭО қазандық цехының қараушы – машинисі Айбын Әлімқұлов. – Сонда сен жалғыз емес екеніңді сезінесің.
Баскетбол жарысының қорытындысы бойынша:
1-орын – Бас кеңсе;
2-орын – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО;
3-орын – Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС.

Жалпы Спартакиада нәтижесінде командалық орындар былайша бөлінді:
1-орын – Каскад ГЭС;
2-орын – «Энергожөнжеу» ӨЖК;
3-орын – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО.

Бұл көрсеткіштердің әлдеқайда терең мән – мағынасы бар.

Бірнеше аптаға созылған жарыстар артта қалды, ондаған ойын, жүздеген қатысушы және мыңдаған эмоция. Әрбір мәре – тәжірибе, сенім және командалық өзара әрекет тұрғысынан алға жасалған қадам болды.
Спартакиада басты нәрсені көрсетті: «АлЭС»-тің күші – адамдарында, жұмыс ауысымынан кейін спорт алаңына шығатындарда, қиын сәтте берілмейтіндерде, команданың бір бөлігі бола алатындарда.

Дәл осы мезеттерде марапатпен өлшенбейтін құндылық – өзара сенім қалыптасады. Ол алдымен ойын барысында көрініс тауып, кейін жұмысқа ұласады. Ал жұмыста дәлдік, жауапкершілік және өзара қолдау аса маңызды.

Қорытынды күн тек нәтиже шығару ғана емес, жаңа мүмкіндіктердің бастамасы болды. Жарыс нәтижелері бойынша «АлЭС» АҚ-ның құрама командасы жасақталып, «Самұрық-Энерго» Спартакиадасына қатысады.

Бұл – келесі, жаңа деңгей. Алайда негізгі мән өзгермейді: команда, мінез және алға ұмтылыс.
– Ең құндысы – жаныңдағы адамдар, – дейді Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інің электр машиналары цехының электр слесарі Мади Жаскенұлы. – Осындай жарыстардан кейін команданы мүлде басқаша қабылдайсың.
Спартакиаданың жабылу салтанаты әр қатысушыға өзін үлкен нәтиженің бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Марапаттар, қолдау – мұның бәрі әр адамның еңбегі мен үлесіне көрсетілген құрмет болды.
Спартакиада аяқталды. Бірақ оның энергиясы сақталады – жұмыста, командада, ұйымшыл болуға деген ұмтылыста. Дәл осы мезеттен бастап мүлдем жаңа кезең басталады.