Қауіпсіздік дайындықтан басталады: АлЭС-те жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтті
Артқа
14.05.2026

Қауіпсіздік дайындықтан басталады: АлЭС-те жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтті

14 мамырда «АлЭС» АҚ-ның барлық өндірістік департаменттерінде жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтті. «Назар аударыңыз!» дабылбелгісінен кейін қызметкерлер шартты жер сілкінісі кезінде жүзеге асыратын іс-қимылдарды пысықтады: эвакуация, апаттық қызметтердің өзара іс-қимылы және төтенше жағдайда жүзеге асырылатын іс-қимыл алгоритмдері. Мұндай жаттығулар нысандардың дайындығын тексеріп қана қоймай, ең бастысы – адамдардың сенімділігі мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

Сейсмикалық жаттығу Қоғамның барлық өндірістік департаменттерінде жүргізілді. Хабарлаудың объектілік жүйелері іске қосылды, персоналды қауіпсіз аймақтарға эвакуациялау жүргізілді, электр энергиясы мен газды өшіру, сондай-ақ технологиялық бұзушылықтар туындаған жағдайда объектілік құтқару топтарының іс-қимылдары шартты түрде пысықталды.

«Назар аударыңыз!» дабылбелгісінен кейін қызметкерлер алдын ала белгіленген жиналу орындарына қарай бағытталып, әкімшілік және өндірістік ғимараттардан ұйымдасқан түрде шықты. Эвакуация жылдамдығына ғана емес, қызметкерлердің іс-қимылының дұрыстығына, сабырлықты сақтауға және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

– Мұндай жаттығулар төтенше жағдайда абыржымауға үйретеді. Іс-әрекеттер алгоритмін алдын ала білген кезде қайда баруды және қалай әрекет етуді түсінсең, сенімділік пайда болады. Бұл әрбір жұмысшы үшін өте маңызды, – деп атап өтті КТБ Каскад ГЭС бас маманы Евгений Сенжерлиев.

Сонымен қатар, қызметкерлер жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстаудың негізгі ережелерін қайталады: үй-жайлардағы және ашық аумақтарда жасалатын әрекеттер, коммуникацияларды өшіру тәртібі, дабыл жолсандығын пайдалану ережелері және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдері.

– Біз стратегиялық маңызды нысандарда жұмыс істейміз, сондықтан кез келген штаттан тыс жағдайларға дайын болу – біздің жауапкершілігіміздің бір бөлігі. Мұндай іс-шаралар ұжымның тәртібі мен үйлесімділігін сақтауға көмектеседі, – дейді А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО химия цехының бастығы Меруерт Әмірова.

Жаттығу барысында өндірістік қауіпсіздік және апаттық қызметтер арасындағы жедел өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бөлімшелердің басшылары эвакуациялау бағыттарын, жиналу орындарының жай-күйін және персоналдың шартты жер асты сілкіністері кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын тексерді.

– Мұндай жаттығулардағы ең құнды нәрсе – практикалық тәжірибе. Теорияны білу маңызды, бірақ дәл осындай оқу-жаттығулар іс-қимылдың автоматтылығын қалыптастыруға және төтенше жағдайдағы дүрлікпе деңгейін төмендетуге көмектеседі, – деп жалғастырды «Энергоремонт» АҚ және ТЖ штабының бастығы Қанат Құсманов.

Сейсмикалық жаттығуларды өткізу қауіпсіздік мәдениеті мен әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын тағы бір еске салады. «АлЭС» АҚ-да еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайларға дайындық мәселелеріне үнемі назар аударылады, өйткені адамдардың қауіпсіздігі әрқашан Қоғамның басты басымдығы болып қала береді.