Қарқын, мінез, команда: АлЭС Спартакиадасындағы футбол
Артқа
17.04.2026

Қарқын, мінез, команда: АлЭС Спартакиадасындағы футбол

Футбол – бұл қозғалыс жөніндегі әңгіме. Лезде қабылданатын шешімдер жөнінде, әр сәттің ойын барысын өзгертіп жіберуі мүмкін жағдайда қажет болатын жоғары деңгейдегі жинақылық жөнінде айтылады.

17 сәуір күні футбол алаңы АлЭС өндірістік департаменттері командаларының бас қосқан орнына айналды. Әр құрамда бес ойыншы мен қақпашы, қосалқыда тағы сонша ойыншы – әр команданың тыңғылықты дайындығы мен жеңіске деген жігері айқын сезіліп тұрды.

Ойын алғашқы минуттардан-ақ жоғары қарқынмен басталды. Командалар уақыт жоғалтпай, бастаманы бірден қолға алуға ұмтылды. Допты жылдам берулер, қорғаныстағы тығыз әрекет, шабуылға шалт шығулар – футбол серпінді түрде әрі тартысты өтті.

– Бұл жерде ойланып тұратын уақыт жоқ, бәрі де санаулы секундтарда шешіледі, – дейді қатысушылардың бірі – ОҚТО аға шебері Абусейт Бакиров. – Бірақ дәл осы нәрсенің өзі ойынды қызықты етеді: сен толық беріліп, нәтижеге жету үшін жұмыс істейсің.

Ерекше көзге түскені командалық үйлесім болды. Ойыншылар алаңды «сезініп», бір-біріне қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беріп, қажет жерде сақтандырып отырды – осының барлығы біртұтас ырғақты қалыптастырды.

Шиеленісті сәттерде сабырлылық шешуші рөл атқарды. Есеп тең деңгейде тұрған кезде дәлдік пен байыптылық негізгі факторға айналды.

– Ең қиыны – ойын тең жүріп жатқан кезде сабыр сақтау, – дейді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО турбиналық цехының ауысым бастығы Ғани Орынбасаров – Бірақ мұндай сәттерде көмекке команда келеді: жалғыз емес екеніңді түсінесің.

Матчтар тартысты өтті, әр ойын соңғы ысқырыққа дейін жанкүйерлерді толқыныс үстінде ұстап тұрды. Қорытынды орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын – Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО
2 орын – 3-ЖЭО
3 орын – БЖК.

Айқын серпілісті Қапшағай ГЭС командасы көрсетті: алғаш рет жартылай финалға дейін жетіп, өзін сенімді түрде танытып, 4-орынды иеленді. Алайда есептен тыс одан да маңыздысы – эмоциялар, тәжірибе және нағыз командалық рух сезімі қалды.

– Футбол біріктіреді. Осындай ойындардан кейін әріптестеріңе басқаша көзқараспен қарай бастайсың, – дейді БЖК қазандық цехы сорғы қондырғыларының машинисі Алмат Қыдыр. – Адамның ойындағы, қиын сәттегі әрекетіне деген құрмет пайда болады.

АлЭС Спартакиадасындағы футбол – жай ғана жарыс емес. Бұл – нәтижеге жылдамдық, жауапкершілік және бірлесіп әрекет ету арқылы қол жеткізілетінінің көрінісі. Оның шынайы құндылығы да осында.