Қапшағай ГЭС-тегі Наурыз: қамқорлық арқылы жаңару
Артқа
19.03.2026

Қапшағай ГЭС-тегі Наурыз: қамқорлық арқылы жаңару

«АлЭС» АҚ Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-інде Наурыз күндері әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бойынша кезекті кезең жүзеге асырылды, яғни ауысымнан кейін қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін себезгі бөлмелері жаңартылды.

Қапшағай ГЭС-те тек өндірістік көрсеткіштерге ғана емес, күн сайын станцияның сенімді жұмысын қамтамасыз етіп отырған адамдарға да ерекше көңіл бөлінеді.

Наурыз мерекесіне орай мұнда жайлы жұмыс ортасының маңызды элементі – жаңартылған себезгі бөлмелері пайдалануға берілді. Заманауи, таза әрі функционалды бұл бөлмелер қызметкерлерге ауысымнан кейін күш жинап, кәсіпорын тарапынан көрсетілетін қамқорлықты сезінуге мүмкіндік береді.

Станция директоры Әлібек Тастанбеков мұндай өзгерістердің жүйелі әрі дәйекті жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті: «Қолайлы еңбек жағдайларын жасау – бұл адамдарға салынған инвестиция. Біз қызметкерлердің жағдайы бүкіл станцияның тұрақтылығы мен тиімділігіне тікелей әсер ететінін жақсы түсінеміз».

Жаңартуларды станция қызметкерлері де жоғары бағалап үлгерді. «Жақсы жағдай жасалған. Бұл жұмыстан кейін күш жинау үшін өте маңызды», – деп атап өтті Ғимараттарды және гидроқұрылыстарды пайдалану цехының сылақшы-сырлаушысы Шолпан Аузбаева.

Станция қызметкері Ирина Студеникина да өз пікірін қосты: «Мұндай өзгерістер жұмысқа деген көңіл-күйге оң әсер етеді. Бізге қамқорлық жасалып жатқанын сезінеміз».

Осы қарапайым сөздердің өзінде басты нәтиже көрініс табады: адамға деген қамқорлық корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуда.

Көктемнің нұры, судың қозғалысы және ұжымның үйлесімді еңбегі аясында бұл өзгерістер ерекше мәнге ие болады. Мұнда Наурыз тек жаңарудың символы ғана емес, сонымен қатар қамқорлық, құрмет және әрбір қызметкерге назар аудару арқылы дамудың нақты көрінісіне айналады.

Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС бүгінде тек өндірістік нысан ғана емес. Бұл – энергия адамдар арқылы және адамдар үшін жасалатын кеңістік.

Сондықтан да «АлЭС» энергиясы тек жарық пен жылу ғана емес, сонымен бірге әр жұмыс күнінде сезілетін сенімділік, жайлылық және қамқорлық болып табылады.