Қағазсыз өткен күн
Артқа
02.10.2026

Қағазсыз өткен күн

«АлЭС» АҚ-да қағаз құжаттар бүгінде бұрынғыға қарағанда әлдеқайда сирек қолданылады. Қызметтік хат-хабарлардың, келісулердің және жұмыс құжаттарының негізгі бөлігі электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы өтеді.

Сондықтан «Самұрықнама – 20 игі іс» бастамасы аясында өткізілген Қағазсыз өткен күн әдеттегі жұмыс форматына тағы бір мәрте назар аударып, қағазға басып шығаруды қай тұста қосымша қысқартуға болатынын ой елегінен өткізуге мүмкіндік берген жағдай болды.

Қызметкерлер күні бойы құжаттарды қажеттіліксіз басып шығармауға тырысты. Жұмыс материалдары күнделікті жұмыстағы сияқты электронды түрде қаралып, келісілді.

– Қазір құжаттардың басым бөлігін алу мен келісуді онсыз да электронды түрде жүзеге асырамыз. Қағазды тек онсыз шынымен де жұмыс істеу мүмкін болмаған жағдайда ғана пайдаланамыз, – дейді «Энергожөндеу» ӨЖК өндірістік-техникалық бөлімінің қоршаған ортаны қорғау инженері Әлия Жылгелдина. Дегенмен, жұмыс барысында құжаттарды әдет бойынша қағазға басып шығаратын жағдайлар әлі де кездеседі: құжатты аралық кезеңде қарап шығу, шимайқағаздар ретінде немесе қысқа уақытқа пайдалану үшін басып шығару сияқты жағдайлар бар.

– Қағазсыз өткен күн қағазға басып шығарар алдында өзіңе: «Бұл құжат маған қағаз түрінде шынымен керек пе?» деген сұрақты қоюдың керектігін тағы бір рет еске салды», – деген ойымен бөлісті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас маманы Мейрамбек Көбеев.

Қағазға басып шығарудан толықтай бас тарту мүмкін емес әрі мұның қажеті де жоқ. Кейбір құжаттар үшін қағаз нұсқасы әлі де қажет. Алайда электронды нұсқасы жеткілікті болған жағдайда, қосымша қағаз көшірмесін жасаудың қажеті жоқ.

«АлЭС» үшін мұндай тәсіл әлдеқашан жұмыс үдерісінің бір бөлігіне айналған. Ал Қағазға үзіліс күні ресурстарға ұқыпты қарау күнделікті қалыптасатын қарапайым әдеттерден басталатынын тағы бір рет еске салды.