«Қағаз десанты»: «АлЭС» АҚ-дағы 4,4 тонна макулатура қалайша ғаламшарды құтқару миссиясына айналып кетті»
Артқа
20.02.2025

«Қағаз десанты»: «АлЭС» АҚ-дағы 4,4 тонна макулатура қалайша ғаламшарды құтқару миссиясына айналып кетті»

Елестетіп көріңізші: 4,4 тонна қағаз – бұл екі жол талғамайтын көліктің немесе 4400 қорап кеңсе қағазының салмағы. Бірақ «АлЭС» АҚ үшін бұл сан жай ғана жүк емес, сананың символы болып табылады. 2024 жылы компания жұмыскерлері 4,4 тонна макулатура жинап, «Қағаз десанты» атты нағыз экологиялық операция жүргізді. Бұл жай ғана кәдеге жарату емес – бұл әр ағаш, су тамшысы және энергия киловатты есептелетін болашаққа қосқан үлес.

«АлЭС» АҚ бірнеше жылдан бері табиғатқа деген қамқорлықтың тренд емес, философияның бір бөлігі екенін дәлелдеп келеді. Макулатура жинау акциясы – «Батарейкаға екінші өмір сыйла» бастамасының қисынды жалғасы. Олар бірлесіп жауапкершілікпен тұтынудың экожүйесін қалыптастырады.

– «Біз қағаз жинап қана қоймай, ой-өрісті де өзгертеміз, – дейді Батыс жылу кешенінің ӨТБ жетекші инженері Денис Охман. – Біздің мақсатымыз – табиғатқа деген қамқорлықтың жақын адамыңа күлімсіреп қарағаның сияқты үйреншікті нәрсеге айналуы».

Тыныстап тұратын сандар:

4,4 тонна макулатура – бұл:
– құтқарылған 75 ағаш (1 тонна = 17 ағаш);
– 132 000 литр сақталған су;
– CO2 шығарындыларының 7,5 тоннаға қысқаруы (қағазды қайта өңдеу жаңасын шығаруға қарағанда энергияны 60%-ға аз қажет етеді).

Ең бастысы – бұл мыңдаған кеңсе құжаттары, қораптар мен газеттер, олар қоқыс тастайтын жерлерде жатудың орнына кітап, қаптама немесе тіпті құрылыс материалдары үшін шикізатқа айналып, екінші өмірге ие болды.

Бұл неліктен өте маңызды нәрсе болып табылады? Бүкіл әлем сияқты Қазақстан да климаттық қауіп-қатерлерге тап болып отыр. Экологтардың деректері бойынша:

– Қағаз қалдықтары қоқыс тастайтын орындардағы қоқыстың 40%-ын құрайды;
– Жыл сайын қағаз үшін 1 млн гектар ағаш кесіледі, бұл Алматы аумағынан 3 есе артық.

– «Қайта өңдеу – таңдау емес, қажеттілік, – деп атап өтті Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бас менеджері Салтанат Жанахметова. – Макулатураның әрбір килограмы ағаштарды сақтап қана қоймай, климатқа түсетін салмақты да азайтады».

XIX ғасырда қазақ ағартушысы Шоқан Уәлиханов: «Әлем мінсіз емес, біздің міндетіміз – оны жақсарту», – деп айтқан еді. Бұл сөздер бүгінде «АлЭС» АҚ жұмыскерлерінің қарапайым әрекеттерінен көрініс табуда.

– «Мен бұрын тапсырыс беруден қалған қораптардың қайда кететіні жөнінде ойланбайтынмын да» – дейді 3-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Светлана Ермолина. «Енді менің балаларым қағаздың қоқыс емес, ресурс екенін біледі».

 

«Қағаз десанты» – үлкен стратегияның кезеңі ғана. 4,4 тонна – бұл салмақ туралы айтылған нәрсе емес. Бұл жерде әңгіме СО2-ні сіңіретін 75 ағаш, даланы суға қанықтыратын 132 тонна су жөнінде болып отыр. Кеңселерден отбасына, ал олардан қоғамға қарай жол тартатын сана-сезім жөнінде айтылуда.

«АлЭС» АҚ экологиялық таза болашақтың айғайлап айтылатын ұрандар арқылы емес, күнделікті шешімдер арқылы құрылатындығын еске салады. Біреулер жаһандық жылыну жөнінде дауласып жатқан кезде басқалар параққа парақ, тоннаға тонна қоса отырып, жай ғана әрекет жасауда. «Қағаз десантына» қосылыңыз! Тіпті өңдеуге жіберілген түбіртектің өзі. – Сіздің планета тарихында қалдырған ізіңіз ғой.