Оюна Дашиева, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Электр техникалық зертханасының автоматика және метрология жөніндегі жетекші инженері
Артқа
18.02.2025

Оюна Дашиева, Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС Электр техникалық зертханасының автоматика және метрология жөніндегі жетекші инженері

Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-те Іле өзенінің суы мегаваттқа айналып жатқанда, Дашиева Оюна 14 жылдан бері әлемге көрінбейтін шедеврлер жасап келеді. Оның кенебі –  сынау және өлшеу схемалары, ал қолдары – дәлдігі жоғары аспаптар. Электротехникалық зертхананың автоматика және метрология жөніндегі жетекші инженері ретінде ол Қазақстандағы өлшем бірлігінің маңыздылығын өте жақсы біледі. Бірақ басқалар құрғақ сандарды көріп тұрса, Оюна суреттерден іздеген үйлесімділікті көреді.

Бала кезінде Оюна уақытын мольберттің алдында өткізіп, дизайнерлік мансапты ойлай жүріп, көркемөнер мектебін бітіріп шықты. Бірақ тағдыр тақтайшадағы бояуларды араластырғандай, басқа жолға салып жіберді. –  «Физика мен математика мен үшін әрқашан оңай болды, – деп еске алады ол. – Мен ағылшын тілінен өткен олимпиадаларда мектептің өкілі болдым, ал Томскідегі ЖЭО-да тәжірибеден өту кезінде бірінші рет ойланып қалдым: энергетика – бұл да шығармашылық, тек бояулардың орнына – формулалар, кенептің орнына – жабдықтар» болды.

Университеттен кейін ол екі жыл бойы зауыттағы металл конструкцияларының сапасын тексерді, бірақ оның жүрегі үлкен бір нәрсені талап етіп отырды. 2010 жылы Оюна Қапшағай ГЭС-ке БӨАжА бойынша инженер болып орналасты. «Мен сол кезде бұл жерде менің екі әлемім: дәлдікке деген сүйіспеншілік пен жасампаздыққа деген құштарлық біріктірілетінін елестете алмадым», – дейді ол.

Оның мансабы – табандылық маманды шеберге айналдыратыны туралы әңгіме. Алдымен – құрылғылармен мұқият жұмыс істеу, әрбір өлшеу тізбегін, энергияның трансформациялауының барлық кезеңдерін зерделеу. 2017 жылы жетекші инженер бола тұра, Оюна станциядағы жоғары вольтты сынақтар бойынша жауапкершілікті өзіне алды. «Бұрын мен тек өзіме ғана жауап беретінмін. Енді сыналатын жабдықтың жарамдылығы мен әріптестерімнің қауіпсіздігі менің шешіміме байланысты», – деп атап өтті ол.

2024 жылдан бастап Оюна жұмысты басқарып қана қоймай, сонымен қатар сынақ процесін ұйымдастыратын наряд-құжаттарды да береді. «Бұл оркестрге дирижерлік ету сияқты, – деп күледі ол. – Біз әрқайсысын тыңдауымыз керек: бірақ қорытынды аккорд ол – қауіпсіздік».

Оюнаға өзгеру дәуірінің бір бөлігі болу бақыты бұйырды: оның ГЭС-те жұмыс істеген жылдары энергияны дәл есепке алу үшін ЭКЕАЖ жүйесі енгізілді және генераторларды қоздыру жүйесі жаңғыртылды. «Бұрын аналогтық аспаптар мен есептегіштер есептеулерге, көрсеткіштерді алуға адамның қатысуын талап еткен, ал су құбырлары арқылы өткен суды есепке алу жүйесі есептеу тәсілімен айқындалатын – деп еске алады ол. Электр энергиясы мен су параметрлерінің қазіргі заманауи есебі жедел персоналға дереу секундтар ішінде ақпаратты беруге мүмкіндік береді. Бірақ техника миды алмастыра алмайды: өлшеу құралдарының ақаулығының себебін түсіну үшін тәжірибе керек».

Оның командасы энергетик «дәрігерлер». Олар станцияның жүйке жүйесін диагностикалағандай жабдықтың оқшаулануын тексереді және барлық аспаптардың бір тілде дәлдік тілінде сөйлеуін қадағалайды.

«Біздің жұмысымыздағы басты нәрсе ол – салқын ой мен ыстық жүрек, – дейді ол. –  Сен жабдықты сезінуің керек, ал шешімді өлшеп қабылдау керек». Оюна инженердің бір орында тұруға, үнемі дамуға, күрделі міндеттерден қорықпауға тиіс екеніне сенімді.

Оның басқару қағидаттары қарапайым және дана:

– Командаға сеніңіз: «Тек сіз ғана жұмыс істей аласыз деп ойлауға болмайды. Басқаларды да үйретіп, оны қолдауға дайын болу керек».

Оюна әзілмен компанияны сүйікті «Басқатырғыш» мультфильмінің кейіпкерлерімен салыстырады: «Егер АлЭС адам болса, онда департаменттер оның эмоциясына айналар еді, ал біздің ГЭС – бәрі үйлесімді жұмыс істеуін қадағалайтын қуаныш бола еді». Күн сайын оның командасы амперметрді калибрлеу немесе электр есептегішін орнату арқылы осы ағзаға «жандарының бір бөлігін» енгізіп отырады.

Дашиева Оюна инженерия ол өнерге қарама-қарсы емес, ол оның жалғасы екенін дәлелдеді. «Бұрын мен пейзаж жасайтын едім, – дейді ол ГЭС-тің толқыған суларына қарап. – Енді менің қазіргі суреттерім – бұл кез келген штрихтан гөрі кернеудің тамаша сызығы. Бірақ, мақсат солай қалды – ол әлемді көркейту. Менің қазіргі шығармашылығым адамдарға жарық беріп отыр».

Ш.Шөкин атындағы Қапшағай ГЭС-тің гидротурбиналары өз ырғағымен айналғанымен, Оюна барлығына білдірмей дәлдікті өнерге айналдырып отыр. Өйткені, кескіндемедегі сияқты, энергетикада да әрбір бөлшек батыл жақпадан бастап мінсіз формулаға дейін маңызды.