Оқу аудиториясынан – мамандыққа
«АлЭС» АҚ мен АЭжБУ-ді көпжылдық ынтымақтастық байланыстырады. Осы уақыт ішінде студенттерді энергетика өндірісімен, сұранысқа ие кәсіптермен және болашақта жұмысқа орналасудың мүмкіндіктерімен таныстырудың жақсы тәжірибесі қалыптасты.
Кезекті кәсіптік бағдар беру күні осындай тағы бір кездесуге айналды. Студенттерге «АлЭС» АҚ жұмысының қалай ұйымдастырылғаны, өндіріске қандай мамандар қажет екені және жас энергетиктің жолы неден басталуы мүмкін екені туралы айтылды. Бүгінде компанияда 3000-нан астам адам жұмыс істейді, ал оның құрамына үш ЖЭО, екі ГЭС, Батыс жылу кешені, «Энергожөндеу» ӨЖК және Отынды қабылдау және түсіру орталығы кіреді.

Жұмысшы және инженерлік мамандықтар туралы әңгіме ерекше қызығушылық тудырды. АлЭС үшін энергетика, жылу энергетикасы, автоматтандыру және басқару саласындағы мамандар әрдайым қажет.

Сондай-ақ жастарға жас мамандарды жұмысқа орналасқаннан кейін ненің күтіп тұрғаны туралы: оқыту, тәлімгерлік, жастар жобалары, әлеуметтік және тұрғын үй бағдарламалары, сондай-ақ кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Бейінді мамандықтарды таңдаған студенттерді қолдауға көмектесетін АлЭС-тің корпоративтік гранттарына ерекше назар аударылды.
– Мұндай кездесулер университетті бітіргеннен кейін сені не күтіп тұрғанын жақсырақ түсінуге көмектеседі. Мамандықты аудиторияда үйрену бір бөлек те, өз біліміңді нақты қайда қолдана алатыныңды көру – мүлдем басқа нәрсе, – деп ой бөлісті 2-курс студенті Мансұр Манарбекұлы.
Мұндай кездесулер АлЭС үшін де маңызды. Бұл – болашақ әріптестермен танысу, мамандықтың қыр-сырымен бөлісу және энергетика тек күрделі жабдықтар мен технологиялар ғана емес, сонымен қатар даму бағыттарының мол таңдауы екенін көрсету мүмкіндігі.
АЭжБУ-мен көпжылдық ынтымақтастық жалғасып, студенттерге оқудан болашақ мамандыққа барынша саналы қадам жасауға көмектесіп келеді.