Өз ісіне адал жан
Артқа
12.07.2026

Өз ісіне адал жан

Өмірде өз кәсібін бір тауып, ғұмыр бойы соған адалдықпен қызмет ететін жандар болады. Энергетика саласына 33 жылдан астам өмірін арнаған, Отынды қабылдау және түсіру орталығының 2-ЖЭО учаскесіндегі вагон қараушысы Миржан Жұмағалиұлы Сүлейменов – дәл сондай азамат.

Миржан Жұмағалиұлы 1966 жылы 12 шілдеде Алматы облысы Кемертоған ауылында дүниеге келген. Үш бала өсіріп, бүгінде он немересімен ерекше қуанышқа бөленіп, олардың бойына адалдық, еңбекқорлық, адамға деген құрмет сияқты басты өмірлік құндылықтарды сіңіруге тырысады.

Ол 1993 жылдың шілдесінде 2-ЖЭО-ның отын-көлік цехына жүк тиеуші болып жұмысқа келді. Ол кезде оның өзі де еңбек жолының басым бөлігі дәл осы жерде өтетінін болжай алмаған еді.

– Мен нағыз тәлімгерлерді кездестіргеніме ризамын. Цех басшысы Бақтыбек Тілеукенұлы Шоланбаев пен алғашқы ұстазым Анатолий Александрович Фищенко маған мамандықты ғана емес, ортақ іске деген жауапкершілікті де үйретті. Олардың ақыл-кеңестері әлі күнге дейін есімде, – дейді Миржан Жұмағалиұлы.

Техникаға деген сүйіспеншілігі мен үнемі жаңаны білуге деген құштарлығы оның алға қарай сенімді қадам басуына септігін тигізді. Ол жабдықтарды мұқият зерттеп, өндірістік процестерді меңгерді және жаңа міндеттерді мойнына алудан ешқашан қорықпады.

1998 жылы Отынды қабылдау және түсіру орталығы құрылғаннан кейін Миржан Жұмағалиұлы алғашқылардың бірі болып жаңа бөлімшеге ауысты. Энергетика мен теміржол шаруашылығын тоғыстырған бұл жұмыс оның жанына ерекше жақын болды. 2004 жылдың мамыр айынан бастап 2-ЖЭО учаскесінде вагон қараушысы болып еңбек етіп келеді.

Көпшілік үшін бұл мамандық елеусіз қалады, алайда жанармайдың уақтылы жеткізілуі, яғни станцияның жылдың кез келген мезгілінде тұрақты жұмыс істеуі вагондардың техникалық жағдайына байланысты.

Әрбір күн маған әрбір бөлшекке мұқият болудың қаншалықты маңызды екенін есіме салып тұрады. Станцияның үздіксіз жұмысы сенің еңбегіңе байланысты екенін түсінген кезде, өз міндеттеріңе ерекше жауапкершілікпен қарайсың, – дейді ол.

Осы онжылдықтар ішінде ұжым ол үшін шынайы туғанындай болып кетті. Ол мұнда көптеген өндірістік тапсырмалар мен өмірлік оқиғаларды бірге бастан өткерген пікірлес жандарды тапты.

– «АлЭС» АҚ-да жұмыс істеу мүмкіндігін берген тағдырыма ризамын. Кәсіпорнымызға даму, жаңа технологиялардың енгізілуін, тұрақты жұмыс, ал барлық әріптесіме зор денсаулық, амандық және ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін, – дейді Миржан Жұмағалиұлы.

Бүгінде ол өткен жолына көз жүгіртіп, дұрыс таңдау жасағанын сеніммен айтады. Отыз жылдан астам уақыт бойы ол кәсіпорын мен өз ұжымына адалдық сақтап, жұмысын адал атқарып келеді.

Энергетика саласы дәл осындай жандардың арқасында өркендеп келеді. Олардың тәжірибесі, сенімділігі және өз ісіне деген шынайы адалдығы «АлЭС» АҚ-ның болашаққа сеніммен қарауына және Алматы тұрғындарын жылумен әрі электр энергиясымен қамтамасыз етуіне көмектеседі.