Өткеннің энергиясы – бүгінде
Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО құрылысының басталуы нағыз халықтық құрылысқа айналды. Сол кезеңде Алма-Атаға жан-жақтан тұтас отбасылар көшіп келе бастады. Көпшілігінде арнайы білім мен тәжірибе болмағанымен, ең бастысы – еңбек етуге деген ниет пен ынта еді. Қайлалар, күректер, қоларбалар мен сүймендер техника мен механизмдердің орнын басты. Бүгінде, 90 жыл өтсе де, мұндай күш-жігермен электр станциясының салынғанын елестетудің өзі қиын.

Станция ардагері Мария Максимовна Катаева балалық шағындағы естеліктерін былайша жеткізді:
– Құрылыс кезінде қазақтар ауылдарындағы өз отбасыларын арбаға салып көшіп келді. Әйел адамдардың қолдарынан құрлыс келмесе де, олар құрылысшыларға тамақ пісіріп көмектесіп отырды. Әйелдер бір жағынан үлкен қазандарда тамақ дайындап жатса, ер адамдар болса болашақ станцияның іргетасын өз қолдарымен құйып жатты. Тіпті балалар да су тасуға көмектесті. Қазақтарда керемет дәстүр бар ол – асар деп аталады, яғни бәрі бірігіп, бір-біріне жәрдемдеседі. Біз жақын арада бәріміздің үйімізде әйнек шамдар жанатынын жақсы білдік ! Ал, балалар болса осыған ерекше қатты қуанды, себебі енді керосин шамының күйесін тазаламайтын болды!»
Бұл кадрлар біздің үйлерімізде жарық пен жылудың мыңдаған адамның арманы мен еңбегінен басталғанын еске салады.
Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/shorts/VlJwneq0M2s