ОЭС сандарының энергиясы мен динамикасы (Б.Оразбаев атындағы Алматы 1-ЖЭО)
1935 жылдың қазан айына дейін сол кездегі Қазақ АКСР-інің астанасы Алма-Атаның жеке электр станциялары болмады. Қала 1928 жылы іске қосылған бірнеше дизельді қондырғының энергиясымен қуаттандырылды.
Ал 1935 жылы Алма-Ата ОЭС алғашқы 1,8 млн кВт·сағ электр энергиясын берді. Бүгінгі күнмен салыстырғанда бұл – атауы өзгертілген ОЭС, яғни қалалық 1-ЖЭО-ның тәуліктік өндірісінен аз. Алайда келесі жылы-ақ өндірім көлемі 10,7 млн кВт·сағ электр энергиясын құрады. Алматы энергетикасы осылай басталған еді.

Кейінгі жылдары жұмыс істеп тұрған станция жұмыс режимінде кеңейтіліп, қосымша құрылыстармен толықтырылды. Мәселен, 1940 жылға қарай тағы үш қазандық пен үш турбина орнатылды. Жалпы қуаты 10,5 МВт-қа жетіп, энергия өндірімі 53,6 млн кВт·сағ құрады.
1-ЖЭО мен мемлекеттік архивте сол жылдардағы бірегей құжаттар мен жылдық есептер сақталған. Мұрағаттағы кестелердің бірінде 1936-1944 жылдар аралығында электр энергиясын өндіру алты есеге артқаны көрінеді. Ал 1945-1946 жылдардағы кестелер максималды жүктеме, электр энергиясын өндіру, негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер, ПӘК сияқты көрсеткіштердің өскенін айғақтайды. 1950 жылы (соғыс жылдарына қарамастан) электр энергиясын өндіру 87,4 млн кВт·сағ дейін өсті.

Электр энергиясына сұраныс пен оны өндіру дәл соғыс жылдарында күрт артты, себебі 1941-1945 жылдары республикаға көптеген жаңа кәсіпорын көшіріліп, іске қосылды. Мәселен, бір ғана Алма-Атаның өзіне 19 ірі өнеркәсіптік өндіріс эвакуацияланды. Олардың арасында кейін негізінде АЗТМ құрылған Луганск паровоз жасау зауыты сияқты энергияны көп қажет ететін кәсіпорындар да болды. Көшірілген кәсіпорындардың көбі кейіннен Қазақстан астанасының өнеркәсіптік келбетінің негізін қалады.
Жалпы, 1935 жылы алғашқы Алма-Ата ОЭС іске қосылған сәттен бастап 2026 жылдың шілдесіне дейін «АлЭС» АҚ құрамына кіретін Алматының барлық электр станциясы 263 млрд кВт·сағ электр энергиясын және 372 млн Гкал жылу өндірді.