Өнер отбасылық дәстүрге айналғанда
Артқа
14.07.2026

Өнер отбасылық дәстүрге айналғанда

Картиналар сөзсіз-ақ тарихты баяндап, шабыттандырып, таңғалдырып, соны сезімдер сыйлай алады. 11 шілде күні Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде өткен күн «АлЭС» АҚ қызметкерлері мен олардың балаларының есінде осылай сақталды.

Экскурсия «АлЭС» АҚ Әйелдер клубының жұмысы аясында ұйымдастырылып, ата-аналар мен балалардың басын қосып, кескіндеме, мүсін және қазақстандық өнер тарихы әлеміне жасалған әсерлі саяхатқа айналды. Кәсіби экскурсоводтар қонақтарды музейдің бірегей жәдігерлерімен таныстырып, суретшілердің өмірі туралы қызықты деректермен бөлісіп, әр картинаның астарындағы ерекше тарихты көруге көмектесті.

Көптеген бала үшін бұл еліміздің басты музейлерінің бірімен алғашқы таныстық болды. Олар экскурсоводтарды зейін қоя тыңдап, сұрақтар қойып, картиналарды тамашалап, алған әсерлерімен ықыласпен бөлісті.

– Маған Қастеев атындағы музейге барған экскурсия қатты ұнады. Экскурсоводты тыңдап, картиналарды қарау өте қызықты болды. Мен көп жаңа нәрсе білдім және әр картинаның артында өзіндік тарихы жатқанын түсіндім. Бұл жерге тағы да келгім келеді, – деп әсерімен бөлісті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО электр станциясының химсутазарту аппаратшысы Гүлнар Мұңатбаеваның ұлы, 7 «Е» сынып оқушысы Ерасыл Көшелеков.

Басқа да жас қатысушылар осындай жарқын сезімге бөленді.

– Маған ең қатты ұнағаны – музейде өте көп әдемі картиналардың болғаны. Олардың қалай салынғанын білу және экскурсоводтың әңгімелерін тыңдау қызықты болды. Енді музейлерге жиі барып тұрғым келеді, – деді А.Жақытов атындағы 2-ЖЭО компрессорлық қондырғыларының машинисі Айна Оңалбаеваның ұлы, төртінші сынып оқушысы Әли Абзалұлы.

Ата-аналар да кем емес жағымды әсер алды.

– Компаниямыз Қастеев атындағы музейге экскурсия ұйымдастырды, біз де балаларымызбен бірге қуана-қуана жазылдық. Экскурсия тек балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты болды. Экскурсоводтар көптеген жаңа әрі пайдалы ақпарат айтып берді. Осындай отбасылық демалысты тамаша ұйымдастырғаны үшін Әйелдер клубына алғыс білдіреміз, – деп атап өтті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО жөндеу және табиғатты қорғау қызметі цехының лаборанты Әсел Өмірәлиева.

Мұндай іс-шаралар корпоративтік өмір тек жұмыстан ғана тұрмайтынын, сонымен қатар бірге уақыт өткізуге, жаңа дүниелерді тануға және игі отбасылық дәстүрлерді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін еске салады. Ұзақ жылдар бойы бізбен бірге қалатын ең жылы естеліктер дәл осындай сәттерден құралады.