Өмір нұрын жағып: Еңбегі мыңдаған үйлерді жылытатын, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі, Анна Шкурованың хикаясы
Артқа
28.02.2025

Өмір нұрын жағып: Еңбегі мыңдаған үйлерді жылытатын, Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қазандықтарды басқарудың орталық жылу қалқанының машинисі, Анна Шкурованың хикаясы

Турбиналардың шуы мегаполистің ырғағымен үйлесетін Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да Анна Шкурованың жылу мен жарықты күзетіп жүргеніне міне екі онжылдық та болып қалды. Оның жұмыс күні, қысым, температура және энергия ағындары туралы тарихты сандар мен кестелер баяндайтын, Басқарудың орталық жылу қалқанының мониторларынан басталады. Бұл көрсеткіштердің артында технология ғана емес, сонымен қатар әр іске қосылған жарықшам немесе ыстық радиаторға қаншама күш пен білім салынғанын білмейтін адамдар өмірлері тұр.

Бала кезінде Анна өзін ақ халатпен елестетіп, өмірлерді құтқаруды армандаған. Бірақ, әдеттегідей, тағдыр басқаша шешті. Бір күні ЖЭО-ға экскурсияға барып, ол зәулім қазандықтар мен құбырлардың шырмауын көріп тұрып қалды. «Тірі ағзамен кездескендей болдым, – деп есіне алады Анна. – Мен түсіндім: мұнда да өмірлерді құтқарады, бірақ өзгеше. Энергиясыз ауруханалар, мектептер, үйлерде жылу жоқ». Сол сәттен бастап оның жүрегін энергетика мәңгіге жаулады.

2005 жылы су жылыту қазандығы операторынан бастап, Анна шабыттандыратын фильм сценариі бола алатын жолды өтіп шықты. Разрядтан разрядқа, қарапайым тапсырмалардан күрделі энергетикалық қазандықтарды басқаруға – әр қадам табандылықты қажет етті. «Қолымнан келмейді деп ойлаған сәттерім де болды, – деп мойындайды ол. – Бірақ қасымда әрдайым маған, өзімнен де көбірек, сенетін адамдарым болды».

Оның тәлімгерлері – ЖЭО аңыздары. Энергетикаға 42 жылын арнаған, Надежда Ивановна Кортышко Аннаға музыкант аспабын сезетіндей, жабдықтарды да солай «сезуді» үйретті. Цех бастығының орынбасары, Александр Анатольевич Сидоров оған, әр бөлшек басқатырғыш бөлімі тәрізді, энергетикалық қазандықтар әлемін ашты. Ал 40 жылғы тәжірибесі бар, Светлана Алексеевна Сергунцова, мыңдаған адамдардың өмірі саған байланысты болғанда, бірнеше секунд ішінде шешім қабылдаудың қалай екенін көрсетті.

2017 жылы станция көмірден табиғи газға ауысты. Анна үшін бұл жаңа белес болды: «Көмір ескі досымдай еді – болжамды, бірақ қыныр. Газ басқа тәсілді қажет етті: нақтылықты, физика мен химия туралы терең білімді». Ол жаңа стандарттарды оқыды, рұқсаттамалар алу үшін емтихандар тапсырды, тәуекелдерді басқаруға үйренді. «Бұл велосипедтен кейін реактивті ұшаққа отырғандай еді. Қорқынышты ма? Әрине. Бірақ қорқынышты жеңген кезде – шаттықты сезінесін», – дейді ол.

«Барлығы тиісінше жұмыс істеп тұрғанда, біздің еңбек көрінбейді, – деп күлімсірейді Анна. – Бірақ нағыз марапат осы». Машинис жұмысы – бұл жабдықтармен үздіксіз диалог. Датчиктер, қысым, температура режимдері – кішігірім шиеленіс аварияға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да, бұл жерде тек білім ғана емес, мінез-құлық: тәртіп, қысымның астында деректерді талдай білу, топпен жұмыс істеу бағаланады.

Аннаның айтуы бойынша, заманауи технологиялар адамды алмастырмайды, керісінше күшейтеді. Автоматизация қалыптасқан тәртіпті жеңілдетті, бірақ түпкілікті шешімді бәрібір адамдар қабылдайды. «Компьютер қақпақшаның неге шуылдағанын немесе құбыр неге дірілдегенін айта алмайды. Ондай білім тәжірибемен ғана келеді», – деп түсіндіреді Анна.

Аннаның өмірлік ұстанымы – «Қол жеткізгеніңмен тоқтамай, алға ұмтылу». 20 жылда ол мамандықты игеріп қана қоймай, сонымен қатар жас әріптестеріне тәлімгер болды. «Энергетика – спорт тәрізді: дамымасаң, артқа ораласың», – деп сенімді ол.

«АлЭС» АҚ ол екінші үйім дейді. «Мұнда тұрақтылық, ал ең бастысы – өсуге мүмкіндік береді. Күн сайын мен өз еңбегімнің маңыздылығын сезінемін. Кешке қала жарығын көрген кезде, бұл жарықтың бір бөлігі – менің де жарығым екенін білемін».

Анна Шкурованың хикаясы – тек мансаптың өсуі туралы емес. Бұл іске деген сүйіспеншіліктің қызметке қалай айналатыны туралы хикая. Оның қолдары адамдарды емдемейді, бірақ олар қала өмірін сүйемелдейді. Оның шешімдері диагноздар қоймайды, бірақ апаттардың алдын алады. Ал оның табандылығы нағыз энергия қазандықтарда емес, күн сайын олар үшін жауапты адамдардың жүрегінде пайда болатынын дәлелдейді.

«Кезінде мен, ЖЭО көрінісін тамашалап, ақ халатты қаһарман болғым келді, – дейді Анна. – Қазір қаһармандар арнайы киіммен де болуы мүмкін екенін түсінемін».

Қала тұрғындарының үйлерінде жарық жанып, қысқы кештерде батареялар жылытып тұрғанда Анна Шкурова сияқты адамдар көрінбесе де, алайда жылудың таптырмайтын күзетшілері – жүректері турбиналар ырғағымен соғатын, энергетика алыптары болып қала береді.