Нұрлан Жақан: Ер адам болу, ол өз ісіңді де жақсы білу
Артқа
17.06.2025

Нұрлан Жақан: Ер адам болу, ол өз ісіңді де жақсы білу

Егер 3-ЖЭО электр монтері Нұрлан Жақанның өмірлік философиясын қандай кітаптар, даналықтар мен адамдар анықтайтынын қарайтын болсақ, онда оның мінезі мен кәсіби жолынан көп нәрсені түсінуге болатын еді.

– Бір кезде менің атам маған былай деген еді: «Адам бол, балам. Әрбір іске ақылмен, мағынамен қара». Осы сөздер – менің мінезімнің өзегі, өмірлік қағидаларымның негізі. Мен бұл сөздерді былайша түсінемін: мен, тек өзім ғана, жасаған ісіме, жоспарларымның қалай орындалатынына, осы өмірде неге қол жеткізгеніме және неге қол жеткізетініме жауаптымын, – дейді Нұрлан. – Мектеп бітіргеннен кейін, мен институт таңдап жатқанда, энергетик боламын деп шештім. Бұл шешімге әртүрлі мамандықтарды саралап келіп тоқтадым: бала кезімде құрылысшы болуды армандадым, мектепте геодезист болғым келді… Бірақ ақырында энергетика саласында жұмыс істеймін деп шештім. Университетті бітірген соң, түйіндемемді барлық энергетикалық компанияларға жібердім. Менің алғашқы жұмысым және энергетика секторын түсінуім АО «АлЭС»-тің Кадр бөлімінен басталды. Бұл ретте, 2022 жылдың желтоқсан айында Электр цехының бастығымен кездескен кезім мен үшін өте маңызды болды, сол кезде станциямен де, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықпен де таныстым. Менің алғашқы тәлімгерім Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Электр цехының ауысым бастығы Алау Ахмадиев болды. Ол маған кез келген жұмысты, қажетті әрекеттер мен күтілетін нәтижені егжей-тегжейлі, әрі түсінікті етіп түсіндіріп берді. Маған, жаңа қызметкер ретінде, жұмыс орнына бейімделуге көмектескен әріптестеріме де үлкен алғыс айтамын. Бұл нағыз кәсіби мектеп болды. Мамандыққа баратын шынайы бастама осыдан басталды.

Жұмыс істеп, үдеріске кіріскенде, оның үстел үстінде «Дао Toyota: әлемнің жетекші компаниясы менеджментінің 14 қағидаты» кітабы болды. Оның авторы – Мичиган университетінің өнеркәсіптік инжиниринг профессоры Джеффри Лайкер. «Менің ойымша, бұл өндіріс жөніндегі ең үздік кітап, ол қажетті тәжірибені, перспективалық көзқарасты береді», – дейді Нұрлан Жақан.

Ол әлі де болса өте жас электрик маман болғанымен, іс жүзінде ол өзін толықтай көрсете білді. Нұрланның басты ұстанымдарының бірі – ол алдымен өзіңе жауапты болуды білдіреді. Әсіресе күрделі жағдайларда, яғни шешім қабылдау кезіндегі жылдамдық, ал қажет кезде талап етілетін білім мен кәсібилік. Ол электр қуатымен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды қажет ететінін жақсы біледі. Сондықтан әріптестерін әрдайым осы талаптарды қатаң ұстануға шақырып отырады. Бақытымызға орай, оның кәсіби қызметінде жазатайым оқиғалар болған жоқ. Дегенмен, күрделі, нақтырақ айтқанда, аса жауапты жағдайлар болып тұрды.

– Мұндай сәттер де аз болған жоқ, – дейді Нұрлан. – Солардың бірі есімде жақсы сақталып қалды. Бұл 3-ЖЭО станциясындағы №2 қазанды техникалық бұғаттау тексерісі кезінде болған жағдай. Сол кезде менде жұмыс тәжірибесі әлі аз болғанымен, жауапкершілікті өз мойныма алдым. Ол кезде мен небәрі 23 жаста едім. Соған қарамастан, қазандықты мұқият тексеріп шығып, тапсырманы сәтті орындадым. Бұл – өз-өзіме риза болған санаулы сәттердің бірі болды, – дейді Нұрлан. Қазіргі заманауи технологиялар тұрғысынан алғанда, 3-ЖЭО – өте қарапайым әрі ескі станция, онда «көне» аппаратураларды көруге болады. Алайда бұл жабдықтар әрдайым мінсіз жұмыс істей бермейді, керісінше, жаңа әрі заманауи құрылғыларға қарағанда жиі әрі көбірек назар аударуды талап етеді. Қазір менің жұмысымның негізі – техникалық тексерулер мен сынақтар жүргізу, жабдықтарды қалыпты жағдайда ұстау және әртүрлі бақылау шараларын жүзеге асыру. Бұл – менің қызметтік міндеттерім. Маған электрмонтаж жұмыстарымен айналысқан ұнайды, және де қаланы электр энергиясымен қамтуға үлес қосып жүргеніме қуаныштымын. Мұндай жұмыста ең маңызды қасиеттер – қырағылық, ұқыптылық, білім, шешім қабылдауда сабыр мен байыптылық, сондай-ақ… командадағы әріптестерге деген ізгі ниет пен мейірімділік.

Дегенмен, мейірімділік – өмірдегі ең маңызды қасиеттердің бірі. Нұрлан Жақан ұжымға тез әрі жеңіл бейімделді. Ол барлық әріптестерімен бірден танысып, жастар ұйымы арқылы да, спорттық турнирлер мен ортақ мерекелер кезінде де ұжым өміріне белсенді араласа білді. Мысалы, «АлЭС» АҚ ұжымы жыл сайын бірігіп атап өтетін Наурыз мейрамы – осындай біріктіруші шаралардың бірі. – Бірлік бар жерде – тірлік бар! Энергетика саласына күш-қайрат жұмсаудан тартынбаңыздар, – деп осылай өзіне де, әріптестеріне де үнемі айтып жүреді Нұрлан Жақан.

Ал өмірдегі ең басты құндылық – ол отбасы. Нұрлан үшін отбасындағы сөзсіз бедел иесі – оның әкесі. Ал рухани, адами тұрғыдағы тағы бір үлкен тұлғасы – ол Абай. Әсіресе, оның әйгілі өсиет-нақылдары жазылған «Қара сөздері». Бұл еңбек орыс тілінде «Слова назидания» деген атаумен жарық көрген.

– Мен Абайды таңдаймын, өйткені ол арқылы халқымыздың даналығын бойыма сіңіргім келеді, – дейді Нұрлан. – Бұл менің ақыл-ойымды, мінезімді шыңдайды. Өмір сүру қағидаларын, бақытты болудың жолын үйретеді. Ата-бабаларымыздың даналығы – өз ой-толғауыма, өмірлік ұстанымдарыма, жаңа жоспарларыма негіз болады. Мен өзіме үнемі: «Бүгінгі күн кешегідей болмауы тиіс! Алға жылжып, жаңа мақсаттарға ұмтыл!» – деп айтып жүремін.

Нұрлан үшін қарапайым өмірдің қуаныштары да жат емес. Оның жеке көлігі бар, сол арқылы жиі табиғат аясында серуендеп, тынығуға мүмкіндік алады. Ол жас кезден-ақ денсаулыққа қамқор болу керектігіне сенімді, яғни энергияны босқа шашпай, оны игі істер мен мақсаттарға бағыттау керек деп есептейді.

… Бала кезінде Нұрлан балмұздақ дайындауды үйренуді армандайтын. Бүгінде ол сүйікті ісімен айналысады және достары мен балаларын қуантатын балмұздақтарды да өзі жасай алады. Алайда Нұрлан Жақанның мақсаттары мұнымен шектелмейді – ол бір арманына қол жеткізсе, келесі биіктерді бағындыруды армандайды…