Металмен жұмыс жасау өнері: 45 жыл станок жанында
Мамандық бойынша 45 жыл жұмыс істейтін, Каскад ГЭС Электр машиналық цехының токарі Аскар Конарбаевтың хикаясы
9-сыныпта Асқар Қонарбаев шеберханаға алғаш кірген кезде уақыт тоқтап қалды. «Менің алдымда майлы комбинезон киген токарь тұрды, оның қолдары станокта биледі. Қатқыл кесек болаттан, сиқыр сияқты, тегіс, жылтыр, мінсіз бөлшек туындады. Бұл жәй ғана «Машинатану» сабағы емес еді – бұл мамандық құпиясын ашу болды. Менің, мектепке қайтып бара жатып, басымда бір ғана ой болды: «Мен де солай жасағым келеді!». Ол кезде бұл ұшқынның менің тағдырымды анықтағанын әлі білмедім».
Аскар Лазатевичтің оқушыдан шеберге дейінгі еңбек жолы Семей механикалық техникумында басталды. Одан кейін әскери қызмет болды. Содан соң – мамандықтың салмағын алғаш рет сезінген, арматура зауыты болды. «Токарь – жәй ғана «бөлшекті ұштау» емес. Ол сызбаларды шынайылыққа айналдыратын, алхимик. 80-жылдары біз ептілікті ғана емес, сезгіштікті де талап ететін станоктармен жұмыс істедік. Жоңғышты баптауды, жылдамдықты таңдауды, микротегіссіздікті компьютерге сеніп тапсыруға болмайды. Рұқсаттамада қателік кетсе, бөлшек ақауға кетеді, ал онымен бірге еңбек сағаттары да» – дейді Аскар Конарбаев.
КСРО шеберлерінің құпиясы – тәжірибені қолдан қоға беріп отыру. «Менің тәлімгерлерім – Виталий Дукарт, Иван Келлер, Володя Шпирленг – хирургтар сияқты қатал еді. «Токарь – ақыл мен сабырлық», – дейтін олар. Виталий төлкені, мен нақтылық – бұл сандар емес, металға деген құрмет екенін түсінбегенімше, он рет қайта жасатқаны әлі есімде. Ал 1986 жылы мен Мәскеудегі Жас мамандар слетіне бардым. Онда мен, өзім сияқты энтузияасттардың арасында, біз – өнеркәсіп қаңқасы екенімізді түсіндім. Плакаттар қаһармандары емес, елдің тіршілігін ұстап тұратындармыз».
Бұрын токарь инженер де, математик те еді. Бүгін СББ (сандық бағдарламалық басқару) станоктары жұмысты жеңілдетті, алайда кәсіптің жанын емес. Курсктегі «ГеоМАш» зауытында мен алғаш рет бағдарламаның қолды алмастырғанына күә болдым. Бірақ қазірдің өзінде, біздің станок паркіне (кейде – 1947 жылы шығарылған!) қарап, шебер машинадан маңыздырақ екеніне сенімдімін. Заманауи технологиялар – бұл құрал, бірақ «металды сезіне» білусіз олар өлі».
Осы жылы Аскар Лазатевич зейнетке шығады. Оның ойынша, Жұмысшы мамандықтарының жылы – бұл жоғалтқанды қайтару үшін керемет мүмкіндік. Қазір жастар цехтардан кеңселерге жүгіреді, ал станоктар оқушыларсыз ескіруде. Мектептерге еңбек сабағын «екінші сұрыпты пән» ретінде емес, ал жасап шығару өнері ретінде қайтару қажет деп санайды. «Балалар көруі тиіс: жону станогы – бұл әлемді құрған, өткен шақтың 3D-принтері». Екіншіден, оның ойынша, зауыттарда оқу орталықтарын ашу қажет. Теория емес, тәжірибеде: ардагерлер жастарды шынайы станоктарда үйретсін.