Мектеп оқушылары электр станция құпиясын ашты: 3-ЖЭО-ға экскурсия
Артқа
27.03.2025

Мектеп оқушылары электр станция құпиясын ашты: 3-ЖЭО-ға экскурсия

Наурыз айында Өтеген-батыр ауылының №38 мектеп-гимназиясының 11 «В» сынып оқушылары, ұзақ уақыт естерінде қалатын, ғажап экскурсияға аттанды. «Жұмысшы мамандықтарының жылы» және энергетикалық мамандықтарды көпшілікке танымал ету жөніндегі жоба аясында «АлЭС» АҚ мектеп оқушыларын 3-ЖЭО-ға шақырды. Гуманитарлық бағдардағы 18 жоғары сынып оқушыларын және олардың сынып жетекшісі Валентина Александровна Захарчук үшін бұл алып турбиналар, үлкен қазандар және күрделі инженерлік жүйелер әлеміне алғаш өтулері болды.

Станцияның аумағына кіре берісте-ақ мектеп оқушыларының келбеттерінен таңдану мен масаттанулары байқалды. «Біз электр станцияның соншалықты үлкен екенін және біздің ауылға жақын орналасқанын елестете де алмадық», – деп кейін бөлісті олар. Міндетті кіріспе нұсқамадан кейін және қорғаныс дүлығаларын алған соң (өйткені қауіпсіздік – бұл «АлЭС» АҚ басты артықшылығы) мыңдаған үйлер үшін жарық пен жылу туындайтын цехтар бойынша саяхат басталды.

Экскурсияны бас инженердің орынбасары Мұрат Олжабаев өткізді. Ол балаларға негізгі учаскелер арқылы өтуге мүмкіндік беретін, көмір өз жолын бастайтын, көлік-отын цехынан бастап, қазандықтарға, турбиналарға және генераторларға дейінгі арнайы қауіпсіз бағыт әзірледі. Мектеп оқушылары көмірдің энергияға айналуын, цехтардағы жұмыстың қайнап жатқанын, және жүздеген мамандардың үйлесімді еңбектері станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуін көрді.

– Бұл ғажап болды! Кейбір орынжайларда үлкен тірі ағза ішіндегідей сзінесің, – деп бөлісті Мария Бирбичадзе. «Бұрын біз жай ғана розеткедағы жарықты, бұның артында қандай алып еңбектің тұрғанын ойламастан, қосатын едік. Енді мен энергетиктердің нағыз қаһарман екендерін анық білемін!», – деп қосты оның сыныптасы Жанерке Байымбетова.

Сыныптың гуманитарлық бағытына қарамастан, экскурсия балалардың техникалық ғылымдарға деген қызуғышылықтары ұшқынын жақты. Олар: «Бұндай алып механизмдерді қалай басқарады?», «Мұнда ең маңызды мамандықтар қандай?», «Физика пәнін жақсы көріп, станцияда жұмыс істеуге бола ма?» – сұрақтарын жаудырды. Мұрат Олжабаев, «Энергетика – бұл тек күш қана емес, бұл интеллект. Мұнда инженерлер де, экологотар да, IT-мамандары да керек», – екенін айта отырып, әр сұраққа толық жауап берді.

«АлЭС» АҚ оқушыларға болашақ мамандықтар әлеміне есік ашып қана қоймай, компания брендінің артында нақты адамдар, технологиялар мен жылу және энергиямен үздіксіз қамтамасыз ету миссиясы тұрғанын көрсетті. Мүмкін, дәл осы күн балалардың бірі үшін энергетика саласындағы алғашқы қадам болар.

«Бұндай жобалар жастардың жұмысшы мамандықтарына деген көзқарастарын өзгертеді. Тіпті гумантарийлер де энергетика – бұл серпінді, беделді және өте маңызды екенін түсінді», – дейді Валентина Захарчук.

Экскурсия аяқталды, бірақ әсері ұзақ уақытқа сақталады. Ал «АлЭС» АҚ-ның жаңа әлеуетті амбассадорлары – үйлеріндегі жарық осында нағыз кәсіпқойлар еңбектерінің, білімдерінің және passion арқасында туындайтынын білетін, шабыттанған оқушылар – пайда болды.