Мақтаныш тудыратын қашықтық: АлЭС қызметкерлері Алматы жартылай марафонында
Артқа
19.04.2026

Мақтаныш тудыратын қашықтық: АлЭС қызметкерлері Алматы жартылай марафонында

«АлЭС» АҚ қызметкерлері жыл сайынғы Алматы жартылай марафонына қатысып, корпоративтік жақсы дәстүрді қалыптастыруды жалғастыра отырып, стартқа шықты және дене дайындығы ғана емес, мінездің күші де тексерілетін қашықтықты бірге өткерді.

Биыл компаниядан марафонға бес адам қатысты. Біреу үшін бұл бұрыннан таныс қашықтық, ал біреу үшін бұл жүгіру әлеміне алғашқы маңызды қадам. Бірақ барлығы үшін бұл бастама – жеке жеңісі болды.

«АлЭС» АҚ Жөндеулер басқармасының бас маманы Ұлбике Серікболқызы жартылай марафонға алғаш рет қатысты. Ол 2 сағат 20 минутта 21 шақырымды жүгіріп өтті:

– Алматы жартылай марафоны тамаша өтті, барлығы жоғары деңгейде болды. Осындай тамаша ауа – райында Алматы көшелерімен жүгіру бір ғанибет. Мәреде қашықтықты жүгіріп өткен әріптестерді көргенде, біздің компания үшін нағыз мақтаныш сезімін сезіндім.

Сенімді нәтижені А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы Азамат Мендалиев те көрсетті, ол 21 км қашықтықты 2 сағат 12 минут уақытпен аяқтады.

Қатысушылардың әрқайсысы өз қашықтығын – басында толқумен, жолда күреспен және мәреде күшті эмоциялармен жүгіріп өтті. Дәл осы сәттер ең құнды болмақ.

Каскад ГЭС кадрларды дайындау жөніндегі инженері Назерке Ахметова:

– Марафон мен үшін нағыз сынақ болды және өте күшті әсер қалдырды. Атмосфера керемет шабыттандырды: әр кезеңде қолдау сезілді. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған, бәрі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған. Трасса қызықты, кейде қиын, бірақ бұл қызығушылықты арттырды. Ал мәре – бұл бөлек оқиға: мақтаныш пен қуаныш сезімін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мен бұл тәжірибені тағы қайталағым келеді.

Марафонға қатысу – спорттан да жоғары. Бұл тәртіп туралы, соңына дейін жүру және біртұтастықты көрсететін қолдау туралы. АлЭС қызметкерлері: компанияның энергиясы – бұл қалаға беретін жылу мен жарық қана емес, сонымен қатар жетістікпен тоқтап қалмайтын адамдардың ішкі күші екенін тағы да дәлелдеді.