Кубок қайта оралды
Артқа
28.09.2026

Кубок қайта оралды

Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да станция бөлімшелері арасында шағын футболдан турнир өтті.

Биыл оны жылыту маусымы басталар алдында өткізу туралы шешім қабылданды. Жақында станция энергетиктері үшін жауапты кезең: қарқынды жұмыс ырғағы басталады. Кейін бәрінің бірге жиналуы оңай болмайды. Сондықтан турнир жұмыс орындарынан тыс кездесіп, пікір алмасуға және уақытты пайдалы өткізуге жақсы мүмкіндік болды.

Жарысқа алты команда қатысты: «Турбиналық цех 30+», турбиналық цехтың жастар командасы, қазандық цехы, электр цехының екі командасы және 1-ЖЭО-ның ӨЖК.

Турнирдің басты ерекшелігі ауыспалы Кубоктың қайта оралуы болды. Оны тағы да станция бөлімшелері арасында сарапқа салуды ұйғарды.

– Жылыту маусымы алдында әріптестерімізді жинап, спорттық көңіл-күйді қолдағымыз келді. Сонымен қатар, біз ауыспалы Кубокты қайта жаңғырттық. Енді ол үшін күрес дәстүрге айналады деп үміттенеміз, – деді ұйымдастырушылар.

Ойындар эмоцияға толы әрі тартысты өтті. Командалар әр доп үшін күресіп, бір-бірін қолдап, соңғы сәтке дейін есепті өзгертуге тырысты.

Бірінші орынды «Турбиналық цех 30+» командасы иеленді. Ауыспалы Кубок дәл осы командаға бұйырды.

– Әрине, жеңіс қуантады. Бірақ ең бастысы, бәріміз бірге алаңға шығып, ойнап, пікір алмаса алдық. Жастарымыз мықты, сондықтан келесі жолы бұдан да қызықты болады, – дейді команда ойыншысы, турбиналық цехтың 6-разрядты аға машинисі Данияр Жұмаев.

Екінші орынды турбиналық цехтың жастар командасы иеленді.

– Жеңіске жетуді қалап едік, бірақ екінші орын біз үшін де жақсы нәтиже. Енді келесі жолы Кубокты алу мақсаты тұр, – деп атап өтті турбина цехының 4-разрядты турбиналық жабдықтар бойынша машинист-қараушысы Мадияр Шарғын.

Үшінші орын 1-ЖЭО-ның ӨЖК командасына бұйырды.

– Мұндай кездесулер шынымен де жақындастырады. Жұмыста біз өндірістік мәселелер бойынша кездесеміз, ал мұнда мүлдем басқа атмосфера. Бір-бірімізбен сөйлесіп, жанкүйер болып, уақытты жақсы өткізуге болады, – деп бөлісті «Энергоремонт» ӨЖК электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Асхат Сәмет.

Жақын арада жарысқа қатысушылар жылыту маусымының жұмыс ырғағына қайта оралады. Ал ауыспалы кубок енді келесі турнирді күтеді.

Кубок қайтадан ойында.