Конституция және еңбек адамы: АлЭС өндірістік департаменттерінде негізгі Заңға енгізілген өзгерістер талқыланды
«АлЭС» АҚ барлық өндірістік департаменттерінде мамыр айында ҚР Конституциясына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге арналған кездесулер мен талқылаулар өтті. Компания қызметкерлері жаңартылған нормалардың маңызы, олардың қоғамға, еңбек қатынастарына және ел дамуына әсері туралы пікір алмасты.
Энергетиктер үшін бұл тақырып ерекше өзекті болды. Жауапкершілік жоғары және қауіпсіздік талаптарын сақтау күнделікті жұмыстың бір бөлігі болып табылатын салада әлеуметтік қорғалу, әділдік және еңбек адамына құрмет мәселелері ерекше сезіледі.

3-ЖЭО отын-көлік цехының жол-құрылыс машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь Нұрбол Шамығұлов жас маман ретінде өзгерістерді тұрақтылық пен болашаққа сенімділікті нығайтудың маңызды қадамы деп қабылдайтынын атап өтті:
– Менің ойымша, жаңартулар қоғамдағы еңбек адамының рөлін арттыруға бағытталған. Бұл мен үшін қосымша кепілдіктер және жұмысшылардың құқықтары мемлекеттің қорғауында екенін түсіну, – деп бөлісті ол.

Талқылау барысында қызметкерлер мемлекет пен қоғам арасындағы ашық өзара іс-қимылдың, құқықтық мәдениетті дамытудың және барлық тараптардың жауапкершілігін күшейтудің маңыздылығы туралы сөз қозғады.
3-ЖЭО химия цехының бастығы Индира Сүлейменова өндірістік ұжымдар үшін еңбек қатынастары мен ашықтықты нығайтуға бағытталған нормалардың үлкен маңызы бар екенін атап өтті:
– Энергетика саласы үшін тұрақтылық, тәртіп және жауапкершілікті нақты түсіну өте маңызды. Өзгерістер жұмыс берушілер, еңбек ұжымдары мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл үшін жағдай жасайды, – деді ол.
Кездесулерге қатысушылар тең мүмкіндіктер және әйелдердің өндірістегі рөлі мәселелеріне ерекше назар аударды.

3-ЖЭО химия цехының 4-разрядты химиялық талдау лаборанты Жанна Керімбaeвa жаңартылған ережелер өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдерге қосымша сенімділік беретінін атап өтті:
– Бүгінде әйелдер ерлермен тең дәрежеде, оның ішінде күрделі өндірістік учаскелерде де еңбек етеді. Қауіпсіз еңбек, әрбір қызметкерге құрмет және тең қарым-қатынас үшін жағдай жасалып жатқанын түсіну маңызды, – деді ол.
Өткізілген кездесулер пікір алмасудың ашық алаңына айналды және АлЭС қызметкерлерінің елімізде болып жатқан өзгерістерге мұқият қарайтынын, мемлекеттің дамуын еңбек адамына құрметпен, тұрақтылықпен және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен байланыстыратынын тағы бір көрсетті.