Көктем бізден басталады: «АлЭС» АҚ-дағы тазалық апталығы
«АлЭС» АҚ-дағы Көктем – ол тек табиғаттың жаңаруы ғана емес, саналы іс-әрекет уақыты. «Наурызнама – Digital Nauryz» және «Тазару күні» – тазалық пен экологиялық мәдениет күні аясында өткен тазалық апталығы компанияның негізгі құндылықтарын – жауапкершілік, бірлік пен қоршаған ортаға құрметті көрсететін шараға айналды.

«АлЭС» АҚ-тағы көктем – тек маусым ауысу ғана емес. Бұл – айналамыздағы әлемді өз қолымызбен жақсартуға деген ұмтылыс.

– Айналамызды тазалай отырып біз көктемді шақырып жатқандай сезінеміз. Осының арқасында айналамыз ғана емес, ішкі әлеміміз де жарықтана түседі, – деп бөлісті 3-ЖЭО Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Светлана Ермолина.
Таңертеңнен бастап өндірістік алаңдар қозғалысқа толы: қолдарда тырмалар, қаптар, бақша құралдары, ал көңілде – жеңілдік пен ортақ іс-әрекет рухы. Ұжымдар өткен жылғы жапырақтарды жинап, газондар мен жолдарды ретке келтіріп, ағаштарды әктеп, гүлзарларды дайындай бастайды сол кезде алдыңдағы кеңістік көзге көрінерлік өзгере бастайды.

– Таза, реттелген алаңды көргенде, осы іс-әрекеттің барлығы бекер емес екенін түсінесің. Бұл – біздің еңбегіміз, біздің үлесіміз, – деп бөлісті Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженері Елена Давыдова.
Биыл тазалық апталығына компанияның 160-тен астам қызметкері қатысып, шамамен 3 000 шаршы метр аумақ тазаланды, 10 тоннаға жуық қоқыс пен құрғақ жапырақ жиналып, шығарылды. Алайда осы сандардың артында тек жұмыс көлемі ғана емес, бұл істі бірге жасап, өмірлік энергиясын бөлісіп жүрген адамдардың тірі энергиясы жатыр.

– Мұнда қызметтік лауазымға қарамастан бәрі бірдей – бәрі бірге, бәрі бір істі жасайды. Бұл өте біріктіретін әсер береді, – деп атап өтті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО БжТҚЦ бастығы Дүсенғали Солтанбаев.

Мұндай күндер ерекше жылы болып өтеді. Бірі әріптесіне көмектессе, бірі әзіл айтып, бірі күн мен қарым-қатынастан ләззат алады. Міне, осы шынайы, қарапайым өзара әрекеттестік – ең басты құндылық.
– Біз күн сайын бірге жұмыс істейміз, бірақ дәл осындай сәттерде біз шын мәнінде бір команда екенімізді сезінеміз, – деп бөлісті БЖК ӨТБ аға инженері Денис Охман.

«АлЭС» АҚ-дағы тазалық апталығы – бұл қалыптасқан дәстүр, онда жауапкершілік пен адалдық үйлеседі. Бұл – өз еңбегіне, жұмыс істейтін жеріне және қасыңдағы адамдарға деген құрметтің көрінісі.
– Тазалық бұйрық беруден емес, ішкі ниеттен басталады. Мүмкін, дәл сондықтан да мұндай іс-шаралар әрдайым осындай көңіл-күймен өтеді, – дейді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Зоя Арзюкова.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық бәрінен бұрын бізге қажет. Оған жарлықпен немесе өкіммен қол жеткізу мүмкін емес. Тазалық біздің халқымыздың әдетіне, содан кейін өзіне тән қасиетіне айналуы тиіс» – деп бекер айтқан жоқ.

Ал «АлЭС» АҚ-да да бұл тек сөз ғана емес – бұл нақты тәжірибе, мұнда көктем шынымен де адамдардан басталады.