Кітап сөреңізде не бар?
Қаңтар айының аязды күні «АлЭС» АҚ-ның кітап сүйерлер тобы «CoffeeVarka» кофеханасында шай мен кофе ішіп, оқыған кітаптарын талқылау үшін бейресми жағдайда жиналды. Осындай ортада әр қатысушы өзінің жақсы көретін және сүйіп оқитын кітабымен, сюжеттермен, эмоциялармен және авторлар тізімімен бөлісуі бірін – бірі өзара байытып, әдеби қызығушылықты арттырды. Нәтижесінде кездесу мен талқылау аясы кеңейді, алдағы уақытта бірлесіп айдың кітабын таңдап, оқып, содан кейін жиналып, оны талқылау мақсатында «Кітап сүйерлер» клубының идеясы пайда болды.
Жақында кітап сүйер қауымнығ кезекті кездесуі өтті. Онда Шығыс пен Батыстың мотивтерін біріктірген махаббат және түсінбеушілік туралы түрік жазушысы Элиф Шафактың «Честь» романы талқыланды. Тақырып біздің қоғамға өте жақын, сондықтан пікірталас қызу және қызықты болды.
«Біз аталған клуб құрылғаннан бері 9 кітапты қалай оқып, бірге талқылағанымызды өзіміз де байқамаппыз», – дейді Адам ресурстары басқармасының Кадрлар бөлімінің бас маманы Дина Қарабалина. – Осы кезеңде біз американдық, британдық, түрік, ирланд жазушыларының шығармаларымен таныстық. Жаңа кітап – бұл жаңа көзқарас, жаңа көкжиек, өмір, дәстүрлер, проблемалар, қуаныштар, кеңестер, кейіпкерлердің ашылуы. Қатысушылардың бірі автор туралы, ал екіншісі оның туынлысы туралы оқығаннан кейін кітап клубының форматы өте ұнайды. Содан кейін әрқайсымыз кітаптан алған өз «дәмімізбен» бөлісеміз».
Қазірдің өзінде оқылған кітаптың тізімінде: ауған текті американдық жазушы Халед Хоссейнидің «Тысяч сияющих солнц»; әйгілі француз жазушысы, драматург Франсуа Саганның «Немного Солнца в холодной воде»; американдық жазушы, редактор Мэри Энн Шаффердің «Клуб любителей книги и пирогов»; американдық жазушы, соғыс тілшісі, Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз»; американдық жазушы, философ және ұшқыш Ричард Бахтың «Чайка по имени Джонатан Ливингстон» және тағы басқалар.
«Мен кітап клубына қуана қосылдым және бұл керемет тәжірибе! – Адам ресурстары басқармасы Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бас маманы Айзада Тлеухан өз әсерімен бөлісті. – Маған пікірлес адамдармен қарым-қатынас атмосферасы ұнайды, онда әркім оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісе алады. Клубтың арқасында мен көкжиегімді кеңейтіп, көптеген жаңа авторлар мен шығармалар туралы білдім. «АлЭС» жаңалықтары» корпоративтік газетінде кітап сүйер қауымға арналған арнайы айдар бар, онда ай сайын оқуға ұсынатын кітаптар туралы баяндалады».
«Кітап сүйерлер» – бұл әдебиетті қызықты талқылайтын орта, – деп «CoffeeVarka» кофеханасындағы тұрақты әдеби кездесулерді сипаттайды Гаухар Темірова, Адам ресурстары басқармасының Қызметкерлерді даярлау бөлімінің маманы.
«Клубтың алғашқы кездесуінде мен биылғы жылы 12 кітап оқуды мақсат тұттым, клубтың арқасында 9 кітап оқыдым. Кітап клубы мүлдем басқа пікірді тыңдауға және оқығаныңызға басқа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біздің пікірталастарымыз өз ойымызды нақты айтуды, оны қорғауды және пікірталас жүргізуді үйренуге көмектеседі», – деп қорытындылады Гаухар.
Осындай клубты Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО өндірістік департаментінде әуесқойлар құрды, идеяға қызығушылық танытқандардың көбеюі жақын арада «АлЭС» АҚ-ның басқа да өндірістік департаменттерінде осындай клубтардың пайда болуына игі әсері болатынына сенімдіміз. Себебі «Кітап сүйерлер» клубы қазіргі цифрлық дәуірде – қағаз кітапты ортаға қайтара алды, ең бастысы үлкен талғаммен жақсы әдебиетті – классиктерді де, заманауи әдебиеттерді де санады, мұқият,
түсіне оқу. Оқу – демалыс, рухани ләззат алу, ой – өрісіңді кеңейту, өзіңді, басқа адамдарды түсінудің ғажап мүмкіндігі. Алайда, бүгінде осы мүмкіндікті пайдаланатын, мойындайтын көпшіліктің қатары сирек екені байқалады …