КАЛИЕВ БАУЫРЖАН БОЛАТОВИЧ

КАЛИЕВ БАУЫРЖАН БОЛАТОВИЧ

Туған күні – 11.11.1982ж.

Азаматтығы – Қазақстан Республикасы

Білімі – жоғары:

Алматы энергетика және байланыс институты, мамандығы: жылу электр станциялары, біліктілігі: инженер-жылу энергетигі, бітірген жылы: 2006 ж.

Алматы энергетика және байланыс университеті, мамандығы: тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, біліктілігі: техника ғылымдарының магистрі, бітірген жылы 2019 ж.

Аффилиирленген компаниялардың тиесілі акцияларының саны мен үлесі – жоқ

Жұмыс тәжірибесі:

2024 жылғы 13 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «АлЭС» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженер;
11.2023 ж. бастап 06.2024 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО директоры;
04.2019 ж. бастап 11.2023 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО бас инженері;
01.2017 ж. бастап 04.2019 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО баптау және табиғатты қорғау қызметі цехының бастығы;
01.2016 ж. бастап 01.2017 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО электр станциясының ауысым бастығы;
12.2009 ж. бастап 01.2016 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО турбиналық цехының турбиналық бөлімшесінің 7-разрядты аға машинисі;
08.2009 ж. бастап 11.2009 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО турбиналық цехының турбина бөлімшесінің аға машинисі 8-гр.кв.;
01.2008 ж. бастап 08.2009 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО турбиналық цехының ОЖБҚ машинисі 7 гр.кв.;
12.2007 ж. бастап 01.2008 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО турбиналық цехының турбиналық жабдықтарының машинист-қараушы 5 гр.кв.;
08.2006 ж. бастап 12.2007 ж. дейін – «АлЭС» АҚ 2-ЖЭО турбиналық цехының турбиналық жабдық бойынша машинист-қараушы 4 гр.кв;

Марапаттары:

2008 ж. – энергетиктер күніне орай «АлЭС» АҚ-ның алғысы;
2017 ж. – энергетиктер күніне орай «АлЭС» АҚ-ның алғысы;
2020 ж. – энергетиктер күніне орай «Құрметті энергетик. Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» атағы берілді;
2022 ж. – тәлімгер ретінде «Жас Өркен» бағдарламасын іске асыруға әрекеттестік және оған қосқан үлесі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның алғыс хаты;
2022 ж. – Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің төсбелгісі;
2022 ж. – энергетиктер күніне орай Алатау ауданы әкімдігінің алғыс хаты.

Қоғамда жауап беретін мәселелер шеңбері:

Қоғам қызметінің мынадай бағыттары бойынша жұмыстардың, құжат айналымы мен есептіліктің сапасы мен уақтылығына басшылық жасайды, бақылауды жүзеге асырады:
1) өндірістік департаменттердің электр және жылу энергиясын өндіруін және босатуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) нарықтық экономика жағдайында Қоғамның техникалық саясаты мен техникалық даму бағыттарын, қолданыстағы өндірісті қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру жолдарын, өндірісті перспективаға мамандандыру деңгейін айқындау;
3) өндірістің техникалық даярлығының қажетті деңгейін және оның тұрақты өсуін қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігі мен еңбек өнімділігін, өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалануды, өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
4) Қоғамның энергетикалық жабдықтарын, ғимараттарын, құрылыстары мен инженерлік коммуникацияларын уақтылы және сапалы жөндеуді ұйымдастыруды, жаңғыртуды бақылау;
5) ғылыми-зерттеу, жобалау (конструкторлық және технологикалық) ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен өндірістің жаңа техникасы мен технологиясын, кәсіпорынды, оның бөлімшелерін қайта құру жобаларын әзірлеуге, жабдықты жаңартуға және жаңғыртуға, өндірістік процестерді кешенді механикаландыруға және автоматтандыруға, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін әзірлеуге арналған шарттарды қарауды және келісуді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың әзірленуіне бақылауды жүзеге асыру, техникалық қайта жарақтандыру жобаларын қарауды және енгізуді ұйымдастыру, сатып алуға өтінімдер жасау; жаңа техника мен технологияны енгізу жоспарларын әзірлеу мен іске асыруды ұйымдастыру, жобалық шешімдердің тиімділігін қамтамасыз ету, ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
6) өндірістік департаменттерде техникалық қызметтер мен тарифтік-біліктілік комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, олардың жұмыс нәтижелерін, бағынысты бөлімшелердегі еңбек және өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылау;
7) Қоғам қызметкерлерін дайындау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша қызметкерлерді дайынау бөлімінің жұмысын үйлестіру;
8) өнімді біріздендіру, стандарттау және сертификаттау, жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру, метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру;
9) техникалық құжаттаманы (сызбаларды, ерекшеліктерді, техникалық шарттарды, технологиялық карталарды) уақтылы дайындауды қамтамасыз ету;
10) Қоғамдағы оңтайландыру жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
11) өз құзыреті шегінде нұсқаулар шығару;
12) Қоғам Басқармасы Төрағасының бұйрықтарында, Қоғам Басқармасы мен Директорлар кеңесінің шешімдерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Жұмысын басқарады және бақылайды:

  • Техникалық басқарма;
  • Диспетчерлік басқарма;
  • ЭКЕАЖ, метрология және байланыс басқармасы.
  • Пайдалану және жөндеулер департаменті:
    – Пайдалану басқармасы;
    – Жөндеулер басқармасы;
    – Мердігерлік жұмыстар басқармасы.

Басқарма Төрағасының орынбасары – Бас инженердің функционалдық бағынысында өндірістік міндеттер мен функциялар бөлігіне қатысты Қоғамның өндірістік департаменттерінің директорлары мен бас инженерлері болады.