Ішкі тәртіп – жұмыстағы реттілік
Артқа
07.08.2025

Ішкі тәртіп – жұмыстағы реттілік

Каскад ГЭС жабдықтарын пайдалануды ұйымдастыру және жөндеу жөніндегі инженері
Евгений Краснощёковтің тарихы

Кейде жол бізді саналы таңдауымыздан әлдеқайда ерте таңдайды. Евгений Краснощёков энергия саласына тағдырдың бұйрығымен келгенін мойындайды. Оның аталары Каскад ГЭС-те еңбек еткен, ал өзі бастапқыда осы жолды таңдай қоймағанымен, шешім алдын ала жазылған екен. Қазір 11 жылдық еңбек тәжірибесін есепке ала отырып, Евгений өз таңдауын дұрыс деп санайды.

– Алғашқы күні ұжым мені өте жылы қарсы алды. Сол сәтте мен өмірімде маңызды жаңа тарау басталғанын аңғармадым. Бүгінгі күні мен білетін барлық нәрсе – кездескен керемет адамдардың арқасында, – дейді Евгений. Олардың арасында С.В. Виницкий, С.В. Киселёв, Т.Ф. Нестеренко, С.Ф. Попов, А.М. Ермұрзаев, Т.К. Көшкінбаев бар – олар менің тәлімгерлерім, ұстаздарым, үлгі тұтар адамдарым.

Каскад ГЭС-ті ол өзінің екінші отбасысы ретінде санайды. Мұнда барлығы: бас инженерден бастап, қарапайым слесарьға дейін үлкен құрметке ие. «Каскадқа келу – ол үлкен және шынайы нәрсенің бір бөлшегі болу. Оған ғашық болмау мүмкін емес».

Ол релелік қорғаныс жөніндегі инженер ретінде жұмысын бастаған, кейін метрологияға ауысты, одан кейін оперативтік қызметке өтті. Қазір ЖПТ тобында жөндеу жөніндегі инженері болып қызмет атқарады. Оның артында көп жылдық тәжірибе және апатты жағдайлардағы жұмыс жатыр. Оның ең қиын сәттерінің бірі – 2021 жылғы 5 наурыздағы апат, сол кезде Каскад энергетикалық жүйеден ажырап, барлық тоғыз станция тоқтады. Евгений кезекшілікте болды. Қалпына келтіру жұмысы бір тәулікке созылды, бірақ ұжым тоғыз станцияны қайта іске қосты. «Сол кезде бас инженер Т.К. Көшкінбаев жеке өзі бас қалқанға келген болатын. Бұл маған сынақ та, үлкен қолдау да болды».

Энергетикада ең бастысы – тәртіп пен қауіпсіздік. Бұл тек жабдықтарға ғана емес, сонымен қатар адамдардың өміріне де байланысты. Әрқайсымызды үйде отбасы күтіп отыр. Сондықтан еңбекті қорғау қағидаларын қатаң сақтау керек, – дейді Евгений.

– Жұмысты ақылмен де, жаныммен де істеймін. Агрегатты жөндеп, тексеріп, іске қосқанда бәрі дұрыс жұмыс істесе – бұл нағыз қанағат. Ең маңыздысы – жұмыстың апатсыз өтуі.

Евгений спорттан да шет қалмайды – ол Каскад пен АлЭС командалары атынан баскетбол жарыстарына қатысады. Оның айтуынша, спорт адамдарды жақындастырады, күш береді және басқа департаменттерден достар табуға көмектеседі.

Өмірде Евгений – қағидаттарға берік адам. Тік мінезді, мақсатшыл, «айналма жолдарды» ұнатпайды. Барлығы адал әрі нақты болуы керек деп есептейді. Таңғы дене шынықтыруды, күн тәртібінің дәлдігін, классикалық әдебиеттерді оқығанды ұнатады – әсіресе Булгаков пен Маяковскийді. Кейде шабыты келгенде – жан рахаты үшін өлең де жазады.

Евгенийге шабыт беретін – ол отбасы. Үйінде оны сүйікті қызы мен анасы күтіп отырады. «Анам – өмірімдегі ең қымбат адамым. Ол мені еш себепсіз жақсы көреді, әрдайым демеп жүреді, шексіз сенеді», – дейді Евгений. Жақында қызы балабақшада: «Әкең кім боп жұмыс істейді?» деген сұраққа: «Менің әкем – винегретик!» деп жауап берген. «Демек, біз тек энергетик қана емеспіз – біз винегретикпіз», – дейді ол күліп.

– Егер өткенге қайта оралу мүмкін болса да, мен ештеңені өзгертпес едім. Энергетикаға, өз ұжымыма және мені қолдаған адамдарға алғысым шексіз. Арманым – бір күні бас инженер болу. Ал қазірше – жұмысымды адал, бар жан-тәніммен атқарып жүрмін. Себебі мен үшін ең дұрыс жол – осы. Басқаша мен істей алмаймын.

Бейнені қараңыз https://www.youtube.com/watch?v=zEC9y_05Vvo