Гуля Жақаева: 2-ЖЭО-ның жаны және ұжым дауысы
Артқа
03.03.2025

Гуля Жақаева: 2-ЖЭО-ның жаны және ұжым дауысы

Жарық пен жылу туралы балалық шақтағы арманның көшбасшылық және адалдық хикаясына айналуы

А. Жақұтов атындағы 2-ЖЭО – бұл жәй ғана стратегиялық нысан емес, ол тұрақтылық пен жаңарудың символы. Сейсмикалық қауіпсіздік үшін 12 метрге тереңдетілген станция дәстүрлерді озық технологиялармен үйлестіре отырып, ондаған жылдар бойы Алматы өңірін жылу және жарықпен қамтамасыз етіп келеді. Станцияның басты күші – адамдар. Олардың арасында – өмір жолы А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО тарихымен ұштасқан, кәсіподақ көшбасшысы Гуля Жақаева да бар.

– Мұнда барлығы жанын салып жұмыс атқаратын мамандардың арқасы», – дейді Гуля Базарбайқызы. Дәл осы адамдар, олардың еңбегі мен ұйымшылдығы ол үшін шабыт болды.

Гуля Жақаева 2-ЖЭО-ға 2000 жылдары, еңбек жолын аппратураны жөндеу жөніндегі электр монтерінен бастады. Оның алғашқы тәлімгері Нурлан Тауфикұлы Мұхамед-Рахимов, тәлімгері техникалық қыр-сырды ғана емес, ұжымды бағалауды да үйретті. «Ол энергетика тек сызбалар ғана емес, сонымен қатар жақын адамдар үшін жауапкершілік екенін көрсетті», – деп еске алады.

Оның еңбек жолы – табандылық хикаясынан құралған. Электр монтерден Кадрлар бөлімінің инспекторы, одан кейін – метрологиялық қызметтің инженері. Тіпті бала күтіміне байланысты демалысы да кедергі бола алмады: демалыстан шыға салып Гуля Базарбайқызы жұмысқа кірісіп, 2022 жылы кәсіподақ комитетінің төрағасы болды. «2-ЖЭО тұрақтылығы әрдайым тартымды еді. Мұнда мен отбасым мен өмірлік ісімнің арасындағы тепе-теңдікті таптым», – деп шынайы ойымен бөлісті.

2020 жыл күшімді сынаған жыл болды. Карантин кезінде 2-ЖЭО ұжымымен бірге Гуля Базарбайқызы да станцияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. «Бізге мыңдаған адамның тәуелді екенін түсіндік. Бұл бізді барлық нұсқаулықтардан да артық біріктірді», – дейді ол. Сол кезде жабдықты ауқымды жаңғырту басталды – Гуля Жақаева «тарихи» деп атайтын жоба.

 

Кәсіподақ көшбасшысы ретінде Гуля Базарбайқызы еңбек қауіпсіздігінен бастап мерекелерді ұйымдастыруға дейінгі мәселелерді шешеді. Оның ұстанымы: «Ұжымның мүдделері жеке мүдделерден жоғары». Ол адамдарды біріктіріп, сенімді орта құра алғанын мақтан тұтады. «Әріптестер сенімі – мен үшін ең құнды сыйлық», – деп күлімсіреді ол.

Гуля Жақаева үшін жұмыс пен отбасы біртұтас. Ата-анасы оған еңбекқорлықты үйретті, ал «Сенің артыңнан ақталуға тура келмейтіндей жұмыс істе» – деген әкесінің кеңесі – өмірлік ұстанымына айналды. Үйде оны бай-аталарының
мөрі мен әжелерінің әшекейлері отбасылық жәдігерлерін тапсыруды армандайтын қыздары күтеді. «Бұл да біздің станция сияқты, ұрпақтар
байланысы», – деп түсіндіреді ол.

 

 

 

 

Гуля Базарбайқызының кеңестері: өз ішіндегі жарықты қалай жағамыз:
– энергетиктерге: «Үйренуге қорықпаңдар. Технологиялар ауысып жатады, алайда мәні – жауапкершілік болып қала береді»;
– жастарға: «Пайдалы болатын мамандық іздеңдер. Энергетика – ол әлемді қозғаушы күш»;
– әріптестерге: «Бір-біріңді бағалаңдар. Әр киловаттың артында ұжым еңбегі тұрады».

«Ең бастысы – үйлерде үнемі жарық пен жылу болу үшін, мақсатқа ұмтылу», – деп қайталайды Гуля Базарбайқызы. Ол үшін бұл ұран емес, өмірінің мәні.

Гуля Жақаева – жігерлі көшбасшылықтың көрінісі. Оның хикаясы тіпті гигаватт пен турбиналар әлемінде де бастысы – адам жылулығы екенін дәлелдейді. «Еш бір таңдауыма өкінбеймін. Энергетика – менің тағдырым», – дейді ол. Және оның жанарында өзінің қалаға сыйлайтын жарық шоғы көрінеді.