Еңбек энергиясы: ХЕҰ маманы АлЭС-ке келді
Артқа
03.11.2025

Еңбек энергиясы: ХЕҰ маманы АлЭС-ке келді

Жұмысшы мамандықтар жылы Қазақстанға Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін халықаралық еңбек ұйымы бюросының (ХЕҰ) еңбек қызметі жөніндегі бас маманы Гоча Александрия келді. Сапары аясында ол «АлЭС» АҚ-да болып, А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО және «Энергожөндеу» ӨЖК еңбек ұжымдары кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді, станцияның әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы бірқатар объектілерін аралап көрді.

«Энергия» жергілікті кәсіподағы» ҚБ атап өткендей, кездесу барысында Александрия мырза ұйымның тарихы мен қызметі туралы айтып берді, сондай-ақ БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі болып табылатын ХЕҚ-ның 10 негізгі конвенциясын еске салды. Бұл 10 конвенция халықаралық еңбек саясатының негізі болып табылады, жұмыскерлердің негізгі құқықтарын реттейді және бірлестік бостандығы, ұжымдық келіссөздер, мәжбүрлі еңбек, балалар еңбегін жою және кемсітушілікке жол бермеу туралы ережелерді қамтиды.

Осы аталған конвенциялардың ішіндегі ең маңыздысы 1958 жылы қабылданған, онда нәсіліне, жынысына, дініне, саяси сенімдеріне және басқа санаттарға байланысты кемсітуге тыйым салады. Тағы бірі, 1949 жылы ертеректе қабылданғанында – «Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығының принциптерін қолдану туралы» – жұмыскерлердің ұйымдарды құру құқығына араласудан қорғайды және ұжымдық келіссөздердің дамуына ықпал етеді. 1951 жылы қабылданған конвенцияда «Ерлер мен әйелдердің бірдей құнды еңбегі үшін бірдей сыйақы туралы» бірдей құнды еңбек үшін бірдей ақы төлеу қағидатын белгілейді.

Өз кезегінде «Энергия» кәсіподағының өкілдері қонақты қабылданған және қолданыстағы «АлЭС» АҚҰ жымдық шартымен таныстырды. Бұл құжаттың алғашқы редакциясына 2007 жылы, яғни «Алматы электр станциялары» АҚ қызметі басталғанда ақ қол қойылған. Сол кезден бастап әлеуметтік әріптестік тараптары-жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында, олардың айнымас өкілі – «Энергия» жергілікті кәсіподағы» ҚБ-да Ұжымдық шарттың 8 редакциясы жасалыпты.

«Осы жылдар ішінде Тараптар Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық және өңірлік келісімдерге ғана емес, сондай-ақ Ұжымдық шарттың бұрын жасалған редакцияларының талаптарымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпау қағидатын сақтап, берік ұстанды», – деп атап өтті А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО кәсіподақ басшысы Гуля Жақаева.

«2025-2028 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың» қолданыстағы сегізінші редакциясын екі жақты комиссия қабылдады және 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Комиссия жұмыскерлердің өкілдерінен – бұл «АлЭС» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің кәсіподақ комитеттерінің 8 төрағасынан және жұмыс берушінің өкілдерінен – қызмет бағыттары бойынша Басқарма Төрағасы Ерік Маширов бастаған 8 басшыдан тепе-тең негізде құрылады. Құжат «Алматы қаласының еңбек инспекциясы басқармасы» КММ мониторинг және есептік тіркеу рәсімінен өтті.

Ұжымдық шартының жаңа редакциясында Ұжымдық шарттың бұрынғы редакциясымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның еңбек заңнамасымен, бас, салалық және өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын жақсартатын бірқатар жаңа нормаларды қамтиды. Бұл ретте еңбек қатынастарын жақсартатын Ұжымдық шарттың өзгерістері мен толықтыруларын іске асыруға жұмсалатын шығындардың жалпы сомасы «АлЭС» АҚ үшін жылдық есепте 400 миллион теңгеден асады».

Энергетиктер Қазақстандағы үздіктердің бірі ретінде бірнеше рет атап өтілген өздерінің Ұжымдық шартымен мақтана алады. Одан да маңыздысы, бұл қолданыстағы құжат, оның шеңберінде «АлЭС» АҚ-да еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қолдаудың нақты жақсартулары орын алуда. Бұл туралы ХЕҰ өкілімен кездесу барысында да айтылды. Компанияда барлық өндірістік объектілерде әлеуметтік-тұрмыстық орын-жайларды абаттандыру қарқынды жүріп жатыр: жұмыс асханалары, тұрмыстық орын-жайлар, санитарлық тораптар, спорт алаңдары салынуда немесе абаттандырылуда. Жөндеудің жалпы ауданы 21 мың шаршы метрден асты. ХЕҰ бас маманы Гоча Александрия сонымен қатар бірқатар жаңартылған орын-жайлар мен ғимараттарды көріп, таныса алды.

Г.Александрия мырзаға сондай ақ жыл басында басталған АлЭС жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба туралы айтылды. Осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 853 млн теңгеден асты. Пилоттық жоба аясында жоспарланған 2 873 адамнан 2 548 жұмыскер тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Компанияда жұмыскерлерді материалдық көтермелеу, өтемақы, әлеуметтік және емдеу-сауықтыру қолдау туралы ереже әзірленіп, іске асырылуда. 2025 жылы энергетиктер отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі іске қосылды. 2025 жылдың қазан айында барлық құжатты жинау, іріктеу кезеңдерінен өткеннен кейін компанияның энергетиктері үшін 38 пәтер сатып алынды. Бұл отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешіп қана қоймай, компаниядағы кадрларды тұрақтандырады. Жас мамандардың кәсіби өсуіне қамқорлық жасау да маңызды мәселе болып табылады. Сондай-ақ, қонаққа көп сатылы оқыту бағдарламасы, кадрлардың біліктілігін арттыру туралы айтылды. Осы мақсатта жеке персоналды даярлау орталығы құрылды, бейінді білім беру мекемелерімен шарттар жасалды.

Үстіміздегі жылдың үш тоқсанында 6531 жұмыскер оқытылды.Оның ішінде 2190 адам кәсіптік оқудан өтті, 4341 адам сыртқы ұйымдарда біліктілігін арттырды.

Компанияда атап өткендей, ХЕҰ өкілі А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ға бару барысында және энергетиктермен кездесу барысындаеңбекті қорғау саясатын іске асыру және жұмыскерлердің құқығын сақтау туралыөз әсерін қалыптастыра алды. Г.Александрия мырза қоштасарда адам қауіпті және зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істемеуі керек екенін атап өтті және АлЭС-те жұмыскерлердің қауіпсіз жұмысы мен демалысы үшін барлық жағдайды жасау үшін үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.