Энергия қамқорлығы: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қызметкерлері Сейфуллин даңғылына көктемгі тазалық сыйлады
Артқа
12.03.2025

Энергия қамқорлығы: Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО қызметкерлері Сейфуллин даңғылына көктемгі тазалық сыйлады

Жаңару мен бірлікті бейнелейтін Наурыз мерекесі қарсаңында 1-ЖЭО ұжымы туған қалаға деген қамқорлық жасау – бұл жай ғана сөз емес, сонымен қатар ортақ күш-жігер екеніндігін дәлелдеді. «Наурызнама» онкүндігі аясында энергетиктер сенбілікке шығып, Сейфуллин даңғылын тазалық үлгісіне айналдырды.

Көктемгі күн сәулесінің астында департамент қызметкерлерінің тату командасы іске кірісті. Олар тырмалармен, қаптармен және ынталылықпен қаруланып, қыстан қалған құрғақ жапырақтарды мұқият тазалап, тұрмыстық қоқыстарды жинап, көгалдарды ретке келтірді. Санаулы сағаттардың ішінде даңғыл жаңа бояулармен боялып, ал оның жаяужолдары айтарлықтай ашық, әрі кең болып қалды.

– Бәріміз бір үлкен отбасы сиақты бірге жұмыс істедік, – деп өз әсерлерімен бөлісті ЖАӨЦ 6-разрядты электр газымен дәнекерлеушісі Иманқұлов Аман. – Сенбілік көшенің келбетін жақсартып қана қоймай, айналамызда жайлы ортаны қалыптастырудың қаншалықты маңызды екендігін еске салды. Нәтижені көргенде, әрқайсымыздың аз ғана үлесіміз қаланың жақсы жаққа қалай өзгертетінін түсінесің!

Еңбек күнінің қорытындысы бойынша 50 қап қоқыс жиналды, яғни бұл тұтас бір ГАЗ-53 жүк машинасы! Бірақ басты нәтиже айтылған санда ғана емес, қатысушылардың мақтанышпен жарқыраған көздері мен өтіп бара жатқандардың ризашылығында болды.

1-ЖЭО бірнеше жылдан бері Наурыз мейрамының дәстүрлерін қолдап келеді, ол қоршаған орта үшін жауапкершілік кішкентайдан, яғни өз ауласын, көшесін, қаласын тазарту ниетінен басталатындығын дәлелдейді. Мұндай тәсіл командалық рухты нығайтып қана қоймай, сонымен қатар жақсы жаққа өзгеру әрқайсымыздың қолымызда деп санайтындар үшін жарқын үлгі болып табылатыны сөзсіз.

Бұл сенбілік қалалықтардың жүрегінде сүйікті Алматыны қорғауға және өзгертуге деген ұмтылысты оятатын ұшқын болсын. Өйткені, дәл осындай игі істерден нағыз көктем қалыптасады!

Бейнежазбаны қараңыз https://www.youtube.com/shorts/40kO6VDtHUY