Энергетиктердің азаматтық ұстанымы
Артқа
04.03.2026

Энергетиктердің азаматтық ұстанымы

«АлЭС» АҚ Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-да 2026 жылғы 3 және 4 наурызда алдағы республикалық референдумды талқылауға арналған жұмыскерлер жиналыстары өтті. Кездесулер станцияның барлық вахталары үшін ұйымдастырылды, бұл жұмыскерлердің ең көп санын қамтуға және әркімге ақпаратпен танысуға және қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.

Станция директоры Кәрім Сартаев референдумның маңыздылығы, оны өткізу рәсімі туралы егжей-тегжейлі айтып, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысуының маңыздылығына тоқталды. Сөз сөйлеу барысында бүкіл халықтық дауыс беру қоғамға ел дамуының маңызды мәселелері бойынша өз ұстанымын тікелей білдіруге мүмкіндік беретін негізгі тетіктердің бірі болып табылатынын айтты.

Станция жұмыскерлері талқылаудың ашықтығы мен ақпараттың қолжетімділігі азаматтарға шешім қабылдауға саналы түрде қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өндірістік-техникалық бөлімнің 1-санатты инженер-технологы Ләйлә Оразбаева азаматтар қатысуының осындай форматының маңыздылығын айтты:

– Референдум өткізу азаматтар үшін маңызды өзгерістерді талқылауға қатысу мүмкіндігі деп санаймын. Мұндай мәселелер бүкіл халықтық дауыс беруге шығарылғаны жақсы. Жоба халықтың қарауына ұсынылғаны маңызды. Әркімнің материалдармен танысуға және дауыс беру күні өз таңдауын жасауға мүмкіндігі бар. «Жақтап» немесе «қарсы» форматы өз ұстанымынды тікелей білдіруге мүмкіндік береді. Референдумға дайындық ұйымдасқан түрде өтеді, адамдарға мәселенің мәні мен дауыс беру тәртібі туралы алдын ала ақпарат беріледі, – деп атап өтті ол.

Химиялық цех бастығының орынбасары Бақыт Егізбайқызы да өз пікірімен бөлісті:

– Референдум әрбір азаматқа ұсынылған өзгерістерге өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді. Бұл формат қоғамның пікірін ескере отырып, маңызды шешімдер қабылдауға жол береді. Мен үшін мұндай бастамалардың бүкіл халықтық дауыс беруге шығарылуы маңызды. Бұл процестің ашықтығы мен азаматтардың қатысуы сезімін тудырады. Адамдар жобамен танысып, өз таңдауын жасауға мүмкіндік алды, – деді ол.

Кездесуге қатысушылардың айтуынша, еңбек ұжымдарындағы осындай талқылаулар мемлекеттік бастамалардың маңыздылығын жақсы түсінуге және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға көмектеседі. Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО жұмыскерлері референдумға қатысу азаматтық жауапкершіліктің көрінісі және қоғамдық диалогтың маңызды бөлігі екенін атап өтті.