Энергетикаға бастаған жол
Артқа
02.07.2026

Энергетикаға бастаған жол

Әр адамның сүйікті кәсібіне апарар өз жолы бар. Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС Электр машина цехының 6-разрядты электр-газ дәнекерлеушісі Мади Берікбайұлы Омаров үшін бұл ұзақ, оқиғаларға толы және бай кәсіби тәжірибе болды. 2 шілдеде станция ұжымы әріптесін 50 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Мәди Берікбайұлы Өзбекстан Республикасының Нөкіс қаласында дүниеге келіп, сол жерде мектеп бітірген. 1998 жылы отбасымен бірге тарихи Отаны – Қазақстанға қоныс аударды. Оның кәсіби жолы осы жерде басталды. Осы жылдар ішінде ол сантехник, арматурашы, ағаш ұстасы-бетоншы секілді бірнеше мамандықты меңгерді. Ал 2009 жылдан бастап өмірін дәнекерлеу ісімен байланыстырды. Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарында еңбек етіп, ауқымды жобалардың жүзеге асуына атсалысты және өз шеберлігін үнемі шыңдап отырды.

Кәсіби тұрғыдан өсуге деген ұмтылыс оның бүкіл еңбек жолында серік болды. 2021 жылы Мәди Берікбайұлы Инновациялық технологиялар колледжін «техник-технолог» мамандығы бойынша бітіріп, кейін Атырау облысының мұнай-газ саласында дәнекерлеу жөніндегі инженер ретінде тәжірибе жинақтады.

2024 жылы ол Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС ұжымына қосылды. Бүгінде мерейтой иесі әріптестері туралы ерекше жылылықпен былай дейді: «Маған станция ұжымы қатты ұнайды. Мұнда жанашыр, ниеті түзу әрі өз ісінің нағыз шеберлері жұмыс істейді. Мен олардың әрқайсысын шын жүректен бағалаймын әрі құрметтеймін».

Электромашина цехының бастығы Александр Мирошниченконың айтуынша, Мәди Берікбайұлы ұжымға тез сіңісіп кеткен. Әріптестері оны жұмысқа деген адал көзқарасы, дамуға деген құлшынысы және адамдармен ортақ тіл таба білетін қасиеті үшін құрметтейді. Станция басшылығы мерейтой иесін құттықтай отырып, оған зор денсаулық, отбасылық амандық, жан жылуы мен бақыт тіледі. «Әрбір жаңа күн қуаныш, шабыт пен жаңа жетістіктер әкелсін, ал өмірде әрдайым үйлесім, тұрақтылық пен жақын адамдардың қолдауы болсын», – деп атап өтті басшысы.

Ш.Чокин атындағы Қапшағай ГЭС ұжымы да құттықтауларға қосылады. Жүрегіңізге сіңген тәжірибеңіз бен шеберлігіңіз әлі де ұзақ жылдар бойы жұмыста сенімді тірек болсын, ал жаныңызда әрқашан жақын адамдар, адал достар мен әріптестеріңіз болсын. Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман, шаңырағыңыз шаттыққа толы болып, өмір кітабыңыздың жаңа парақтары бақытты сәттерге тола берсін!