Энергетикадағы еңбек жолыңды баста: алғашқы қадам жасалды
17 сәуір күні А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО-ға Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетінің студенттері келді. Бұл экскурсия тек өндіріс орнымен танысу ғана емес – көптеген студенттер үшін ол өздерінің кәсіби болашағын қай салада құру керек деген сұраққа жауап табылатын маңызды сәтке айналды.
«Электр энергетикасы» мен «Автоматтандыру және басқару» бағдарламалары бойынша білім алып жатқан болашақ энергетиктер саланың ауқымды жабдықтардан бастап басқару және автоматтандыру жүйелеріне дейінгі нақты жұмысының қалай жүретінін көрді. Бірақ ең бастысы – олар команданың қалай жұмыс істейтініне көз жеткізді.

Экскурсияны 2-ЖЭО өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Сергей Петрович Табакаев жүргізді. Ол студенттерді станциядағы технологиялық үдерістермен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар жұмыс ерекшеліктері, мамандарға қойылатын талаптар және компаниядағы кәсіби өсу мүмкіндіктері жөнінде де жан-жақты айтып берді. Тікелей диалогтың осындай форматы студенттерге сұрақ қоюға және кәсіпті тәжірибелік тұрғыдан тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Бүгінгі «АлЭС» – бұл заманауи өндіріс, тұрақты даму және жас мамандар үшін нақты мүмкіндіктер. Компания болашаққа жүйелі түрде инвестиция салып келеді: өндірістік алаңдарға қолжетімділік ашады, жоғары оқу орындарымен әріптестікті дамытады және кадрлық резервті қалыптастырады.

– «Қызықты өндіріс. Экскурсияны ұйымдастырған жұмыскерлерге ерекше алғысымды білдіремін!» – деп атап өтті 3-курс студенті Нұрбол Тасболатов.
Студенттердің тек бақылаушы болып қана қалмағаны маңызды нәрсе. Олар үдеріске белсенді түрде қатысады, сұрақ қояды, кәсіпті өзіне бейімдеп көреді және қай тұста пайдалы бола алатынын түсіне бастайды.
– «Біз барлығының қалай құрылғанын, жұмыскерлердің қалай жұмыс істейтінін көрдік. Көп нәрсе түсініктірек болды», – деп жалғастырды Нұрболдың курстасы Алтынбек Әскербеков.
Экскурсияның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы әрбір қатысушыға өзін өндірістік үдерістің бір бөлшегі ретінде сезінуіне мүмкіндік берді.

– Қатысушылар санының көп болғанына қарамастан, барлығы әділ әрі ыңғайлы түрде командаларға бөлінді, – деп атап өтті 3-курс студенті Ершат Жақсылықов.
Компанияға жұмыс беруші ретінде сенім дәл осылай: ашықтық, кәсібилік және тәжірибе бөлісуге дайын болу арқылы қалыптасады.
– Барлығы өте танымды болды, тағы да келгім келеді, – деді Бердібек Кенжин.
«АлЭС» – бұл кәсіби жолыңды сенімді түрде бастауға болатын орын:
✓ өңірдегі ең ірі энергетикалық нысандарда жұмыс істеу;
✓ тәжірибелі мамандардан тәлімгерлік және тәжірибе алу;
✓ сұранысқа ие салада кәсіби даму.
Мұндай кездесулер енді жай экскурсия ғана емес. Мүмкін, осы студенттердің арасынан біреуі жақын арада 2-ЖЭО-ға қонақ ретінде емес, энергетиканы өз ісі ретінде таңдаған жас маман ретінде қайта оралар.
АлЭС дамуға әзір, өзіне жауапкершілік алуға және болашақтың энергиясын жасауға ұмтылатын адамдарды күтеді.