Экология әрбір көркем сызық астарында
Артқа
01.08.2025

Экология әрбір көркем сызық астарында

«Эдельвейс» балалар лагерінде «Экология балалар көзімен» атты сурет байқауы өтті – әр баласуретіне жүрегінің бір бөлшегін салған мейірімді де әсерлі мереке. Олардың кішкентай қолдары қылқалам мен қарындашты ұстап, көздері шабыт пен айналаны жақсы жаққа өзгертуге деген сеніммен нұрланып тұрды.

Балалар суреті – бұл жай сурет қана емес. Бұл – әлемге деген артық сөзі жоқ, риясызшынайы көзқарас. Ересектерге экологиялық мәдениетті үйрену қажет болса, балалар табиғатты жүрекпен сезінеді: олар шөп үстімен жалаңаяқ жүгіріп, қар ұшқындарын ауыздарымен ұстап, өзен суының беттеріне шашырағанына мәз болып, кішкентай жануарларды сүйіспеншілікпен сипап, қуана еркелетеді. Олар үшін табиғат – қуаныш пен еркіндік, ең бақытты шақтарының бір бөлшегі.

Байқауға ұсынылған әр жұмыстың өзіндік ерекшелігі болды. Біреулер тұп-тұнық өзендер мен жайқалған жасыл ормандарды бейнелесе, енді біреулер сирек кездесетін жануарларды салды, ал тағы біреулері Жер шарын жарқыраған көк пен жасыл түстерге бөлеп көрсетті. Бұл суреттердің әрбірінде барлығы: болашаққа деген арман да, өмірге деген сүйіспеншілік те, балалық батылдық пен жақсылыққа деген сенім де анық сезіліп тұрды.

– Бала табиғатты сүюдің өзінің анасын, әкесін және Отанын сүюмен бірдей маңызды екенін түсінуі тиіс. Экологиялық мәдениет адам бойына туғаннан бастап сіңетін табиғи әдетке айналуы тиіс. Қоқыс тастамау, суды үнемдеу, пайдалы тағамдар жеу – бұл таңғыуақыттағы жуынумен тең қарапайым нәрсеге айналуы тиіс, – дейді Қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы Зоя Арзюкова.

Бүгінде экология – Қазақстан үшін жай ғана талқыланатын тақырып емес, өмірлік маңызы бар қажеттілік. Климаттың өзгеруі қазірдің өзінде сезіліп жатыр, ал болашақта балаларымызға қандай әлем қалатыны – тек өзімізге байланысты. Бұл ретте мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың:

«Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап, көркейтіп бермейді. Отанымызды таза ұстау – әр азаматтың қастерлі парызы» деген сөздері бекер айтылмаған.

Балалардың суреттеріне қарап отырып, үмітті сезінбеу мүмкін емес. Олардың әлемі әрдайым таза әрі көркем, ормандары – ну, ал өзендері – мөп-мөлдір. Сол сәтте: егер балалар жақсылыққа осынша шынайы сенсе, табиғатты сүю мен қорғауды кішкентайынан білсе – демек, жеріміздің болашағы бар екенін түсінесің.

«Экология балалардың көзімен» байқауы тек шығармашылық қуаныш сыйлап қана қойған жоқ – ол ересектерге барлық ұлы нәрсенің қарапайымнан басталатынын еске салды. Кішкентай қадаммен – қоқыс тастамау әдеті, әр жапырақтан және жаңбырдың әр тамшысынан сұлулық көре білу арқылы. Бәлкім, дәл осы суреттер балалардың жүрегіне егілген ізгіліктің дәніне айналып, уақыт өте келе мейірім гүлін жарып, оларды әлемімізді сақтауға жетелейтін шығар.