ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. «АлЭС» АҚ барлық қызметкерлерін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні мерекесімен құттықтаймын!
Әр жұмыс орнында қауіпсіз еңбек шарттарын қамтамасыз ету – «АлЭС» АҚ қызметінің негізгі басымдылығы болды және әрқашан болып қалмақ.
Осы мақсатқа жету үшін «АлЭС» АҚ-да өндірістің барлық деңгейлерінде еңбек қауіпсіздігін, қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз етуде нөлдік жарақаттануға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
«АлЭС» АҚ-да өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған цифрлық технологиялар енгізілді, онда әрбір қызметкердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптарды сақтауға өз үлесін қосуға мүмкіндігі бар.
Әрбір қызметкерге, өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін ықтимал қауіпті жағдай туындаған кезде жұмыстан бас тартуға немесе жұмысты тоқтатуға заңды құқығы бар екеніне, назар аударамын және мен өз тарапымнан қолдауыма кепілдік беремін.
Әрқайсымыз қауіпсіздік ережелерін есте сақтап, қауіпсіздік техникасын қадағалайық және еңбекті қорғаудың жаңа әдістерін үйренуге ат салысайық. Еңбекті қорғау – бұл келешек ізбасарларға беретін және өзіміз пайдаланатын маңызды білім мен дағдылар.
Тек ортақ күш-жігермен біз қауіпсіз өндіріске қол жеткізе аламыз. Баршамызға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, Қоғамның әрбір қызметкері үшін қауіпсіз және қолайлы жұмыс жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі асыл мақсатқа қол жеткізуде табыс тілеймін.
Басқарма Төрағасы Е.Маширов