Диалогтан басталатын мамандық
Артқа
23.02.2026

Диалогтан басталатын мамандық

2026 жылғы ақпан айында АлЭС өкілдері Алматыдағы бейінді университеттер мен колледж студенттерімен бірнеше кездесулер өткізді. Студенттік жастармен жұмыс қаладағы оқу орындарымен өзара әрекеттесуді бекіткен жоспар аясында жүргізіліп, саланың кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.

2026 жылғы 4 ақпанда Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО өкілдері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерімен кездесті. Бұл университетте болашақ жылу және электр энергетикасы мамандары оқиды.

– Біз үшін жас мамандардың станцияға саналы түрде келуі маңызды. Энергетика – бұл жай ғана жұмыс емес, ол қалаға деген жауапкершілік. Студенттердің қызығушылыққа толы көздерін көргенде, саланың сенімді қолдарда болатынын түсінесіз, – деді Б.Оразбаев атындағы 1-ЖЭО РҚжА жөніндегі электрмонтеріБекзат Қалелов,

6 ақпанда ALT University университетінде, ал 9 ақпанда Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында диалог өтті. Бұл кездесулерге Батыс жылу кешенінің мамандары қатысып, жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері мен инженерлік кадрларға қойылатын заманауи талаптар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

– Біз студенттерге нақты өндірістік міндеттер мен болашақ мүмкіндіктер туралы айтып бердік. Аймақ үшін жастардың ірі энергетикалық нысандар – бұл заманауи технологиялар және кәсіби өсім үшін үлкен мүмкіндіктер екендігін түсінуі өте маңызды, – деді Зарина Ромбекова, БЖК кадрлар секторының бас маманы.

2026 жылғы 10 ақпанда Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі базасында кездесу өтті. Студенттермен А.Жақұтов атындағы 2-ЖЭО кадрлар бөлімінің бастығы Азамат Мендалиев, БӨАжА инженері Ерасыл Әбіл және электр станциялар автоматикасына және өлшеу құралдарына қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі Ақсұңқар Бақтыбай сөйлесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

– Біз нақты өндірістік жағдайлар туралы айтуға тырыстық. Студенттерге қазіргі заманғы станция – бұл автоматтандыру, сандық шешімдер және жоғары дербес жауапкершілік екендігін түсіну маңызды. Тыңдаушылардың пікірлеріне қарағанда, олар күрделі жұмысқа дайын, – деп қосты Азамат Мендалиев.

2026 жылғы 17 ақпанда Адам ресурстары басқармасының өкілдері Еуразия технологиялық университетіне барса, сол күні Каскад ГЭС қызметкерлері автоматтандыру және басқару бағыттары бойынша білім алатын Алматы технологиялық университетінің студенттермен кездесу өткізді.

– Су энергетикасы дәлдік пен жүйелі ойлауды талап етеді. Студенттердің терең техникалық сұрақтар қоюы қуантады – бұл олардың тек жұмыс істеуге ғана емес, сонымен қатар дамуға да дайын екендігін көрсетеді, – деп өз әсерімен бөлісті Каскад ГЭС кадрлар секторының бас маманы Айгүл Табынбаева.

Барлық кездесулер ашық диалог форматында өтті. Студенттер практикадан өту, еңбек жағдайлары, кәсіби даму мүмкіндіктері және ірі жаңғырту жобаларына қатысу туралы сұрақтар қойды. АлЭС өкілдері бүгінгі энергетика саласына бастамашыл, техникалық тұрғыдан дайын, жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын мамандар қажет екенін атап өтті.

Ақпан айындағы кездесулер сериясы өндіріс пен білім арасындағы өзара әрекеттестіктің стратегиялық қадам екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Болашақ энергетиктердің кәсіби жолы дәл осы аудиторияларда басталады және олар болашақта қаланың орнықты дамуы мен энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ететін болады.